Туған күнге арналған тілектер

0
15537
Иллюстрация: Freepik.com

Бүгін менің туған күнім.
Ой, бәле-ай!
Мына адамдар неге жатыр тойламай?!
Банкет жасап берер едім өзім-ақ,
Тәңірдің бір жарытпай-ақ қойғаны-ай, —
деп ақиық ақын Мұқағали жырлағандай, бүгін туған күн мерекесі. Мүмкін сіздікі, әлде досыңыздың, немесе туған-туыстың т.б Міне сіз әдемі гүл шоғын алып, қымбат сыйлығыңызды сайлап, туылған күнге барасыз. Ол жерде әрине шын жүректен шыққан құттықтау тілектер айтылады. Кей кезде сол құттықтау, тілектер ойға түспей қиналатын кездер болады. Міне осындайда осы тілектерді жаттап алсаңыз, сіз міндетті түрде туған күн иесіне керемет тілегіңізді жеткізесіз деген ойдамыз. Сәттілік тілейміз!

Таудай талап, мызғымас сабырлық, қайтпас жігер, таусылмас талант, тамаша табыс, керемет кішіпейілділік, жайдары көңіл, ұзақ өмір тілеймін! Жадырап, жайнап күл, ойна, бақыттың сәтін күнде тойла!

********

Туған күніңізбен! Өміріңіз қашан да көктемдей жарқын әрі шуақты, жаздай жылы әрі жайма шуақ болсын! Көңіліңіздің аспаны ешқашан түнермей, қақаған аяз жаныңызға батпасын! Кешегі батыл мақсаттарыңыз бүгінгі күн шындыққа айналсын!

Біздің өміріміз үлкен өзен іспетті. Сіздің қайығыңыздың қиындықтардан жеңіл өтіп, махаббат иірімінде басқаруын жоғалтпай, бақыт сарқырамасына жетуін тілеймін!

Туған күн – ғажайып армандар мен жарқын үміттерге толы өміріңнің жаңа бастамасы. Ондағы бар армандар — тілектерің орындалсын! Туған күніңмен құттықтаймын!

Сенің бойыңда көшбасшылық қасиетпен қатар қарапайымдылық пен мейірімділік ерекше үйлесмділікпен кездеседі. Көздеген шыңдарыңды бағындырып, діттеген мақсаттарыңа жетуіңе тілектеспін!

Тек қана туған күніңде емес, әр күн сайын мен саған шын жүректен әлемнің бар асылын, жақсылығын, қуанышын, байлығын тілеймін. Ақ қанат армандарың биікке самғап, өміріңнің көгінен орын ала берсін. Шынайы бақыт иесі болуыңа тілектеспін!

Туған күніңмен! Кеудеңдегі лүпілдеген моторың ақаусыз жұмыс жасап, жүз жаса! Өмірің ой — шұңқыр мен оқапсыз, кең әрі тегіс болсын! Жолдың шұғыл бұрылыстарынан аман өтіп, өміріңнің рөлін мықтап ұста! Өмір жолың сәтті, шаттыққа толы болсын!

Туған күніңізбен! Айналаңыз қуаныш пен шаттыққа, бақыт пен табысқа, шат күлкі мен махаббатқа, мейірім мен қамқорлыққа толсын! Әр сәт сізге тек бақыт пен қуаныш сыйласын!

*********

Бұл күн күнтізбеде қызылмен белгіленбеген бізге ғана ортақ мейрам болса да, әлемде осы күнге жетер тамаша күн жоқ. Себебі дәл осы күн – біздің әлем сенімен толыққан күн. Біз сені туған күніңмен құттықтап, зор денсаулық, сарқылмас бақыт тілейміз!

***********

Туған күніңмен! Саған туған күніңде жаңа әлемнің есігін айқара ашып, күлкіңмен бағындыруыңды тілеймін! Өміріңнің қыры қашан да жайқалып, гүлдей берсін!

Тау суындай таусылмас қайрат,
Сыр суындай сарқылмас жігер,
Гүлдей жайқалған ғұмыр,
Гүлдей тербелген өмір тілеймін.

Көлдей көңіл тілеймін таусылмайтын,
Өзендей өмір болсын сарқылмайтын.
Аспаның айлы түндей ашық болсын,
Дұшпаның бір өзіңнен қашық болсын.
Айта берсек тілек көп таусылмайтын,
Жаза берсек қалам көп майыспайтын.
Жүректегі тілекті өлең менен
Жеткіземін мен саған шын көңілмен!!

Көлдей көңіл тілеймін таусылмайтын,
Өзендей өмір болсын сарқылмайтын.
Аспаның айлы түндей ашық болсын,
Дұшпаның бір өзіңнен қашық болсын.
Айта берсек тілек көп таусылмайтын,
Жаза берсек қалам көп майыспайтын.
Жүректегі тілекті өлең менен
Жеткіземін мен саған шын көңілмен!!

Өмір жыры таусылмасын мәңгілік,
Тұрсын алдан арайланып таң күліп,
Бақыт болсын әрқашанда жолығар,
Шаттығыңыз тау суындай молығар.

*******
Тілеймін бақытты өмір ашық аспан,

Жалғанда тілек бар ма одан асқан.
Аман боп жанұяң мен бауырларың,
Жалғансын ақ таңдарын нұрын шашқан!

******

Мейірлі жүзің болсын,
Дархан пейілің болсын.
Қайсар жігерің,

Бауырмал мінезің болсын!

Көктемнің күлімдеген күні болшы,
Өмірдің шешек атқан гүлі болшы,
Қуанышты, көңілді өмір сүріп,

Өмірде ең бақытты жандардың бірі болшы!

******

Өзіңе қонар бақтың баяндысын, бітер дәулеттің көл — көсірлігін, келер ырыстың ысырап болмауын, жүрек гүлінің мәңгі солмауын, шаңырағыңа шаттық орнауын, Тәңірдің шексіз қолдауын тілейміз!

******

Тек шаттыққа толы күндер кешіп, бағыңда бақыт құсы сайрап,

сәулетіңе сай дәулет орнасын деп тілеймін.

*****
Осы қуанышты күні Сізге деніңіздің саулығын, шаңырағыңызға ырыс байлығын, жүрегіңізге мәңгі жастық жалынын, көңіліңізге сезімнің шалқыған шаттығын тілейміз. Әрдайым осы тыңғылықты да тындырымды қалпыңыздан танбай, табыстан табысқа жете беріңіз. Отбасыңыздан ынтымақ, басыңыздан бақ таймасын! Көңіліңіз ғұмыр бойы көтеріңкі болып, өмір айдынында қайғы — мұңды білмей, еркін жүзе беріңіз. Дос — жаран мен туған – туыс алдында абыройыңыз әрдайым артып, аңсаған арманыңыздың асуларына жете беріңіз!

*****
Абырой, амандығың арта берсін.

Бақ — дәулет қызығымен қатар берсін,

Қонағың жақсы көрген жиі келіп,

Таусылмас дәм — тұзыңды тата берсін.

Осындай ойын — сауық бол берсін,

Үй — іші той — думанға тола берсін,

Өмірдің гүл жайнаған жәннәтындай

Баршаңа бақыт құсы қона берсін.

Осы үйге көп — көп қылып бала берсін,

Балаға таудай талап, сана берсін,

Бәрі де балалардың өнерлі боп,

Бақыты барған сайын жана берсін!

Осы үйге сұлу мінез келін берсін,

Келінге адал ниет, пейіл берсін,

Ақ көңіл, ата — анаға мейірімді боп,

Қызығын бала — шаға түгел көрсін!

Жаныңда жақсы көрген көршің болсын.

(Көршіңіз жақсы болса – бейне төркін),

Ағайын, туған — туыс, жекжаттарың –

Баршасы сау — саламат, өсіп — өнсін!

*****
Құдайым көктем берсін,

Көктем берсе – көптен берсін,

Құдайым жаздай берсін,

Жаздай берсе – жазбай берсін,

Құдайым күздей берсін,

Күздей берсе – үзбей берсін,

Құдайым қыстай берсін,

Қыстай берсе – қыспай берсін!

*****
Күміс күлкі жүзіңнен арылмасын,

Болсын дейміз әрдайым бағың басым.

Отбасыңа тілейміз біз амандық,

Жаратқан дәйім Сізді жарылқасын.

*****
…. туған күнің құтты болсын!

Ағайын — туысқанмен ортаң толсын.

Бір көрген адам Сізге көңілі толған,

Туысқан бауырларға сыйлы болған.

Тойыңыз әрқашанда тарқамасын,

Өзіңді балаларың арқаласын,

Жасыңа дәл осындай жас қосылып,

Көңілің дариядай жарқырасын.

*****
Той — думан болсын өмірің сарқылмайтын,

Бақыт берсін ешқашан таусылмайтын.

Тілейміз сізге саулық, ұзақ ғұмыр,

Орындалсын ой — арман тілегіңіз.

*****
Аспаныңыз ашық, жүзіңіз жарқын, шаттық — қуанышыңыз мол болсын.

*****
Жұлдызыңыз жоғары, еңбегіңіз бағалы, мерейіңіз үстем болсын.

******
Мерейіңіз таси берсін, мәртебеңіз биіктей берсін.

*****
Жүрер жолыңыз ұзақ, шығар тауыңыз биік,
көрер қызығыңыз мол болғай!

*****
Шаңырағыңызға береке — бірлік, шадыман шаттық — қуаныш тілейміз

******

Тілегім көп сізге айтар тек жақсылық
Жақсы тілек айтыла берер баршылық
Туған күнде шаттанып бір қуанышқа
Жасап қалып жасарыңыз бір жасқа

Қосып жатса жасты жасқа басқасы
Сайран салып, билесеңіз бір басқа.
Тілерім көп тұнық теңіздейін
Теңіздегі алтын балық сол сіз дейін,

Теңіз түстес көк аспанның ашығын
Нәсіп етсін Алла сізге ғұмыр ұзағын.
Бақыт құсы басыңыздан ұшпасын,
Адал достар мәңгі сізді қостасын.

Туған-туыс, бауырлардың сыйлысы
Болып жүргей, періштелер оңдасын.
Машалла тақалдырған ісімен
Альхамдулила жайдарлы мінезімен

Субханалла бөлене бергін даңқына,
ИншАлла сыйлы адам болғын баршаға.

******

Қанша жұлдыз әлемде?
Қанша теңіз әлемде?
Сонша бақыт тілеймін
Бақыты бол өмірде

Туған күн құтты болсын!
Бірінші — ұзақ жасты өмірлі бол,
Екінші — адал кәсіпке бейімді бол.
Үшінші — тіл мен көзден аман бол.

Ғылымға өнерменен зейінді бол,
Төртінші — қатарыңда кемелді бол.
Бесінші — берекелі, беделді бол.

Алтыншы — арыстандай айбатты бол,
Жетінші — жетектеушің Қызыр болып,
Дініне Мұхамбеттің қайратты бол.
Алқалы ақ ордалы кеңесті бол.

Дұғамды қадір Алла қабыл етсін,
Бұрынғы жақсылармен теңесті бол.
Туған күн ерекше күн әрбір жанға
Жан досымды асықтым мен құттықтауға

Бар бақытты тіледім бір өзіңе
Армандарың орындалсын бұл өмірде
Денсаулығың мықты боп әрқашанда
Жүре берші жадырап ортамызда

Демеп жүрер жанның бірі сенсің қиналғанда
Үзілмесін достығымыз ешқашанда!

*******

Ағатайым, арқа сүйер ақылшым,
… астан асып бара жатырсың.
Ортаймасын күлкі күнің ешқашан,
Бақыт тілеп өмір таңын атырсын.

Аға десе, асқар тау елестейді,
Сен дегенде көңілім егеспейді.
Денің сау боп отбасыңа бас болшы,
Ешбір жан өзіңменен теңеспейді.

Сені туған күніңмен шын жүректен құттықтаймын, ойлаған арманыңа жетуіңе тілектеспін. Сені тек биіктерден көрейік. Қадамыңа — гүл, келбетiңе — нұр, қиялыңа қанат бiтсiн, жасыңа — жас, басыңа бас қосылсын! Шаңырағыңа құт-береке, бейбiт күннің арайлы шуағы мейлiнше төгiле түссiн, отбасыңа — амандық, денiңе — саулық, ұзақ ғұмыр тiлеймiз, арманың — асқақ, шығар биiгің асқаралы болсын!
Әрдайым құшағың — гүлге, қадамың нұрға тола берсiн! Бақытты өмiр сүруiңе шын жүректен тiлектеспiн!

*******

Тілеймін бұл өмірде бақыт саған,
Тілеймін асқақ ойлы, нұрлы арман.
Шын махаббат, адал достық тілеймін,
Тілеймін бұл өмірде сәтті қадам!!!

Сылдырап аққан бұлақтың
Мөлдірлігін тілеймін.
Көкорай шалғын табиғат
Әсемдігін тілеймін.

Көңіліңнің көктемдей
Ашықтығын тілеймін.
Бар алдағы өмірде
Бақыт қана тілеймін.

Сізге айтар тілек:
Таусылмаңыз еш жүдеп
Қиналсаңыз – төзiңiз,
Жарыссаңыз — өзіңіз

Ойнасаңыз — ұтыңыз
Күрессеңіз — жығыңыз
Ешкiмдi бағынбаңыз
Басыңыздан асырмаңыз.

Табысқа тасымаңыз.
Намысқа жасымаңыз
Ешкiмдi күндемеңiз.
Ешкiмдi тiлдемеңiз

Сөзiңiзден танбаңыз.
Қатарыңыздан қалмаңыз.
Бiреудi даттамаңыз
Ешқашан кек сақтамаңыз

Өсектi тыңдаманыз.
Шынығып шындалыңыз
Жақсыдан үлгi алыңыз!

Гүлдей жайнап өсе берсін өмірің
Судай тасып көтерілсін көңілің
Әрқашанда ақ жол туып алдыңнан
Бақытты да ұзақ болсын ғұмырың!

Бақыт құсы қонсын ылғи басыңа
Ғұмырлы бол, жас қосылсын жасыңа
Қуаныштар қарсы алдыңнан қарсы алып,
Сәттiлiктер шыға берсін асыға!

********

Досқа тілек жақсы ғой,
Дос дегенін асыл ғой.
Досым деген өзіңе,
Күлкі тілеймін жүзіне.

Айта берсем тілек мол,
Алдыңғы тек ақ жол.
Тілегім шексіз дос десе,
Бір тілегім достығымыз өшпесе.

Сонау бақыт жерінде,
Қол жеткізбес өзгеге
Бар екен бір биік тау.
Шыңын жапқан аппақ қар.

Бөктерінде ну орман
Нәрін алған бұлақтан,
Сол орманның маңында
Сырқырап аққан өзен бар.

Мөлдір суын татқандар
Жүзін көрер шуақтан.
Шыңындай таудың белесті,
Бағындырып жүрсең екен әр істі.

Шыңындағы аппақ қардай көңілің,
Мұздамасын, шаттықтан ақ жүрегің
Нәрлеген сол,ну орманы секілді
Болса деймін досың адал көп ізгі.

Сырқырап аққан өзеніндей өмірің
Бола берсін ұзағынан ғұмырың
Мөлдір суын татып жүріп өмірдің
Бақытты бол мәңгі досым бір өзің.

*******

Туған күнің құтты болсын, жан қызым,
Айшам менің еркелеген сəн қызым.
Ата — анасын жетелейтін жұмаққа,
Алтыннан да қымбат маған əр қызым.

Қызым менің қызғалдағым, тұңғышым,
Бойжетіп сен келесің міне, жұлдызым,
Денсаулығың мықты болсын, жүрегім,
Орындалсын арман — ойың, тілегің.

Қызым менің қызғалдағым, шырайлым,
Саған бақыт жаратқаннан сұраймын.
Иман нұры жүрегіңді толтырып,
Тура жолмен жүре бергің, арайлым.

Күн нұрындай жайнай берші, жарқыным,
Қуанышқа толы болсын əр күнің.
Денсаулығың мықты болып, ауырмай,
Аман — есен көз алдымда жүре берші, алтыным.

Қабыл етіп Аллам осы дұғамды,
Ұзақ болсын ғұмырың əрі мəнді,
Жақсы оқы сабағыңды, озат бол,
Ата — анаңнның саған деген тілегі сол.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ