«Техника қауіпсіздігі – ел қауіпсіздігі» сайыс түріндегі ашық сабақ

0
1635
“Шығармалардағы әдіс –амалдарды жетілдіру” Ашық сабақ

Сабақтың тақырыбы:  «Техника қауіпсіздігі – ел қауіпсіздігі» сайыс
Cабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға есептеуiш техника кабинетiндегi қауiпсiздiк ережесi
жайлы түсінік беріп өту.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа,тәрбиелікке,тиянақтылыққа,жауапкершілікке баулу,тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың ой — өрісін, ойлау қабілетін, логикалық – абстракциясын дамыту пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың көрнекілігі: ДК, ж/дәптері, слайдтар, тапсырмалар.
Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:
II. Жұмбақ шешу

ІІІ. «Жолдан өте біл» —

IV. «Үйренейік, білейік».
V. «Реттеуші инспектор қызметкерінің сауалы»

VІ. «Шығармашылық жұмыс.» 

VІІ. Викториналық сұрақтар.
VІІІ. Қорытынды

I. Ұйымдастыру кезеңі:
-оқушылармен сәлемдесу
-оқушыларды түгелдеу
-сабаққа дайындықтарын тексеру
-зейіндерін сабаққа аударып, сабаққа мұқият қатысуын бақылау.

II. Жұмбақ шешу

1. Жоқ өзінде бас та , ауызда  да  , құлақ та ,

Бақырайған  үш көзі  бар бірақ та.

(Бағдаршам)

2. Арқаным бар тым ұзын,

Ала-алмайсың бір үзім.

Табыңдаршы, балалар,

Бұл жұмбақтың шешуін.

(Жол)

3. Ала таяқ ұстаған,
Жол тәртібін нұсқаған.

( Автоинспекция қызметкері )

4. Өміріңді күзеткен,
Ысқырығы күшті адам.
Сөйлегенді білмейді,
Бірақ « Тоқта, жүр »-дейді.

( Бағдаршам )


5. Сөйлеуді ол білмейді,

Бірақ «тоқта», «жүр» дейді.

(Бағдаршам)

6. Екі аяқты, бір ізді,

Үстіне мені мінгізді.

Мінгізгенмін ол менің

Аяғымды жүргізді.

(Велосипед)

7. Үзенгісін тептім,

Зымырап кеттім.

(Велосипед)

8. Үш көзді батыр

Бізді аңдып жатыр.

(Бағдаршам)

9. Өзі тым күшті,

Аяғы тісті.

Ілезде тындырар

Қыруар істі.

(Трактор)

10. Бір тұлпар су ішпейді, жем жемейді,
Есіркеп ешбір адам жемдемейді.
Жүк емес жануарға жүз адам да,
Доғасын сымына сүйреп, жол жөндейді.
( Трамвай)


11.Қозғалмасаң құлайды,
Сүйемесең сұлайды.
Құйымшақты ері бар,
Бұл не деген жануар?
(Велосипед)

ІІІ. «Жолдан өте біл»

Бұл сайыстың шарты: үш топтан капитандар шығады. Үшеуі де бірдей тапсырма орындайды.

Жасыл белгі жоғары көтерілгенде алға 1 адым жылжиды, қызылды көтергенде 1 адым артқа

шегінеді, ал сары жарықты жоғары көтергенде орындарында қозгалмай тұрып қалады.

IV. «Үйренейік, білейік».
Әр топқа түрлі — түсті қағаз, қайшы, желім таратылып береді. Олардың өздері білетін жол белгілерін жасауларын талап етеді, белгі 3 — дана болу керек.
Мысалы:
а) жаяулар өтетін жер, жаяулар өтуге болмайтын жер.
ә) Велосипедпен өтуге болмайтын жер, өтуге болатын жер.
б) Жолдар «Бір жақты қозғалысты жол» белгісі, жол жұмыстары
Топ мүшелері өздері қиып әзірлеген белгілерін көрсетіп, сол туралы түсінік береді. Белгі түрлері толықтырып қайталанылады.

V. «Реттеуші инспектор қызметкерінің сауалы»

Келесі сайысымыздың  бөлімі «Реттеуші инспектор қызметкерінің сауалы»

1. Мына белгі нені білдіреді?   (Абайла,балалар!)

2.  Мына белгі нені білдіреді?  (қозғалысқа тиым салынады)

3.Сымға асылып,жүр асығып.  ( троллейбус)

4.Мына көліктер қалай аталады,көлік оқиғасына тап болған адамдар қандай телефондарға қоңырау шалады?   ( Өрт сөндіру-01,жедел жәрдем-03  МАИ-02 )

5.Автобусқа қай есіктен мініп,қай есіктен түседі?( алдан түсіп,арттан мінеді)

6. Жол белгілерін атқаратын қызметіне қарай неше топқа бөлінеді? (7 топқа)

VІ. «Шығармашылық жұмыс.» 

«Шығармашылық жұмыс.» Жол ережесіне байланысты сөздермен өлең құрастыру

———— балалар

————- тротуар

————— сақта!

 

VІІ. Викториналық сұрақтар.
1. Жолаушылар дегеніміз кімдер ?
Жауап: Кез-келген көлік түрін пайдаланатын адамдар.


2. Бағдаршам дегеніміз не ?
Жауап: Жарықпен белгі беру арқылы көшедегі автомобиль жолы мен темір жолдағы қозғалысты реттеуге арналған құрылғы. 


3. Велосипедпен неше жастан бастап жолмен жүруге болады ?
Жауап: жол бойына 14 жасқа толған балаларға ғана рұқсат.


4. Жиекжол жоқ жерде қалай жүру керек ?
Жауап: Ауылдық жерлерде жиекжол болмау мүмкін, ондай жағдайда жолдың бір шетімен келе жатқан көлікке қарама-қарсы бағытта жүрген жөн

5.Жаяу жүргінші деген кім? Көлік құралынан тыс және онда жұмыс жасамайтын адам. 


6.Автобус деген не? Жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға арналған, онда жүргізуші орнын қоспағанда сегізден астам отыратын орны бар автокөлік құралы. 


7. Жол элементтерін ата. Көше, бұрылыс, тротуар, жол жағалауы, бөлу жолағы 


8.Тротуар деген не? Жолдың жүргін бөлігімен қатарлас немесе одан газонмен бөлінген жаяу жүргіншінің қозғалуына арналған элементі. 


9.Тыйым салу белгілері қандай түспен белгіленеді? Қызыл дөңгелек. 


10.Бағдаршамның қызыл көзі жанып тұрғанда қандай көліктерге жүру рұқсат етіледі? Өрт сөндіру, жедел жәрдем, полиция. 


11.Жол дегеніміз не? Мемлекеттік есепке алуға жататын және көлік құралдарының жүруіне арналған инженерлік құрылыстар кешені. 


12. Маршруттық көлік құралы деген не?
Жол бойымен жолаушыларды тасымалдауға арналған және белгіленген аялдама пункттері бар белгіленген маршрутпен қозғалатын жалпы пайдаланудағы көлік құралы. 


13. Жол-көлік оқиғасы деген не? Көлік құралының жол бойымен қозғалысы кезінде және оның қатысуы процесінде туындайтын, адамдар қаза тапқан немесе жарақат алған, көлік құралдары, ғимараттар, жүктер бүлінген, не өзге де материалдық зиян келтірілген оқиға. 


14.Жол қозғалысын реттейтін адам кім? Реттеуші. 


15.Бағдаршам жоқ жерде көшеден қалай өтеміз? Егер бағдаршам болмаса, әуелі солға, содан соң көшенің ортасына келгенде оңға қараймын. 


16.Көлік құралы дегеніміз не?
Жол бойымен адамдарды, жүктерді немесе оған бекітілген құрал-жабдықтарды тасымалдауға арналған құрылғы

Сайыстың қорытындысы бойынша 8-сынып оқушылары І – орынды, 9-сынып оқушылары ІІ – орынды, 7-сынып оқушылары ІІІ – орынды иеленді.

VІІІ. Қорытындылау :
Қорытындылау барысында сайысқа белсене қатысқан оқушыларды мадақтап, қалыс қалып отырған оқушыларға ескертпелер беру арқылы білімдерін бағалау.

Жанасбаева Әсел Жиренбайқызы
Қызылорда облысы. Жаңақорған ауданы. Аққұм ауылы
№221 негізгі орта мектебі

Басқа материалдар

ПІКІР ҚАЛДЫРУ