Тәуелсіз ел ұланымын

0
1225

Тәуелсіз ел ұланымын

\r\n

\r\nТулатып бір күш, тарта бір керім,\r\n\r\nБіздерге сенім артады елім.\r\n\r\nТаудан биік,  Хан – Тәңірлерім!\r\n\r\nТуған жерімнің төбе мен белін,\r\n\r\nБақытқа мәңгі бөлеген елін,\r\n\r\nКеледі өсіп кемеңгер ұрпақ\r\n\r\nМағжан мен Шоқан, Төлегендерің.\r\n\r\nКеудеде намыс тулатып қанды,\r\n\r\nРухты өшірмей шулатып мәңгі\r\n\r\nҮлгі ғып дәйім, жасай бер қазақ,\r\n\r\nБайтұрсынов пен Дулатовтарды!\r\n\r\nАрыстан жүрек, қасқыр ұғымды.\r\n\r\nТәлімі сіңген дәстүрім құнды,\r\n\r\nИмеген басын елестетеді\r\n\r\nҚазақтың маған  жастығы – Күнді.\r\n\r\nМерейлі етсін бірлік бәріңді,\r\n\r\n«Алаш» ,- деп, ұран, жыр ғып бар үнді\r\n\r\nҚазақтың ұлы мойындатады\r\n\r\nМұхиттарың мен құрлықтарыңды!\r\n\r\nҮнін тыңдап сәлиқалы әннің,\r\n\r\nӨшірмей Сәкен, Ғани шамдарын,\r\n\r\nҰрпағы өсіп келеді бүгін\r\n\r\nМұстафалар мен Әлихандардың.\r\n\r\n«Ұлтым» деп өскен ұрпағы біздер,\r\n\r\nЖалғасы Халел, Жаханшалардың.\r\n\r\nМойындап өтем білім мен ілім,\r\n\r\nБойында бекем ілінген бүгін.\r\n\r\nҒасырдың асыл жастары – Қазақ\r\n\r\nЖасай бер мәңгі, күлімде күнім!\r\n\r\n \r\n

Қуандықова Алтынай

\r\n

9 «Б» сынып оқушысы

\r\n

 Байқоңыр қаласы

\r\n

 Тоқмұхамедов Қ.Қ. атындағы

\r\n

жалпы білім беретін орта мектеп

\r\n \r\n\r\nЖетекшісі: Абдикалиева Гулхан Самалбековна\r\n\r\n-жетістіктері туралы мәлімет; Қалалық шығармалар байқауының І орын иегері.\r\n\r\n«Бәйтерек» газетінің «Байқоңырым – құттты мекенім» атты өлеңдер сайысында І орын иеленді.\r\n\r\n-Байқау номинациясы; «Үздік өлең»\r\n\r\n-Байқау жұмысының атауы;  «Тәуелсіз ел ұланымын»\r\n\r\n 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ