«Күз кереметтері» атты сценариі

0
3572
ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Тақырыбы: «Күз кереметтері»

Безендірілуі: мектеп залын түрлі-түсті шарлармен, жалаушалармен, нақыл сөздермен безендіру.

Мақсаты: оқушылардың ұйымшылдығын, қызығушылығын, арттыру, ой-өрісін кеңейту. Табиғат сұлулығын сезіне білуге, оны аялай білуге тәрбиелеу. Оқушылардың күз мезгілінің ерекшелігі туралы, күзгі молшылық, береке туралы түсініктерін кеңейту. Күзде атқарылатын жұмыстар туралы түсінік беру. Оқушыларды адамгершілікке, әдептілікке, өз халқының салт — дәстүрін біліп жүруге тәрбиелеу. Тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру.

1 — жүргізуші:

Армысыздар ағайын, құрбы – құрдас,
Бармысыздар жан күйер, әз қауымдас.
Бүгінгі кеш әуенін біз бастайық
Сайыста көңілменен қол соғайық! – дей келе, құрметті көрермендер бүгінгі дәстүрлі «Күз кереметтері» атты күзгі бал кешіне қош келдіңіздер!

2 — жүргізуші:

Біздерде ойын сауық басталады,
Тамаша күй тартылып ән салады.
Қошеметтеп қол соғып отыралық,
Ұмытарсыз күні бойы шаршағанды!!!
Құрметті ұстаздар мен оқушылар!
Біздің бұл байқауға жиналып отырған мақсатымыз бүгінгі «Күз кереметтері» атты сайысымыздың «Ханзадасы» мен «Ханшайымын» іріктеп шығару.

1 — жүргізуші:

Шоғы толған гүлдей жайнап,
Жарқырайды Алтын күз.
Сайраңдадық күліп, ойнап,
Келді міне, Алтын күз.

2 — жүргізуші:

Күз — мереке,

Күз — ырыстың белгісі,

Қайтып барады мекеніне жыл құсы.

Әнге ұласып, жырға ұласып даламыз,

Шат – шадыман халқымыздың тұрмысы.

1 — жүргізуші:

Аққудай әдеміміз, сұлу жанбыз,
Әр үйде шығатұғын жаңа таңбыз.
Жан сұлуымен тән сұлуын тепе – тең ғып,
Еріксіз өзімізге қаратармыз, — дей отырып ортаға қатысушы жұптарды шақырамыз!- дей отырып ортаға қатысушы жұптарды шақырамыз.

1. «Апельсин» тобындағы 5-сыныптың Ханзадасы мен Ханшайымы Тілеухан Нұрым мен Сайымбай Дания

2 — жүргізуші:

2. «Алма» тобындағы 6-сыныптың Ханзадасы мен Ханшайымы Құрмантай Мейірман мен Түймебайқызы Аяулым

1 — жүргізуші:

3. «Шие» тобындағы 7-сыныптың Ханзадасы мен Ханшайымы Бердібек Даниел мен Жұпарханқызы Қазына

2 — жүргізуші:

4. «Құлпынай» тобындағы 8-сыныптың Ханзадасы мен Ханшайымы Бұдабайұлы Олжас пен Асан Аида

1 — жүргізуші:

5. «Ананас» тобындағы 9-сыныптың Ханзадасы мен Ханшайымы Мақаш Айдын мен Арыстанбек Ләйлә

2 — жүргізуші:

Баяғы өткен заманда
Дін мұсылман аманда
Әділдік іздеп екі адам
Биге барып бас қосқан,
Ал, бүгінгі заманда
ЖЮРИ деген ат шыққан
Қазақшаға аударған соң,
Әділ қазы деп шыққан. Ендеше әділ баға беретін әділ қазы алқаларымен танысайық.

1. Мектебімізідің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Шораева Нәзігай апай

2. Лаборант Жолдасова Ақмарал апай

3. Лаборант Әбдіханова Гүлдана апай

1 — жүргізуші:

Көп сөйлеп жөн – жобадан аспайық біз,
Қандай сайыс болса да, қашпайық біз.
Ал, енді сіздер рұқсат етіңіздер,
Қанекей, жұптар сайысын бастайық біз.
Ендеше сайыскерлерімізге сәттілік тілеп байқау шарттарымен таныстырып өтелік.

1. «Сәлем – сөздің анасы» (таныстыру, топ атын, эмблемасын, киімдерін)

2. «Өнерлінің өрісі кең» (өз өнері)

3. «Білімді мыңды жығар» (сұрақ — жауап)

4. «Берекелі дастархан» (күзгі өнімдерден жасау)

5. «Күз сыйы» (күзгі табиғи материалдан жасалған жұмыстарын көрсету)

6. «Сымбат көрік, сәндік өнер» (сән үлгісі қыздарға)

7. Отжимание (ұлдарға)

8. Қорытынды

 

2 — жүргізуші:

Алтын күз сізбен бізге шуақ шашсын
Көңілдің серіппелі күйін ашсын
Бақ пенен шаттық бірге қатар қонып,
Береке бірлікпенен ортақтассын

1 — жүргізуші:

Алтын күз бірде шуақ, бірде салқын,

Жер мен көк жалтыраған сап-сары алтын

Ағашта жапырақтар сылдырлайды,

Төгілген алтын теңге сансыз жалқын.

2 — жүргізуші:

Сары алтын батсайыдай дала мидай,

Үйілген мая-мая қызыл мидай

Қырманда қызыл алтын, қызыл маржан,

Жайнайды жаратылыс берген сыйдай,

1 — жүргізуші:

Деген екен қазақ халқы «Сәлем — сөздің анасы»,
Біледі оны еңкейген қарт, еңбектеген баласы.
Амандасу — ізгіліктің, сыпайылықтың белгісі,
Сәлем достар? Амансың ба? Қалайсың? — дегендей

1 – кезең: «Сәлем – сөздің анасы» кезеңін бастаймыз шарты: әр сыныптың қатысушы жұптар өздерін таныстырып шығады.

1. «Ананас» тобының Ханзадасы мен Ханшайымы

2. «Құлпынай» тобының Ханзадасы мен Ханшайымы

3. «Шие» тобының Ханзадасы мен Ханшайымы

4. «Алма» тобының Ханзадсы мен Ханшайымы

5. «Апельсин» тобының Ханзадасы мен Ханшайымы

 

2 — жүргізуші:

1-кезең бойынша әділқазылар алқасының бағасын білейік.

1. 9 — сынып оқушылары «Ананас» тобының бағасы

2. 8 – сынып оқушылары «Құлпынай» тобының бағасы

3. 7 – сынып оқушылары «Шие» тобының бағасы

4. 6 – сынып оқушылары «Алма» тобының бағасы

5. 5 – сынып оқушылары «Апельсин» тобының бағасы

1 — жүргізуші:

Он саусақтан өнер тамған шебер болу керемет,
Өлең айтып, би билеп, жасап жатсаң текемет,
Өнеріңді көрсетші құрбыларым, қанекей,
Жұптарға сөз берелік біз жекелеп, — дей келе 2-кезең «Өнерлінің өрісі кең» сайысына кезек береміз. Бұл кезеңде сайыскерлеріміз өз өнерлерін көрсетеді.

1. «Ананас» тобының Ханзадасы мен Ханшайымы

2. «Құлпынай» тобының Ханзадасы мен Ханшайымы

3. «Шие» тобының Ханзадасы мен Ханшайымы

4. «Алма» тобының Ханзадсы мен Ханшайымы

5. «Апельсин» тобының Ханзадасы мен Ханшайымы

2 — жүргізуші:

2-кезең бойынша әділқазылар алқасының бағасын білейік.

1. 9 — сынып оқушылары «Ананас» тобының бағасы

2. 8 – сынып оқушылары «Құлпынай» тобының бағасы

3. 7 – сынып оқушылары «Шие» тобының бағасы

4. 6 – сынып оқушылары «Алма» тобының бағасы

5. 5 – сынып оқушылары «Апельсин» тобының бағасы

1 — жүргізуші:

Білім аққан сел дейді,

Бірақ оңай келмейді.

Ала білсең білім көп,

Ақыл ойға кел дейді

Білім ой мен арымыз,

Рухани ол нәріміз

Сайыскерлер сіздерге,

Қол соғамыз бәріміз! — келесі бөліміміз «Білімді мыңды жығар» деп аталады. Мұнда сұрақтарға жауап берулеріңіз керек.

1. «Ананас» тобының Ханзадасы мен Ханшайымы

2. «Құлпынай» тобының Ханзадасы мен Ханшайымы

3. «Шие» тобының Ханзадасы мен Ханшайымы

4. «Алма» тобының Ханзадсы мен Ханшайымы

5. «Апельсин» тобының Ханзадасы мен Ханшайымы

Билет №1

1. Күз мезгілінде табиғат қандай өзгерістерге ұшырайды? — Күн суытады, жаңбыр жауады, жапырақтар сарғайып жерге түседі, құстар жылы жаққа ұшады. Адамдар, балалар жылы киінеді.

2. Ағайынды бәрі,
Шықса – жасыл,
Түссе – сары. Бұл не?
(Жапырақ – лист – Leaves (ливс) )

3. Дала тегіс сарғайды,

Шаруа қысқа қамдалды.

Күн қысқара бастады,

Тауға тұңғыш қар жауды.

                           (Күз – осень – autumn(отәм))

4. Жерден шығар көгеріп,

Беліне қылыш байланып.

(Жүгері – кукуруз – corn (кон))

Билет №2

1. Күз мезгілі нешеге бөлінеді? — Ерте күз, алтын күз, қара күз.

2. Алма дерсің, түсіне қарап,

Жүгері дерсің, ішіне қарап,

Татсаң тәтті, бал шәрбәтті.

(Анар – гранат — pomegranate (поумгрәнит))

3. Үстіне тігіп көк шатыр ,

Астында қызғылт дәу жатыр .

(Қызылша – свекла – beat (бит))

4. Қозғалмай бір орында қарап тұрар,

Адамның қажетіне жарап тұрар.

Қаншалық жәбір көрсе, сабыр етіп,

Және де көбеймекке талап қылар.

(Ағаш – дерево — tree (три))

Билет №3

1. Саумалық деген не? /Жаңа сауған саумал сүтін айтқан/

2. Күннің нұрын сүйемін,

Күнге басымды иемін.

Моншағым жоқ мойнымда,

Үлкен қалпақ киемін.

(Күнбағыс – подсолнуху — sunflower (санфлауә))

3. Қауын, қарбыз дей алмайсың,
Піскенмен, жей алмайсың.
Жарғаныңмен, қап-қатты,
Ал асқанда, тәп-тәтті.

(Асқабақ – тыква – pumkin (памкин))  

4. Аспай піскен,

Қайнамай түскен.
(Жеміс – фрукты – fruit (фрут))

Билет №4

1. Қазақстандағы ғарышжайдың аты. /Байқоңыр/

2. Іші жұмсақ, сырты қатты,

Еті қызыл, сүті тәтті.

(Қарбыз – арбуз –watermelon (уотәмелән))

 

3. Ұстарамен алынбас,

Ұйысып тұрған қалың шаш.

(Егін – урожай — field (фил))

4. Мысық мұртты,

Өрмек басты.

(Бидай – пшеница – wheat (уит))

Билет №5
1. Маңғыстаудағы басты мал азығын құрайтын шөп. /Жусан/

2. Аласа ғана бойы бар,

Тоғыз қабат тоны бар.

(Сарымсақ – чеснок — garlic (галик))

3. Бір қалтаның ішінде бірнеше шар,
Әрбір шардың өзіндік ұясы бар.

(Ас бұршақ – бобы – peas (пиз))

4. Ағайынды бәрі,
Шықса – жасыл,
Түссе – сары. Бұл не?
(Жапырақ – лист – Leaves (ливс) )

2 — жүргізуші:

3-кезең бойынша әділқазылар алқасының бағасын білейік.

1. 9 — сынып оқушылары «Ананас» тобының бағасы

2. 8 – сынып оқушылары «Құлпынай» тобының бағасы

3. 7 – сынып оқушылары «Шие» тобының бағасы

4. 6 – сынып оқушылары «Алма» тобының бағасы

5. 5 – сынып оқушылары «Апельсин» тобының бағасы

1 — жүргізуші:

Жақсы асын сақтайтын қонақтарға,

Қашан келер, кім келер болжам бар ма?

Ақ дәмін, ақ ниетін жайып салған,

Кім жетер пейілі кең адамдарға!

2 — жүргізуші:

Көрсетер өнер әр салада сайысып,

Қимылдары жүргендей бір жай ұшып.

Мерекелік ас мәзірін жасапты,

Қыздарымыз бармақтары майысып.

Келесі бөліміміз «Берекелі дастархан» деп аталады. Бұл бөлімде сайыскерлеріміз қолдарынан жасаған ас мәзірімен таныстырады.

1. «Ананас» тобының Ханзадасы мен Ханшайымы

2. «Құлпынай» тобының Ханзадасы мен Ханшайымы

3. «Шие» тобының Ханзадасы мен Ханшайымы

4. «Алма» тобының Ханзадсы мен Ханшайымы

5. «Апельсин» тобының Ханзадасы мен Ханшайымы

1 — жүргізуші:

4-кезең бойынша әділқазылар алқасының бағасын білейік.

 

1. 9 — сынып оқушылары «Ананас» тобының бағасы

2. 8 – сынып оқушылары «Құлпынай» тобының бағасы

3. 7 – сынып оқушылары «Шие» тобының бағасы

4. 6 – сынып оқушылары «Алма» тобының бағасы

5. 5 – сынып оқушылары «Апельсин» тобының бағасы

2 — жүргізуші:

Көрсетеді өнер әр салада сайысып,

Қимылдары жүргендей бір жай ұшып

Мерекелік күзгі сыйды жасапты,

Ұлдарымыз бен қыздарымыз бірлесіп.

Келесі 5-кезең «Күз сыйы» сайысына кезек береміз. Оқушылар өздері жасаған қолөнерін көрсетіп таныстырады.

1. «Ананас» тобының Ханзадасы мен Ханшайымы

2. «Құлпынай» тобының Ханзадасы мен Ханшайымы

3. «Шие» тобының Ханзадасы мен Ханшайымы

4. «Алма» тобының Ханзадсы мен Ханшайымы

5. «Апельсин» тобының Ханзадасы мен Ханшайымы

1 — жүргізуші:

5-кезең бойынша әділқазылар алқасының бағасын білейік.

1. 9 — сынып оқушылары «Ананас» тобының бағасы

2. 8 – сынып оқушылары «Құлпынай» тобының бағасы

3. 7 – сынып оқушылары «Шие» тобының бағасы

4. 6 – сынып оқушылары «Алма» тобының бағасы

5. 5 – сынып оқушылары «Апельсин» тобының бағасы

 

2 — жүргізуші:

Бүгінгі кеш өтіп жатыр өз мәнімен,
Әр сұлу әсем болар өз сәнімен.
Күз сәні өнерімен ортаға шығып,
Сән көрсетер сайыскерлер сәнімен — деп қатысушыларымыз өз шығармашылықтарымен жасаған «Сымбат көрік, сәндік өнер» (күзгі сән үлгілерін көрсету) сән үлгісінде ортаға шақырамыз. Олай болса, қол соғып қошеметтеп отырайық.

1. «Ананас» тобының Ханшайымы

2. «Құлпынай»м тобының Ханшайымы

3. «Шие» тобының Ханшайымы

4. «Алма» тобының Ханшайымы

5. «Апельсин» тобының Ханшайымы

1 — жүргізуші:

6-кезең бойынша әділқазылар алқасының бағасын білейік.

1. 9 — сынып оқушысы Арыстанбек Ләйләнің бағасы

2. 8 – сынып оқушысы Асан Аиданың бағасы

3. 7 – сынып оқушысы Жұпарханқызы Қазынаның бағасы

4. 6 – сынып оқушысы Түймебайқызы Аяулымның бағасы

5. 5 – сынып оқушысы Сайымбай Данияның бағасы

2 — жүргізуші:

Ер өнері білінбес,
Қоян қолтық алыспай.
Күш өнері білінбес
Бәйгеге түсіп жарыспай — дегендей бұл сайыста жігіттеріміз отжимание жасайды.

1. «Ананас» тобының Ханзадасы

2. «Құлпынай» тобының Ханзадасы

3. «Шие» тобының Ханзадасы

4. «Алма» тобының Ханзадсы

5. «Апельсин» тобының Ханзадасы

1 — жүргізуші:

7-кезең бойынша әділқазылар алқасының бағасын білейік.

1. 9 — сынып оқушысы Мақаш Айдынның бағасы

2. 8 – сынып оқушысы Бұдайбайұлы Олжастың бағасы

3. 7 – сынып оқушылсы Бердібек Даниелдің бағасы

4. 6 – сынып оқушысы Құрмантай Мейірманның бағасы

5. 5 – сынып оқушысы Тілеухан Нұрымның бағасы

1 — жүргізуші:

Жеңістер мен жеңілістен тұратын,
Өмір күрес, жеткізе ме мұратын.
Жеңбедім, жеңілдім деп ренжімегін,
Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын.
Күзгі бал байқауын қорытындылау үшін әділ қазылар алқасына аз ғана уақыт береміз!

Бүгінгі қатысушы сайыскерлерге өзінің ізгі тілегін айтып, қорытындылау үшін мектебіміздің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Шораева Нәзігай апайға береміз.

Бас жүлде — 5 сынып оқушылары Тілеухан Нұрым мен Сайымбай Дания

І — орын — 7 сынып оқушылары Бердібек Даниел мен Жұпарханқызы Қазына

ІІ – орын – 6 сынып оқушылары Құрмантай Мейірман мен Түймебайқызы Аяулым

ІІІ – орын – 8 сынып оқушылары Бұдабайұлы Олжас пен Асан Аида

ІІІ – орын — 9 сынып оқушылары Мақаш Айдын мен Арыстанбек Ләйлә

 

2 — жүргізуші:

Тіршілік – арман, бәрімізге де орын бар,
Басады кейде онсыз да қиын жалын бар.
Қуаныш та бар, өкініш те бар жолдарда,
Ұстазым менің, достарым менің
Бәрінде аман болыңдар!

1 — жүргізуші:

Демеңіздер біз өнерді аяп қалды

Мезгіл де біраз жерге таяп қалды

Егер де сіздер рұқсат етсеңіздер

Күзгі бал кешіміз аяқталды — дей келе осымен «Күз кереметтері» атты күзгі бал кеші аяқталды. Көріскенше, қош — сау болыңыздар!

Жанасбаева Әсел Жиренбайқызы
Қызылорда облысы. Жаңақорған ауданы. Аққұм ауылы
№221 негізгі орта мектебі


ПІКІР ҚАЛДЫРУ