Тоқтамыс пен Едігенің бейіті бір жерде

1
2063

Тоқтамыс ханның ордасында беделді би болған Едіге қасиетті Ұлытаудың биік шыңдарының бірінде жерленген. Ол шың кейіннен Едіге деп аталып кеткен. Өз дәуірінде ерекше құрметке ие болған бидің қасында Тоқтамыс хан жерленген екен.Тарихта бір-біріне қас болған тұлғалардың бір шыңда жерленуінің себебін анықтап көрді.

Тарихи деректерге көз жүгіртсек, Едіге Темір-Мәлік ханның ұлы Темір-Құтлықпен бірге Тоқтамыстан қашып шығады да, Ақсақ Темірге келеді. Кейін Ақсақ-Темірдің көмегімен Тоқтамысқа қарсы соғысады.

Алдыңғы шебі көрінбейтін ұрыстарда аман қалған Едігеден қасындағы нөкерлері қартайған шағында өзінің бақилық болғаннан кейін қайда жерлеуін мақұлдайтынын сұраған екен. Сонда Едіге «Мен өлгеннен кейін ақ киізге орап, жылқыға нықтап байлаңдар. Сосын аттың басын бос қойыңдар. Жылқы қайда барып тоқтаса, мені сонда жерлеңдер» деген екен. Сарбаздар бидің өсиетін бұлжытпай орындайды. Ат Ұлытаудың бір шыңының басына барып тоқтайды.

Алтын Орда ханы Тоқтамыстан да көзі тірі кезінде уәзірлері осы өсиетін айтуын сұраған екен. Тоқтамыс еш ойланбай, Едігенің қасына жерлеуді бұйырады. Сонда уәзірлері хан өзінің қас жауымен неліктен бір шыңда жерленуін қалап жатқанын сұрайды. Тоқтамыс бұл сұраққа «Бұл дүниеде Едігемен қырылған жау болдық. О дүниеге барғанда онымен дос болғым келеді», — деп жауап берген екен.

Ұлы қорғандар, қорымдар, Беғазы Дәндібай мәдениетінің кесенелері, тастағы таңбалар, петроглифтер, шахталар, мыс, қалайы, күміс, алтын және балқытқан металл қорыту пештері, басқа да көне ескерткіштер мен ғалымдардың зерттеулері Ұлытау көне заманнан бері Сарыарқаның және барлық даланың орталығы болғанын растайды. Ұлытау — бұл біздің ата-бабаларымыздың мыңдаған ғасырлық аңызына айналған, ақындары жырлаған қазақ халқының құрметтейтін қасиетті жері.


1 ПІКІР

  1. Қасиетті Қазақ жерінде екі ұлы тұлға бір жерде жерленіпті ғой.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ