Қазақстанда баспа ісін ұйымдастыру тарихына шолу

0
1498
Иллюстрация: Freepik.com

1917 жылдан кейін бүкіл кеңестік республикалар сияқты Қазақ ССР-інде де кітап баспа ісін жолға қою аса қиын, қоғамдық-саяси өмірдің қайшылыққа толы жағдайында қалыптасты.

Ұлттық баспа ісінің қалыптасуына, оның нығаюына зор үлес қосқандар –
А. Байтұрсынұлы, М. Дулатұлы, Н. Төреқұлұлы, Х. Досмұхамедұлы, Ә. Бөкейханұлы, С. Сейфуллин және т. б.

Қазақ Автономиялық Республикасының мемлекеттік баспасы 1920 жылдың қарашасында ұйымдастырылды. Оны құру туралы мәселе сол жылдың 4—12 қазанында өткен Қазақ АКСР Кеңесінің Құрылтай съезінде қабылданды. Бұл съезде республика үкіметі мен мемлекеттік органдары құрылды.

Сонымен қатар съездің шешімінде: «…Ағарту комиссариатының іс-шараларын өмірге ендіру үшін Халық ағарту комиссариаты жанынан мемлекеттік баспа ұйымдастыру қажет», — деп атап көрсетілді.

1920 жылдың 3 қарашасында Қазақ Орталық Атқару Комитеті өзінің кезекті мәжілісінде ұлттық мемлекеттік баспа туралы Ереже қабылдады. Бұл құжатта баспаның құқықтары мен міндеттері айқындалды.

Ережеде былай делінді: «…бір орталықтан идеялық басшылық жасау және әдеби-баспагерлік ісі мен үгіт-насихат қызметін іске асыру, жергілікті орындарға әдебиеттер мен ақпараттық байланыстар бөлінісін реттеу мақсатында құрылды». Мемлекеттік баспа Қазақ Республикасының үкіметіне тікелей бағынышты болды.

Сөйтіп, республикада алғаш рет ресми баспа ұйымы құрылды. Баспа редакция алқасы құрамына А. Байтұрсынұлы, Ә. Бөкейханұлы, С. Садуақасов, Х. Болғанбаев, Ж. Аймауытұлы кірді.

1920 жылдың қараша айында, Қазақстанның (сол кезеңде Қырғыз (Қазақ) Автономиялық Советтік Социалистік Республикасының) бірінші астанасы болған Орынбор қаласында, мемлекеттік баспа орнының құрылуы туралы Ереже қабылданды.

Ол баспа Киргосиздат, онан кейін Казгосиздат деп аталған болған. Баспаның ұйымдастырылуы қазақ кітабы тарихының маңызды кезеңі болды. Қазіргі Қазақстандағы кітап ісінің негізі қаланды.

Дереккөз: ҚазҰУ, Ақпараттық кітапхана ісі мамандығының дәрісі

Басқа материалдар: 

  1. Отандық тележурналистика тарихы
  2. Ғұмардың ғұлама ғұмыры
  3. Қашаған Күржіманұлының өміріне байланысты тест сұрақтары
  4. Қазақ әдебиеті бойынша тақырыптық тест жинағы
  5. Тест: Ақиық ақынның өлеңдерін қаншалықты жақсы білесіз?
  6. Қазақ тілі пәні бойынша бөлімді қорытындылауға арналған тест тапсырмалары
  7. Ежелгі дәуір әдебиеті
  8. Лиро-эпостық жырлар. Халық ауыз әдебиетінің рухани қазынасы
  9. Тест: Ақиық ақынның өлеңдерін қаншалықты жақсы білесіз?

ПІКІР ҚАЛДЫРУ