Тест әдісінің түрлері және маңызы

0
48549

 \r\n\r\nЖоспар:\r\n\r\n \r\n

    \r\n

  1. Тест әдісінің түрлері және маңызы
  2. \r\n

  3. Сабақта оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту үшін тест әдісін қолдану
  4. \r\n

  5. Қорытынды
  6. \r\n

  7. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
  8. \r\n

\r\n \r\n\r\nТестілеу әдісі көптеген дамыған елдерде қазіргі білімнің ажырамас бөлігіне айналған жастардың дайындық деңгейін және жалпы білім сапасын болжаудың тиімді құралы ретінде пайдаланылады.\r\n\r\nСоңғы жылдары тесттік әдіс оқу — білімге қатысты барлық ұйымдарда кеңінен қолданып жүр. Тест дегеніміз не? Тест арқылы сынауда қандай жаңалық бар? Оның сұрақтары қалай дайындалады, оны қалай өткізеді, тест арқылы сұраққа қалай дайындалу керек?\r\n\r\nТест деп сапалық және сандық дара ерекшеліктеріне сай түрде негізделген стандартталған, қысқа, уақыт жағынан шектеулі сынақтарды атайды.\r\n\r\nТестік бақылаудың түрлері өте ерте заманнан басталады. Б. э. д III ғасырда Ертедегі Вавилонда мектеп оқушыларының жазу дағдысын тексеру үшін алғашқы емтихандар жүргізілген. Осы сынақты өткен адам 2 — ші кезеңге әңгімелесуге шақырылған. Осындай сынақтар Ежелгі Грецияда, Спарта да жүргізілген.\r\n\r\nСынақтардың түрлері Қытайда чань — буддизм мектептерінде кең қолданылған, онда жұмбақтар, ребустар, психологиялық жағдайлар арқылы сынақтар жүргізілген. Бұл мектепте ойлануға уақыт бермей қолма — қол жауап беру қолданылған. Ең алғаш рет оқушылардың білімін тексеру үшін тестті ағылшын педагогы Дж. Фишер 1864 жылы қолданған.\r\n\r\nXIX ғасырда жалпы білім беру жүйесінде көптеген жаңалықтар, өзгерістер пайда болды. Тестік бақылаудың негізін салушылардың бірі ағылшын ғалымы Френсис Гальтон. Ол өзінің бақылау ізденіс жұмыстарын 1884 — 1885 жылдарында жүргізді. Сынаққа 5 — 80 жас аралығындағы адамдар қатысты. Ф. Гальтон тестің қорытындысын жасау үшін бақылау жүйесін жасады. Тест термині кеңінен таралуы американдық психолог Дж. Кеттелдің «Интеллектуалдық тестілер мен өлшемдер» деп аталатын мақаласынан кейін кең өріс ала бастады.\r\n\r\nТестілерді алғашқы болып білім беру жүйесіне кеңінен пайдаланудан, француз психологы А. Биненің интеллектуалдық дамуы төменгі дәрежедегі балаларға арнап таңдаған тестілері сериясын (1904 ж.) айтуға болады. Сосын АҚШ — тағы (Стенфорд университетінде) осы әдістеменің негізінде JQ коэффициенті ұсынылған болатын. Қазіргі заманғы талапқа сай (1986) редакцияланған нұсқасында ол бүгінгі күні де кеңінен қолданылып жүр.\r\n\r\nЖалпы білімді бағалаудың тестік жүйесі Англия, АҚШ-та жақсы дамыған. Бүгінде тест қолдану оқытушылармен қатар оқушылар үшін де көп тиімді екенін өмірдің өзі дәлелдеп отыр. Нәтижесі тікелей белгілі болады. Тесттік әдіс талапкердің білім дәрежесін анықтауда көп уақыт алмайды.\r\n\r\nТест технологиясының білім сапасына әсері: білім беру жағдайын талдауына қажет оқытудың объективті нәтижесін алу мүмкіндігі (адамның қатысуынсыз алу), кері байланыстың жылдамдығы, оқытудың нәтижесін тексеру әдісінің көптүрлілігі, оқытудың нәтижесінің статистикасын алу ыңғайлылығы.\r\n\r\nТест технологиясының алуан түрлері\r\n

    \r\n

  • Диктант
  • \r\n

  • Өздік жұмыс
  • \r\n

  • Бақылау жұмысы
  • \r\n

  • Фронтальды ауызша сұрау
  • \r\n

  • Жаттықтыру жұмыстары
  • \r\n

  • Сынақ жұмысы
  • \r\n

  • Карточкамен жеке — дара сұрау
  • \r\n

  • Қалып қойған жерді толтыру (пропусков)
  • \r\n

  • Жағдай — көріністі және оның сипаттамасын салыстыру
  • \r\n

  • Ұғымды анықтау
  • \r\n

  • Тізбектілікті құру
  • \r\n

  • Модельдерді құрастыру
  • \r\n

\r\nТест деген не? ТЕСТ (англ. test) — сынау, тексеру, талдау. «Тест» – психология мен педагогикада сыналушының білімін, біліктілігін және дағдысын, сонымен қатар психофизиологиялық және өзіндік мінездемелерін стандартталған тапсырмалардың орындалу қорытындысы бойынша өлшеу.\r\n\r\n«Педагогикалық тест» деп белгілі мазмұны бар, ерекше формадағы тапсырмалардың жүйесін атайды. Тест сынаққа түскендердің бір пән бойынша білімінің құрамы мен құрылымын анықтайды. Басқа сынақ жұмыстарымен салыстырғанда, тесттің артықшылығы — оның объективті, сенімді, көп варианттылығы болып табылады. Тесттің міндетті түрде бірнеше варианты болуы керек. Бұл тексеру кезіндегі тиімділікті арттырады, өйткені мұнша тапсырманың барлығын жаттап алу, есте ұстау немесе көшіріп алу мүмкін емес. Тест тапсырмалары тек бақылау ретінде емес, оқушыларды үйрету, машықтандыру үшін де тиімді. Педагогикалық тест арқылы әрбір оқушының білім деңгейін нақты және тез анықтауға болады.\r\n\r\nПедагогикалық тест нәтижелі болу үшін оның қорытындысын міндетті түрде статистикалық өңдеуден өткізу керек.\r\n\r\nПедагогикалық тестіні құрастыру күрделі іс болып табылады, бірақ мектеп мұғалімі тест тапсырмаларының комплектісін жасай алады. Ал, тест тапсырмалары сабақ барысында оқушылардың білімін тексерудің қатаң формасын машықтандырады.\r\n\r\nЖалпы педагогикада тестік бақылау бір — бірімен тығыз байланысты 3 қызметті орындайды: диагностикалық, оқыту және тәрбиелік.\r\n\r\nДиагностикалық қызмет бұл тестілеудің ең негізгі және ең айқын атқаратын қызметі, оқушының білім деңгейін, пән бойынша тақырыпты қалай меңгергенін анықтайды. Оқушының білім, білік дағдыларының деңгейін анықтау болып табылады. Диагностиканың объективтілігі, ауқымы және жылдамдығы бойынша, тестілеу педагогикалық бақылаудың барлық қалған үлгілерінен асып түседі.Объективтілігі жағынан тест педагогикада үлкен орын алады.\r\n\r\nОқыту қызметі оқушылардың оқу материалдарын меңгеруге деген белсенділігін арттыру. Оқыту функциясының ролін арттыру үшін қосымша сұрақтар қайталауға арналған, өз бетімен оқуға арналған тақырыптарды, ұқсас тесттердің, орындалған тесттің қорытындысын талдау болып табылады.\r\n\r\nТәрбиелеу қызметі оқушылардың есте сақтау, қайталау, белгілі уақытта тапсырманы орындап үлгеру қасиеттерін тәрбиелейді. Тестті талдау кезінде оқушы өз біліміне сын көзбен қарауға үйренеді, білімдерінде кемшіліктерді анықтап, жоюға көмектеседі, өз қабілеттерін дамытуға тырысуды қалыптастырады.\r\n\r\nБілімді бағалаудың басқа түрлеріндей тестік бақылаудың артықшылығы да, кемшілігі де болады.\r\n\r\nТестілеудің артықшылықтары:\r\n\r\nТестілеу барынша сапалы және объективті бағалау әдісі болып табылады, өткізілуі стандартты түрде, жалпы білім тексеріледі. Оның объективтілігі – тестілеу үрдісінің стандартизациялау және тапсырмалардың жалпы тестердің сапасын көрсету жолымен жүзеге асады.\r\n\r\nТестілеу – барынша әділ әдіс болып табылады, себебі тестілеу кезінде, әсіресе бақылау және бағалау үрдісінде барлық оқушылардың жағдайы бірдей болады да, мұғалімнің субъективтілігіне жол берілмейді.\r\n\r\nТестер – барынша әмбебап болып табылады, себебі тестілеуде курстың барлық тақырыптары бойынша тапсырмалар берілуі мүмкін, ал ауызша емтиханда 2 — 4 тақырып қана алынатын болса, жазбаша емтиханда 3 — 5 тақырып қарастырылады. Осылайша, тестілеу арқылы оқушының курстың барлық тақырыптарын қалай меңгергенің байқауға болады. Тестілеу арқылы оқушының жалпы пәнді немесе бөлек тақырыптарды қалай меңгергенің анықтауға болады. Тест барынша нақты құрал болып табылады, мысалы 20 сұрақтан тұратын тестің бағалау көрсеткіші 20 бөлімшеден тұрады, ал біз қолданатын бағалау көрсеткіші тек қана 4 ғана.\r\n\r\nОл уақытты тиімді қолдануға, үлкен көлемді мазмұнды қамтуға, оқушылармен тез екіжақты байланыс орнатуға, материалды игеру нәтижесін анықтауға, жіберілген қателерді түзетуде назар бөлуге және қажетті түзетулер енгізуге көмектеседі. Тест түрінде бақылау топтың оқушыларын бір уақытта тексеруге мүмкіндік береді және тәртіпке келтіреді. Экономикалық жағынан тиімді (тексеретін адамдар саны, уақыты)\r\n\r\nТестілеудің кемшіліктері:\r\n\r\nТестік сұрақтарды құрастыру, топтастыру ұзақ үрдіс. Барлық пәндер бойынша стандартты тестер жоқ, бар болған да сапасы дұрыс емес. Тестілеу кезінде алынатын мәліметтер бойынша біз оқушының қандай тараулардан ақаулар бар екенің анықтай алсақ та, ақаулардың себебін анықтай алмаймыз. Тест білімнің жоғары, продуктивті, шығармашылық, әдістемелік деңгейін тексеруге, бағалауға мүмкіндік бермейді. Тестте көп сұрақтардың қамтылуы уақыттың жетпеуіне, асығуына байланысты кемшілік туғызады.\r\n\r\nТестілеуде кездейсоқтық элементтер бар. Мысалы, оңай сұраққа жауап бере алмаған оқушы күрделі сұраққа жауап бере алады. Бұған себеп, бірінші сұрақта байқаусыз қате жіберілсе, екінші сұрақта жауапты ойланып табу бола алады. Бұл жағдай тестің нәтижесін бұрмалайды және оларды талдау кезінде есепке алудың қажеттілігіне әкеп соқтырады. Сұрақты аяғына дейін оқымау.\r\n\r\nТест тапсырмасына қойылатын негізгі талаптар мыналар:\r\n

    \r\n

  • Тест жұмысын өткізуде белгілі бір уақыттың болуы;
  • \r\n

  • Тапсырмаларды орындау үшін берілген нұсқаулардың түсінікті, айқын болуы;
  • \r\n

\r\nМектепте оқушы білімін бекіту, қайталау, алған білімді жүйелеу және бақылау мақсатында пайдалануға болатын тестің бірнеше түрлері бар.\r\n\r\nТестің түрлері: толықтыру тесті, таңдамалы тесті, еске түсіру тесті, сәйкестендіру тесті, реттік тесті, аралас тесті, кәсіптік бағдар тесті, баламалы тесті.\r\n

    \r\n

  1. Толықтыру тесті: оқушыларға тапсырма сөйлем түрінде беріледі де сөйлемдегі кей сөз орынына (цифр, формула, сөз т. б) үш нүкте беріледі. Мұндай тапсырмадағы жауап қысқа тұжырымды бір мәнді болуы шарт.
  2. \r\n

  3. Таңдамалы тесті: оқушыларға берілген тапсырмамен қоса оның дұрыс және дұрыс емес жауаптары беріледі. Тапсырма карточка арқылы беріліп, оның жауабының саны төртеуден кем болмағаны жөн. Оқушы жауабы бағдарламаланған құрылым арқылы немесе перфокарта кілті болады.
  4. \r\n

  5. Еске түсіру тесті: сұрақ нақты беріледі де, жауабы бір мәнді болуы шарт. Еске түсіру тестінің сұрақтарын түзегенде сұрақ нақты, анық қойылады, ал жауабын сөз, сан, формула т. б түрде берілуі мүмкін.
  6. \r\n

  7. Сәйкестендіру немесе салыстыру тесті: мағынасы бір – бірімен байланысты тапсырмалардың екі бағанға әр түрлі ретпен орналастырылуы. Мұндай тесті жасауда бірінші бағанда қысқа тұжырымды сөйлем болса, екінші бағанда сәйкес сөз, белгі, сызба болуы керек.
  8. \r\n

\r\nСөйлем саны 5 тен 15 ке дейін болса, екінші бағандағы сөз, белгі, сызба, нұсқа т. б саны екі – үшеуі артық болғаны.\r\n

    \r\n

  1. Реттік тест (ранжирования) тесті: бақылау объектісі (құбылыс, шамалар, формула т. б) ретімен жазылуы (айтылуы) керек. Тесті тапсырма дайындағанда оның саны 10 шақты болғаны жөн.
  2. \r\n

  3. Аралас тесті: оқушыға берілетін тапсырма әртүрлі тест түрінде (мысалы: толықтыру, таңдамалы т. б) беріледі.
  4. \r\n

  5. Құрамалау тесті (комбинированный): құрамында бірнеше пәндердің бір бірімен үйлесуі.
  6. \r\n

  7. Баламалы (альтернативный) тесті: тестің бұл түрін жасауда жауабын білуге ықпал ететін сөзден аулақ болған жөн. Сөйлем қысқа тұжырымды, мазмұнды, бір мәнді болғаны дұрыс. Тестің мұндай түрінің жауабы сөзбен (дұрыс, дұрыс емес) ия немесе жоқ немесе белгілер арқылы +, — т. б беріледі. Мұндай типтен тестік тапсырманы графикалық диктант үлгісінде пайдалануға болады.
  8. \r\n

\r\nТест формасы\r\n

    \r\n

  1. Бір дұрыс жауапты таңдауды қажет ететін тапсырмалар
  2. \r\n

  3. Бірнеше дұрыс жауапты таңдауды қажет ететін тапсырмалар
  4. \r\n

  5. Сәйкестікті құру бойынша тапсырмалар
  6. \r\n

  7. Жауапты тіркеуді талап ететін тапсырмалар (жауапты толықтырып жазу)
  8. \r\n

  9. Логикалық және алгоритмдік реттілікті құру бойынша тапсырмалар.
  10. \r\n

\r\nҚазіргі оқыту үрдісінде өте жиі кездесетін тест түрлері «оқыту тесті» және «бақылау тесті».\r\n\r\nОқыту тестінің мақсаты белгілі бір модульды не тақырыпты меңгертуге арналады, оқытушы негізгі рольді атқарады. Тапсырмалар сұрақ қою, жауап беру, есте сақтау, жазып алу, үйден ауызша қайталау, қайтадан жалпы сұрақ — жауап түрінде тексеру.\r\n\r\n«Бақылау тесті» осыдан кейін жүргізіледі, яғни оқушылардың тарау бойынша немесе белгілі бір тақырыпты қаншалықты меңгергенін анықтау үшін. Мысалы, 9 сыныпта география пәнінен ОЖСБ — ғе дайындық барысында оқыту тестін сабақта жүргізбей, бірден бақылау тестін алдым. География пәнінен 12 баланың 54% орындады. Ал, келесіде оқыту тестін өткізіп, тақырыпты меңгергеннен кейін, нәтижеде 98% орындады. Бұл тестердің тағы бір тиімділігі, егер ол әр модуль — тарау сайын өтсе, оқушылардың сабаққа дайындалуын тәртіпке келтіреді.\r\n\r\nӘр тестен кейін түзету жұмысын жүргізу міндетті түрде қажет. Арнайы дәптерге оқушы қате сұрақты белгілейді, ол сұрақтың дұрыс жауабын өзара талдап, әрі мұғалім толықтырады. Дұрыс жауап жазылады. Осындай түзету жұмыстарын жүргізу нәтижесінде оқушылардың пәнге байланысты терминдердің нақты баламасын білмейтіндерін, қарапайым сұрақтарға оқушы көп зейін аудармайтынын анықтадым және жою мақсатында 100 — ге жуық термин сөздерді жазып, жаттап, тексердік.\r\n\r\nМұғалім тест тапсырмаларды тек оқушылардың білімін бақылауда ғана емес қолдана алады. Тест тапсырмалардың көмегімен оқу үрдісінде оқушылардың өз — өзін бақылауын ұйымдастыруға болады.\r\n\r\nОсындай тапсырмалар оқушылардың дайындық деңгейін анықтап, тақырып бойынша білімдерін өздігінен тексеруге және өз — өзін бақылауды жүзеге асыру әдістерін қалыптастыруға мүмкіндік береді.\r\n\r\nЖоғарыда айтылып кеткендей, әрбір тест жүргізгеннен кейін оқытудың нәтижесінің статистикасын алу қажет. Берілген кесте бойынша жауап нәтижелерін өңдеуден өткіздіру өте ыңғайлы. Кестенің төменгі жолында әрбір сұрақ бойынша қателердің жалпы саны саналады да формула бойынша осы берілген сұрақты меңгерудің пайыз көрсеткішін анықтауға болады:\r\n\r\nК = N/n х 100%,\r\n\r\nК – меңгеру пайызы,\r\n\r\nN – дұрыс жауаптар саны,\r\n\r\nn – берілген тест бойынша жұмыс істеген оқушылар саны.\r\n\r\nЖоғарғы сыныптарда тест алу арқылы күтілетін нәтижелер:\r\n

    \r\n

  1. Сабаққа деген ынтасы, қызығушылығы артады.
  2. \r\n

  3. Білімді өз бетімен алу жолдарын үйренеді.
  4. \r\n

  5. Танымдық іс−әрекеті, ойлау белсенділігі, тапқырлығы, тез шешім жасау әрекеті дамиды.
  6. \r\n

\r\nТест – ағылшын сөзі, «сынақ», «байқау» деген мағынаны білдіреді де, белгілі тапсырма беру арқылы оқушылардың ақыл — ой сапаларын сынап көрсететін әдіс. Ең алғаш рет тесті оқушылардың білімін тексеру үшін ағылшын педагогы Дж.Фишер 1864 жылы қолданған екен. Қазіргі тәжірибеде қазақ тілі сабағында тестілеу әдісін қолдану тиімді, пайдалы, әрі нақты педагогикалық өлшемнің бірі болып тұр. Тест әдісін қолдану білім сапасын бақылауға, дамытуға, ұйымдастыруға, болжауға, тәрбиелеуге көп көмегін тигізуде. Бұл әдіс арқылы мұғалім артық уақытсыз оқушылардың білім дәрежесін тез тексеруге мүмкіндік алады. Тест әдісін қолдану оқушының білім деңгейін көрсете отырып, мұғалімнің жұмысының нәтижесін де көрсетеді. Оқушылар да өз білім деңгейлерін көре алады, өздеріне — өзі бақылау жасай алады. Ата — аналар да өз балаларының білімін бақылау мүмкіндігіне қол жеткізеді.\r\n\r\nТестілеудің ерекшеліктері:\r\n

    \r\n

  1. Оқушы өзін — өзі бақылайды, бағалайды, кемшіліктерін анықтайды.
  2. \r\n

  3. Сапалық көрсеткіштерде жақсы нәтижеге жеткізеді.
  4. \r\n

  5. Нәтижесі тікелей белгілі болады.
  6. \r\n

  7. Барлық оқушыға бірдей талап қойылады.
  8. \r\n

  9. Оқушылардың білім дәрежесі әділ бағаланады, әрі оқытушының өз пікірінше ғана бағалауына жол берілмейді.
  10. \r\n

  11. Оқушылардың білім деңгейін білу үшін оқылған материал тегіс қамтылады.
  12. \r\n

\r\nОқытудың коммуникативтік әдісінің енгізілуі оқушылардың игерген білімдерінің деңгейін анықтауға да жаңа сапалық өзгерістер әкелуде. Жалпы алғанда тест: педагогикалық тест, психологиялық тест, профессионалдық тест, т.б. бөлінеді. Лингводидактикалық тест — педагогикалық тестің бір бөлігі ретінде, сөйлеу және жазу тілі тестерін құрастырып, оны жүзеге асырумен айналысады. Лингводидактикалық тест әдісі оқушылардың меңгерген материалын ескере отырып: біріншіден — өтілген тілдік материалды қайталау, қорыту, екіншіден — алған білімдерін тәжірибеде, күнделікті өмірде қолдана білуі мақсатында жүргізіледі. Осыған орай бұл тест екіге бөлінеді:\r\n

    \r\n

  1. Тілдік тест. Оған лексикалық, грамматикалық тест түрлері жатады.
  2. \r\n

  3. Сөйлеу тілі тесті. Көбіне жағдаяттық тақыраптағы сұрақ — жауап тапсырмаларынан тұрады.
  4. \r\n

\r\nАл тест әдісін жүргізу баспалдақты жүйе негізінде жүзеге асырылады:\r\n\r\nА) тест жүргізудің дайындық кезеңі;\r\n\r\nӘ) тест өткізу кезеңі;\r\n\r\nБ) тест тапсырмаларын қорытындылау, бағалау кезеңі.\r\n\r\nЛингводидактикалық тест әдісі оқушының өтілген материалдарды қорытып, өз бетімен жеке жұмыс істеуіне, логикалық ойлау қабілетінің дамуына, пәнге қызығушылығының артуына көмектеседі. Оқу үрдісін, оның білімділік жағын жетілдіру коммуникативтік принципін еңгізу мәселелеріне байланысты. Сондықтан да, қазақ тілі сабақтарында белгілі бір тақырыптардан кейін алған білімдерін бақылау негізінде лингводидактикалық тест тапсырмалардың берілгені тиімді.\r\n\r\nОсы орайда, мен өз тәжірибемде, оқушылардың білімдерін, іскерліктерін, дағдылары мен ойлау қабілеттерін тексеріп, бақылау үшін тестілеудің 4 түрін үнемі қолданамын. Олар:\r\n

    \r\n

  1. Дұрыс таңдау немесе ашық тесті — бірнеше жауап нұсқаларымен беріледі, оқушы дұрыс жауабын көрсетуі қажет.
  2. \r\n

  3. Баламалы (альтернативті) тест — негізгі тапсырмасы екі нұсқалы жауаптан тұрады (иә — жоқ, дұрыс — дұрыс емес) және қиын ережелер мен анықтамаларды меңгерген деңгейін тексереді.
  4. \r\n

  5. Толықтыру немесе тұйық тест – оқушы берілген сұрақты немесе сөйлемді өзі толықтыру қажет.
  6. \r\n

  7. Сәйкестендіру тесті – бірнеше бір – біріне жақын жауаптар беріледі, оқушы жауаптары сәйкес нұсқаларды бағытпен көрсетуі қажет.
  8. \r\n

\r\nБұл тест түрлерін әр сабақта үнемі ауыстырып қолданып отырса, жоғары нәтижеге қол жеткізуге болады.\r\n\r\n2013-2014 оқу жылында мен тест әдісін қолдана отырып, 7-10 -сыныптың қазақ тілі оқулығына арналған тест жинағын, 6 – қазақ сыныбының қазақ тілі оқулығына арналған тоқсандық бақылау тест жинағын құрастырсам / Құрастырған тест жинақтарының пікір иесі: Астана қаласындағы С.Сейфуллин атындағы агротехникалық университетінің деканы, филология ғылымдарының докторы Резуанова Ғалиябану Кабиқызы. /, тест әдісінің ашық тест түрі кездесетін «Железин өңірінің компоненттері» атты оқу құралын / Пікір иесі: Астана қаласындағы С.Сейфуллин атындағы агротехникалық университетінің деканы, филология ғылымдарының докторы Резуанова Ғалиябану Кабиқызы. /, 5 — сыныптың қазақ тілі пәні бойынша лексика саласына арналған дидактикалық тапсырмалар жинағы мен 8-сыныптың қазақ тілі оқулығына арналған жұмыс дәптерін / Пікір иесі: «Білім беру және тәрбиелеуді дамытудың инновациялық орталығы» кабинетінің әдіскері: Неғманова Құралай Уәхитқызы /, сияқты әдістемелік құралдарды құрастырдым. Аталған әр жинақта тест әдісі кездеседі.\r\n\r\n2013 жылдың желтоқсан айында «6-қазақ сыныбының қазақ тілі пәніне арналған тест» атты жинағым республикалық «Коллеги» атты интернет-журналында басылып шықты.\r\n\r\n«Шәкірті озған ұстаз — еңбегі ақталған ұстаз» — демекші, оқушыларымның да пәнге деген қызығушылықтары артып, тест әдісі кездесетін сайыс, марафондарға үнемі белсенді қатысып, жүлделі орындарға ие болуда. Солардың ең үздігі деп, 2013 жылы «Ақбота -2013» атты республикалық интеллектуалдық марафонында: 9 «А» сынып оқушылары — Жанбусинова Айдана, Музина Аим, Жұманова Гульмира және 3 «А» сынып оқушысы -Тасамбаева Зарина жүлделі 3 орындарға ие болып, Музина Аим мен Жұманова Гульмира Алматы қаласында өтілген «Жас дарын» мәдени-танымдық ауысымға жолдама алып, демалып қайтты.\r\n\r\nАғартушы Д.Пойанның мынандай қанатты сөздері бар: «Мұғалім өз тауарын өткізе алатын сатушы тәрізді болуы тиіс, ол тауарын әдемілеп көрсете білуі керек». Сабақ беру дегеніміз — әр түрлі педагогикалық тәсілдер жиыны тұрақты шығармашылық ізденіс. Сондықтан, ізденген, жаңаға ұмтылған ұстаздан ғана шығармашыл, білімді шәкірттердің шығары анық.\r\n\r\nОқушылардың білім, білік дағдыларын дамыту, оларды үнемі бақылау, әрине қоғам талабынан туындайды. Қоғам қашанда дарынды, қабілетті адамдарға мұқтаж болып келген. Қазіргі кезде мамандық атаулының барлығы білімділікті, ептілікті, ерекше ой қызметін, белгілі бір білім дағдыларының қалыптасуы, оларды керекті бағытына жаңаша ізденіспен бұра білу қабілеттілігін қажет етеді. Баланың қабілетін өрістететін, дамытатын тек мектеп қана.\r\n\r\nҚазіргі кезде республикамызда білім беру ісін жаңғыртудың негізгі ұстанымдары ретінде демократияландыру, ізгілендіру ұстанымдары анықталды. Олардың талабы бойынша оқытудың басты мақсаты өздігінен білім алып, дами алатын жеке тұлғаны қалыптастыру. Сондықтан теориялық материалдардың мазмұны, оқушының өздігінен жаңа тақырыпты меңгеруіне қолайлы және қызықты мазмұндалуы қажет. Ең алғашқы білім бастауыш білім болғандықтан, бастауыш саты — үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы. Осыған сәйкес оқушыға белгілі бір көлемдегі білім, білік, дағдыларды меңгерумен бірғе табиғат, қоршаған дүние   туралы   түсініктерін   кеңейте   отырып,   оларды   педагогикалық бақылаудың бір түрі — тестілеу бағытында жан-жақты дамыту бүгінгі күннің басты талабы. Осы талап тұрғысынан алғанда, оқу-тәрбие үрдісін ұйымдаструдың сан түрлі әдіс-тәсілдерін іздестіру, жаңа технологияларды тиімді пайдаланудың маңызы ерекше.\r\n\r\nТестілеу — бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Ол үшін баланы бастауыш сыныптардан бастап тестілеу түрлерін білуге, қалыптан тыс шешімдер қабылдай алуға, практикалық әрекеттерге дайын болуға дағдыландыру керек.\r\n\r\nТестілеп бақылап оқыту әдісіне негізделген технология оқушының ойлау, елестету мен есте сақтауын, ынтасын, белсенділігін, дағдысын, білім сапасының дамуын қамтамасыз етеді.\r\n\r\nБіздің ойымызша, оқытудың мақсаты өз бетімен дами алатын, әр түрлі өзгермелі жағдайларда бағдар ұстай білетін, белсенді жеке тұлғаны, яғни субьективті тәрбиелеп шығару. Оқытудың ендігі жердегі мақсаты оқыту әдістерінің оқушының өз бетімен ізденіп қызмет жасау әдістері мен тәсілдерімен толығуын қажет етеді. Осыдан жаңа шарттар мен талаптар да туындайды. Әдістемелік жүйені осылайша жаңалау, сәйкестік оқулық әдістемелік, дидактикалық — өте күрделі бақылауды, тексеруді, тестлеуді қажет ететін жұмыс.\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\nҚорытынды\r\n\r\nТестілеу қазіргі оқыту процесінде қолданыс тапқанымен әдебиеттер мен нұсқаулар жоқтың қасы. Зерттеу жұмысы кез-келген мұғалімнің қолынан келе бермейді. Тестік тапсырмалар туралы баспадан шығару аз болғандықтан мұғалімдер газет-журналдардағы мақалалардан ғана тапқанын басшылыққа алады. Қазақстандағы білім беру ісін өзгерту, стратегиялық міндеттерінің бірі — шығармашылық тұрғыдан ойлай білетін дара тұлғаға терең білім беру. Осыған орай білім сапасы жөнінде әртүрлі пікірлер орын алуда.\r\n\r\nАл 1-3 сныптарға арналған жаңа буын оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендері стандартпен оқу бағдарламасына сәйкес жетілдіріліп, толықтырылып, «Атамұра» баспасынан шығарылды.\r\n\r\nЖалпы бастауыш білім бастауыш мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарында әрбір оқу пәні бойынша базалық білім мазмұны оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар белгіленген. Міндетті деңгейге жету және бағалау кезінде бастауыш сынып оқушыларының жалпыға бірдей бастауыш білім дайындығының мемлекеттік стандартына қойылатын талаптарыыа қарай жүзеге асырылады. Бастауыш сатыдағы білім бойынша оқушылардың міндеті дайындық деңгейіне жетуін тексер, ауызша сұрау тақырыптық және қортынды деңгейлік жазбаша тапсырмалар немесе такырыптық қортынды бақылау жұмыстары, диктант сынау, тестілеу тапсырмалары арқылы жүзеге асады. Стандарт талаптарының орындалуын бағалау оқу үрдісінің межелік кезеңінде, яғни оқытудың бастауыш сатысының соңында 4-сыныпта жүзеге асырылады.\r\n\r\nОқушылардың білім, білік, дағдыны тексеру, бақылаудың бұл түрі\r\n\r\nтестілеу болып отыр. Қазіргі бақылау мен бағалаудың, яғни тест түрімен тексеру, барлық мектеп тәжірибесінде бар.\r\n\r\n \r\n\r\n 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ