Тәуелсіздік құт тұғырың, қазағым,
Аз болды ма бастан кешкен азабың?
Тәуесіздікті жырлаған ер Мағжаннан,
Тебірене, толғана мен ән жазамын.
Тәуелсіздік, құрметті неткен қадірлі едің?
От боп жанған жүргімде жалын ба едің?
Мың тоғыз жүз тоқсан бірінші жылдағы,
Қазағымның басына қонған бағы ма едің?
Келешекке қол бұлғайды жаңа қазақ,
Ешкімге емеспіз тәуелді, болдық азат.
Жиырма тоғыз жыл бағындырып асуларды,
Ұмтыламыз келешекке, міне, ғажап!
Сен келгелі қазағымның басына,
Болашақтың қалмаймыз көз жасына.
Алып келді, алып келді өзімен,
Құт-береке, алтын ұя ордасына.
Тәуелсіздік — мәңгі менің мақтаным,
Алашыма сыйға берген ақ таңым.
Сондықтан да Отаныммен бірге өтеді,
Алаулаған жастық жалын шақтарым.
Авторы: Ертай Әмина Әділқанқызы