«Табиғат — Ана» (балабақшаға арналған ертеңгілік)

0
9832
Дене шынықтыру

Білім беру беру саласы : «Таным»
Бөлімі: Жаратылыстану
Тақырыбы: «Табиғат — Ана»

Мақсаттары:

1.Оқыту:. оқушылардың жалпы табиғат жөніндегі түсінігін, білімдерін жетілдіру, табиғат тіршілік көзі, адамның ақыл – ойы, табиғаттың ұлы заңымен үйлесімді екенін түсіндіру;

2.Дамытушылық:  ой – өрісін кеңейту, жеке тұлғасын, тілдік, сөздік қорын, ізденісін ояту, сөйлеу дағдысын дамыту;

3.Тәрбиелік: туған табиғатты, Жер – Ананы көздің қарашығындай сақтап, қастерлеп қадірлеуге, отанды сүюге тәрбиелеу.

Педагогикалық технологиялар: түсіндіру, сұрақ – жауап.

Ресурстармен қамтамасыз ету: қанатты сөздер, табиғат суреттері, слайд, мультфильм.

Белингвалдық компанент: Табиғат – природа, жер –зеамля, су – вода, ағаш – дерево.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

Ұйымдастырушылық кезеңі:

Шаттық шеңбері

Біз әдепті баламыз,
Жайнай берсін даламыз.
Табиғатпен дос болып,
Қамқорлықпен қараймыз.

 

— Қазір жылдың қай мезгілі?

— Неше ай бар?

— Қазір қандай ай?
Негізгі кезең:

— Балалар сендер қай елде тұрасыңдар?
— Қазақстанда.
— Қазақстан елінің табиғаты бай және ерекше. Оған көз жеткізгілеріңіз келсе теледидарға назар аударыңдар. (Бейнебаян көрсетіледі)
Балалардың жауаптары:

— Бізде кең байтақ дала да, шалқыған өзен – көлдер де, жайқалған орман да, асқар биік таулар да бар. Ұлан байтақ жерімізде аңдар мен құстар мекендейді.

«Табиғатты аялайық» ойыны
Әр бала тірі табиғат түрлерін плакатқа жапсырып, табиғат көрінісін бейнелей отырып, тиым сөздер айту.

Жасыл шөпті жұлуға болмайды, ол біздің жерімізге көрік береді.

Ағашты кесуге болмайды, ол бізге таза ауа береді.
Суды ластауға болмайды, сусыз өмір жоқ.
Күнімізді бұлт баспасын.

Асқар тауларымыз биік болсын.
Гүлді жұлуға болмайды, гүлді аялау керек.
Көбелекті өлтірмеңдер, ол — әдемілік белгісі.
Құсты атуға болмайды, құс — адамның досы.
Аңдарды қорғауымыз керек, олар біздің байлығымыз.
Аққуды атуға болмайды, ол сұлулық белгісі.

— Балалар, енді орнымызға жайғасайық.Денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар.

   Әңгімелеу. «Табиғат — Ана».
   Табиғат – Ананың Жер, Су, Ағаш деген үш ұлы болыпты. Олар өте ақылды, мейірімді екен. Табиғат — Ана бір күні ұлдарын шақырып алып:

— Адамдарға көп қызмет еткен ұлыма үлкен сый тартамын, — деп уәде береді.
Сонда ұлдары анасының айтқанына қуанып келісіп, адамдарға жақсылық жасауға жолға шығыпты. Үшеуі үш жаққа кетіп, адамдарға көп игілікті істер жасапты. Күндердің күнінде үшеуі еліне қайтып оралғанда, аналарының бұрынғыдан да бетер көріктене түскеніне риза болған ұлдары:
— Апатай, Сіз қандай керемет күйге түскенсіз, мұның сыры неде?- дегенде Табиғат — Ана:
— Аяулы ұлдарым менің, бұның сыры сендердің адамзатқа жасаған қайырымдылықтарыңда,- деп жауап береді. Содан бері Жер, Су, Ағаш аналарының сұлулығын сақтап қалу үшін, адамдарға адал қызмет етумен келеді екен.

Сергіту сәті

Қоюланып қара бұлт
Жаңбыр жауды себелеп.
Жапырақты жамылып,
Жата қалды көбелек.

Қорытынды:

Біз бүгін адамның өзінің туған жеріне, табиғатына сүйіспеншілік, қамқорлық көрсету керектігін түсіндік.
— Күн мейірін шашса, жаңбыр жерге нәр береді. Ал құстар біздің досымыз. Олар бізге тамаша ән салып, көңілімізді көтереді, табиғатқа көрік береді. Жеміс ағаштары, көкөністер Жер — Анадан өсіп өнеді екен. Барлығымыз айнала қоршаған табиғатқа қамқор болып, оны күтіп, баптап, сүйіспеншілікпен қарауымыз керектігін білдік.

Балаларды мақтап мадақтау.

Басқа материалдар


ПІКІР ҚАЛДЫРУ