Тәуелсіздікке тарту. «Тәуелсіз ел тірегі — білімді ұрпақ»

0
13570

Қазіргі таңда біздер өз елімізбен, тәуелсіз елімізбен мақтанамыз. Әрине, бұл еркіндік біздің елімізге оңайлықпен келген жоқ. Ата-бабаларымыз еркіндікке жету үшін қаншама қиын-қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Ұлы дала елінің мыңдаған жылдық тарихы бар. Қазақстан қаншама жылдар аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізді.\r\n\r\n1986 жылы 16 желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып, Қазақстанның тәуелсіздігін талап етті. Ұзақ жылдар құлдырауға маталған қазақ халқы да 1986 жылы желтоқсанда тар жол, тайғақ кешуден өтті. Осы жылғы желтоқсан оқиғасы да қазақтың басы бітігіп, бір жұдырықтай жұмылған әрі бақытты, әрі қайғылы күні еді. Ия, төрткүл дүниені дүр сілкіндірген әйгілі желтоқсанның арман тілегі орындалып, елімізде тәуелсіздік таңы атты. Осының нәтижесінде 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі туралы заң қабылданды. Осы жылдар ішінде талай белестен астық, Қазақстанды әлем таныды. Ендеше, тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік. Әрине бұл оқиғаны біз теледидардан көріп, газет-журналдан оқып, мектебімізде өткізілетін тәрбие сағаттарынан ғана естіп білдік.\r\n\r\nОсынау бақытты, шуақты күнге қол жеткізген халықтың қуанышында шек жоқ. Әр жыл сайын Тұңғыш Президент күні, Тәуелсіздік күні бізде үлкен мейрам, той болып тойланады. Тәуелсіздік күнінде – осы бейбітшіл күнді бізге сыйлап беріп кеткен аға-апаларымызға бас иеміз.\r\n\r\nБіз осы құндылықтарды қазақстандықтардың әрбір болашақ буыны аялай білуіміз керек. Бейбіт күндегі белестерді бағындырып, алдағы сындардан сүрінбей өтеріміз, ең алдымен, өзімізге, бірлігіміз бен берекемізге байланысты. Біз бәріміз бір атаның – қазақ халқының ұлымыз. Бәріміздің де туған жеріміз біреу – ол қасиетті қазақ даласы. Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – тәуелсіз Қазақстан. Біз болашаққа көз тігіп, тәуелсіз елімізді «Мәңгілік Ел» етуді мұрат қылған ел Президентінің, ел ағаларының арманының орындалуын көзбен көретін болашақ иесіміз.\r\n\r\nӘрине, болашақ иесі біздер, білімді болуымыз қажет. Білім- барлық уақытта жоғары құндылықтардың бірі болған. Тек білімді, сауатты адам ғана келешек тізгінін қолына ала алады. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев болашақ білімді жастардың қолында деп айтуы бекер емес деп ойлаймын. Бүгінгі ұрпақ білімді болса, ел ертеңі жарқын болмақ. Сондықтан да мен сабағымды жақсы оқып, Қазақ елінің білімді азаматы болуды армандаймын. Сол арманыма жету үшін мен Өмірбаева Перизат апайымның берген білімін бойыма жақсы сіңіру үшін тынбай еңбектеніп білім алып жүрмін. Білім нәрімен сусындатып жүрген апайыма да айтар алғысым шексіз.\r\n\r\nҚазақстан Республикасының, «Мәңгілік елдің» келешегі, тірегі, тілегі де біздер.\r\n\r\n \r\n\r\nМұханбетқали Алыс Ерболатұлы\r\n\r\nҚызылорда қаласы\r\n\r\n4 — сынып  оқушысы