Есте сақтау қабілетім жақсы болсын десеңіз…

0
2387
  1. Кез келген ақпаратты бар ықыласыңызбен  қабылдап, есіңізге сақтағаныңыз дұрыс.
  2. Сабақ барысында ұстаздардың айтқанын мұқият тыңдаңыз, сабаққа дайындық кезінде сол ақпарат міндетті түрде қажет болады.
  3. Алдыңызға анық та, айқын мақсат қойыңыз.
  4. Барлық нәрсені бірден жаттаймын деп әуреленбей-ақ қойыңыз.  Үзіліс жасап тұрғаныңыз абзал.  Қатты шаршағанда мидың жұмыс жасау қабілеті  төмендей бастайды.
  5. Есіңізге сақталған дүниелерді еске жиі түсіріп, жиі қайталап тұр. Қайталау арқылы ешнарсе ұмытылмайды.
  6. Бүгін берілген тапсырманы апта соңында өткізу керек болса, ертеңгі күнді күтпей қазірден дайындалып бастасаңыз жақсы нәтижеге қол жеткізесіз.
  7. Қабілет тың  дүниелерді  жақсы көреді. Сондықтан, үнемі жаттығулар жасап отырған дұрыс. (кез келген сөзді өзге тілге аударып, т.б.)
  8. Есте сақтау қабілетім жақсы болсын десеңіз , ережелерді жеті күнде бір рет емес, бір күнде жеті рет қайталаңыз.

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ