Кеңіс дәуіріндегі баспа ісінің даму кезеңдері

0
736
Ұлттық қолөнер - эстетикалық тәрбиенің негізі

Қазақстанның мемлекеттік баспасы құрылуымен республикада кітап баспа ісін ұйымдастыру тарихының бірінші және анағұрлым жауапты кезеңі аяқталды.

Ол азамат соғысы мен экономикалық зардаптардың қиын жағдайларын бастан өткерді. Мемлекеттік баспаның репертуарында қазақ зиялыларының шығармалары басым орын алған.

Олар мемлекет және қоғам қайраткерлері болуымен қатар ғылымның әр саласынан кітап жазып, ұлттық баспа ісінің өсіп, өнуіне үлкен үлес қосқан, оның бастауында тұрған.

Қазақстанда 20—30 жылдар – кітап баспа ісінің күрделі кезеңдерінің бірі. Бұл кезеңде мемлекеттік жаңа баспалар ұйымдастырылды. Осы жылдары қазақтың демократиялық зиялылары, аса көрнекті өкілдері мен қоғам және мемлекет қайраткерлері ұлттық баспа ісінің іргетасын қаласты.

Ұлы Отан соғысы аяқталғаннан кейін кеңес баспалары алдында —баспа өнімдерін соғысқа дейінгі деңгейге жеткізу, білімнің көптеген салалары бойынша тұрғындардың әдебиетке деген үнемі өсіп отырған қажетін толық қанағаттандыруға қол жеткізу, халық шаруашылығын қалпына келтіруге көмектесу сияқты өте маңызды міндеттер тұрды.

Ғылымның, техниканың, мәдениеттің, білім берудің, көркем шығармашылықтың одан әрі дамуы әдебиеттің алуан түрлерін басып шығаруды едәуір көбейтуді, баспа жүйесін жетілдіруді қажет етті.

1946—1949 жылдары Қазақ ССР Ғылым академиясының баспасы, Қазақ оқу-педагогикалық баспасы, ал 1950 жылы Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасы ұйымдастырылды.

1945—1960 жылдарда қол жеткен қажырлы еңбектің, шығармашылық ізденістің арқасында республикада кітап басып шығаруды материалдық-техникалық жағынан нығайту, қолжазбаларды редакциялауда кәсіптік шеберлікке жету кезеңі болды.

Сондай-ақ, өндіріс процесстерін игеру, полиграфияға жаңа техниканы ендіру, әдебиетті нығайту – осының бәрі кейінгі онжылдықтарда республика кітап басып шығару ісіне сүйенген берік іргетасы болды.

Қазақстан кітап ісінің қызметкерлері жоғары табысқа 70-ші жылдары және 80-ші жылдардың бірінші жартысында қол жеткізді.

Дереккөз: ҚазҰУ, Ақпараттық кітапхана ісі мамандығының дәрісі

Басқа материалдар: 

  1. Отандық тележурналистика тарихы
  2. Ғұмардың ғұлама ғұмыры
  3. Қашаған Күржіманұлының өміріне байланысты тест сұрақтары
  4. Қазақ әдебиеті бойынша тақырыптық тест жинағы
  5. Тест: Ақиық ақынның өлеңдерін қаншалықты жақсы білесіз?
  6. Қазақ тілі пәні бойынша бөлімді қорытындылауға арналған тест тапсырмалары
  7. Ежелгі дәуір әдебиеті
  8. Лиро-эпостық жырлар. Халық ауыз әдебиетінің рухани қазынасы
  9. Тест: Ақиық ақынның өлеңдерін қаншалықты жақсы білесіз?

ПІКІР ҚАЛДЫРУ