Туған жерім

0
2506

Батыс пен Шығыс елін жалғастырған,
Өркендеп Адам деген алмас тұлғам.
Шұрайлы, жанға жайлы туған жерім,
Сан жылдар тарих жүгін алмастырған.

Ой іздесем таулы өлке, қырға барам,
Көңілімді көншітпейді жылға маған.
Кең байтақ, шөбі шүйгін туған жерге,
Махаббатын кім бүгін жырламаған.

Тақпай еш Ұлан байтақ далама мін,
Жері үшін шайқасқан бабаларым.
Нұр төгілген қасиетті көркем жердің,
Жұмбағын жыр тілімен айта аламын.

Бұл өлкеде жаулардың сағы сынған,
Батыр бабам жер үшін болған құрбан.
Аспанда қалықтаған қыран құсы,
Сұлу дала жаралған жарық нұрдан.

Өзгерседе, өртеңдей замана мың,
Жайқалған асу,белің,далаларың.
Құшағында туылған батыр ерлер,
Тек өзіңнен нәр алған даналарым.

Өзгелер көрсе тамсанар тартып таңдайын,
Көгінде құсы қалықтап биік самғайтын.
Кең байтақ дархан далам бар,
Осынау күнді ғасырға сонау жалғайтын.

Құстардың сайрап,тұлпарың шауып тулаған,
Ақын ұл-қызың туған жерім деп жырлаған.
Жер ана сенсің жүрекке жылу беретін,
Өзіңе ғана шуағын сепсін ұлы Аллам.

Бауырыңда тулаймын, мақтанамын,
Шарықтасын биікте бақ талабын.
Шықтай мөлдір, мейірім,сұлулықтың,
Иесі сен, гүлді мекен Иран бағым.

Мадина Асубаева
Меркі ауданы, Ақтоған ауылы


ПІКІР ҚАЛДЫРУ