Тіл үйренудің 7 жолы

0
2240

Көп тіл білу бүгінгі заманның негізгі талаптарының бірі. Қазіргі кезде әлемде 700 миллион адам ағылшын тілін үйреніп жатыр екен. Тіл үйрену барысында барлық адамның қиналытыны анық. Жалғыз ағылшын тілінің емес, кез келген тілді үйренудің өзіндік қиындықтары бар. Десекте, тіл үйренудің қарапайым 7 жолын біз сіздерге ұсынамыз.

1 — жолы:  Өзің қызығып жүрген тіл жайлы қызықты мәліметтерді оқы. Сонымен қатар, сол тілдің шығу тарихымен таныс. Мысалы, ағылшын тілі. Ағылшындар Уильям Шекспирді пір тұтады. Ақын ағылшын еліне мұра ретінде 5 поэма, 10 күнделік, 11 трагедия, 17 комедия, 154 сонет қалдырған. Шекспирдің туған күні , яғни 23 сәуір Бүкіләлемдік ағылшын тілі күні деп атап өтеді. Қайтыс болған күні Бүкіләлемдік кітап күні деп аталады. 

2 — жолы: Сүйікті актерің немесе футболшының өмірбаянын үйреніп жүрген тіліңде оқып,қызықты мәлімет алғаның дұрыс. Сонда сөздік қорыңның көбейері анық. Немесе басқа да қызықты мәліметтерді қазақ тілінен басқа тілге аудар.

3 — жолы: Шет тілінде кітап оқу. Оқи отырып таныс емес сөздерді қағазға түртіп отыру арқылы тіл байлығымызды дамытуға болады.

4-жолы: Өзге тілде музыка тыңдап, кино көру. Актерлардың қалай таза , анық сөйлетінін байқау арқылы жадымызда көп сөздер жатталып қалады. 

5-жолы: Ғаламтордан шет тілін үйренуге қатысы бар видеоларды көру. Бұл біліміңді шыңдауға көмектеседі. Мысалы, Native English сайты. 

6 — жолы: Сөздерді жеке — жеке жаттаудың пайдасы аз, ал  тіркес арқылы жаттаған пайдалырақ.

7-жолы: Сол тілде достар тап. Олармен үнемі сөйлесу арқылы көп дүниені меңгересің. 

  Тіл үйренудің тәсілі өте көп. Тіл — алынбайтын қамал секілді, оны жан-жақтан соққы берумен бағындырасыз. Яғни кітап оқу, газет оқу, радио тыңдау, кино көру арқылы ғана,-дейді 16 тілді меңгерген химик Ката Ломб.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ