Туған жерім, қасиетті мекенім

0
7287

Туған жерім,қасиетті мекенім,
Білем сенің киең биік екенін.
Шаң жуытпай сенің мына атыңа,
Ардақтаумен туған жерім өтемін.

Туған елім қасиетті тұғырым,
Ешқашанда лайланбайтын тұнығым.
Балаң сенің байтақ мына төсіңде,
Бақытты өмір кешіп жатыр бүгінде.

Елім менің қасиетті айбыным,
Көк жүзінде қалықтаған айдыным.
Бұл өмірде өзің ғана туған жер,
Шексіз менің баға жетпес байлығым.

Туған жерім таусылмайтын жыр әнім,
Бір өзіңмен әрқашанда аранманым.
Асқақтағын,шарықтаған әрдайым.
Саған осы тілегімді арнадым.

Аншаев Мадияр Болатұлы
Қызылорда облысы,Сырдария ауданы,
№ 36 Ә.Тәжібаев атындағы мектеп-лицейдің 9 сынып оқушысы

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ