Сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалар қорының жинақталуы мен жіктелуі

0
1477
Freepik.com

Негізгі сұрақтар: Сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалар қорының
жинақталуы. Сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалардың жіктелу ерекшеліктері.
Қорды қалыптастыру, мемлекеттің жазбалық тарихи-рухани мұрасын сақтау.

  1. Қазақ баспа кітабының даму тарихы
  2. Жазу мәдениеті: араб, латын, орыс алфавиттері
  3. Қазақстан баспа саласының демократияландыру кезеңі. Заманауи Қазақстан баспа саласын жүйелеу.
  4. Қазақ кітабы тарихының теориялық зерттеулері

Сирек кітаптар мен қолжазбалар ерте заманның көзіндей, бабалар сөзіндей асыл
мұра. Ол тарихымызды зерттеп, мәдениетімізді зерделеуде таптырмас асыл
құндылық. Бұл мұралар әр заманда ғалымдар, ақын- жазушылар, өз заманының
заңғар тұлғалары жазып қалдырған кітаптар мен қолжазбалар болып табылады.

Еліміздегі бай тарихи мұраларымыздың алтын қорын жинау, сақтау, оны өмірімізде
пайдаланып, насихаттап, келер ұрпаққа мұра етіп қалдыру- кітапхана ісіндегі кезек
күттірмес мәселе болып табылады. Қазақстан Республикасының Ұлттық
кітапханасы- еліміздің басқада әлем халықтарының жазба түрдегі мұраларын қорғау
және олардың баршаға бірдей еркіндігін қамтамасыз ету жолдарын қарастыруда.

Ұлттық кітапхана өзінің ғасырға жуық қызметінде Верни бұқаралық кітапхана оқу
залынан бастап, ұлттық мәлметтер қоры, инттернетке еркіндігі, мультимедиялық
басылымдары бар еліміздің ең ірі бас кітапханасына айналды. Бүгінгі күні Қазақстан
Республикасының Ұлттық кітапханасы- кітапханалық қызметтің қазіргі заманғы
орталығы, сондай- ақ барлық салалардағы ведомстволардағы кітапханалар үшін,
кітапхана ісі бойынша барлық бағытта көмек көрсететін орталық болып табылады.

Сирек кітаптар мен қолжазбалар қорын құру- Ұлттық кітапхана және Мемлекеттік
кітап қорын сақтау орталығы кұқығындағы ҚазАССР-нің Мемлекеттік көпшілік
кітапхананы құру туралы 1931ж. 12 наурызда ҚазАССР-і ОАК- нің қаулысы жарық
көргеннен кейін, XX ғ. 30-ыншы жылдарының ортасынан іске аса бастады.

Жаңадан кұрылған Мемлекеттік көпшілік кітапханаға Қазақстандағы ұйымдар мен
кітапханалардан әдебиеттер түсе бастады (Қырғыз өлкетану қоғамынан, бұрынғы
ҚазАССР Кітап палатасынан, сондай- ақ, ССРО-ның ірі кітапханаларының
алмастыру қорларындағы жеке жиналымдардан, мысалы, ССРО Мемлекеттік кітап
қорынан, Бас штаб Академиясынан фельдмаршал Д. А. Милютиннің, М.
Георгаевский- Мекленбургскийдің, Покровский- Стрешневтің кітапханалары және
т.б).

Сирек кітаптар мен қолжазбалар қоры ерекше талаптармен сақталып отырған
негізгі қордың арнайы бөлігі болып табылады. Ұлттық және халқаралық деңгейде
ғылыми, тарихи, мәдени құндылықтарды қамтитын қолжазба және баспа
басылымдары осында жиналады және сақталады.

Сирек кездесетін кітаптар кітаптың аз даналығына, басылым ерекшелігіне, безендірілуінің әсемдігіне немесе өте ертеде шыққандығымен ғана құнды болып есептелмейді. Сонымен қатар кітаптағы әр түрлі басқа таңбаларға қарай да құнды болып табылады.

Сирек құнды басылымдарды іріктеудің белгілері жайлы нұсқаудың негізі мынадай заңдар мен басқада құқықтық актлер негізінде құрылған:

  • Қазақстан  Республикасының Конституциясы (1995ж. тамыз),
  • «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының заңы (1996ж. желтоқсан 27.05.2010ж. өзгертулермен),
  • «Тарихи мәдени мұраларды пайдалану және оларды сақтау туралы» Қазақстан
    Республикасының Заңы (1992ж. 05.10.1995 ж. Өзгертулерімен),
  • Қазақстан республикасы бекіткен халқаралық келісім шарттар,
  • ЮНЕСКО-ның «Бүкіл әлемдік мұралар» халқаралық бағдарламасы,
  • ҚР бекіткен шарттар (заңдар),
  • Қазақстан Рспубликасы Ұлттық кітапханасының жарғысы.

Дереккөз: ҚазҰУ, Ақпараттық кітапхана ісі мамандығының дәрісі

Басқа материалдар: 

  1. Салалық баспалардың репертуары
  2. Отандық тележурналистика тарихы
  3. Ғұмардың ғұлама ғұмыры
  4. Қазақстандағы кітап шығару индустриясы. Полиграфиялық кәсіпорындар
  5. Құжат ұғымы және функциясы. Құжат және ақпарат туралы түсінік
  6. Құжаттардың бірегейленуі мен стандартталуы
  7. Қазақстанда баспа ісін ұйымдастыру тарихына шолу
  8. Кеңіс дәуіріндегі баспа ісінің даму кезеңдері

ПІКІР ҚАЛДЫРУ