ҰБТ: кеңестер

0
3284

ҰБТ атты Ұлы Бір күндік Төңкеріс күнін бастан кешіріп қана қоймай, межелі 125 сұрақтың жауаптарын дөп шешу оңай емес. Десе де, ондай білімді жастарымыз бар деп мақтана аламыз. 2013-2014 оқу жылында өз білімдерін 100 % ақтап шыққан «алтын қыздарымыз» қандай кеңес айтады? Үлкен жетістікке жету жолының құпиялары неде? Бірге талқыға салайық!\r\n\r\nАйғаным Әбдіжаппар\r\n\r\nАйғаным Әбдіжаппар: 11-сыныпқа аяқ басқалы «М-агент, вконтакте, фейсбук, твиттер, инстаграм» бәрін ұмыттым. Ғаламторға кіруден өзімді автоматты түрде шектедім. Әркім өзі шешеді, әрине. Бірақ, уақытты тиімді пайдалану үшін бұл тәсіл өте тиімді. Мен оқитын мектеп математиканы тереңдетіп оқытатындықтан, есептен қиналған жоқпын. Қалған сабақтарға таза оқулықпен дайындалдым. Өзге дерек көздеріне жүгініп, бас ауыртудың қажеті жоқ. Өйткені, ҰБТ-дағы барлық тапсырмалар мектеп бағдарламасына негізделген. Арнайы репетиторға да бармадым. Қосымша сабақты өзімнің ұстаздарымнан алдым. Маған келген нұсқада бұрын кездеспеген сұрақтар да, логикалық тапсырмалар да болды. Оларға ойымды жинақтап, саралай келе жауап бердім. Нәтижеде, жауаптарымның бәрі дұрыс болып, 125 балды еншіледім. Шпаргалка қолданбадым. Себебі, көшірудің өзін келістіре алмаймын. Жанымдағы талапкерлердің не істеп отырғанына мән беретін уақытым болмады. Басқаларға алаңдаймын деп уақыт жоғалтпау керек, дұрысы.\r\n\r\n \r\n\r\nphoto-300x166\r\n\r\nӘсия Марат: Аудиториядан шыққанда, 125 сұрақтың жауабын дұрыс шешкеніме сенімді едім. Тест кілттері шығып, менің ұпайларымды есептегенде 124 болып қалды. Осылайша қай жауаптың қате болғанын білдім. Сөйтсем, қазақ тілінен өзім күмәнданған сұрақ екен. Тест орталығы екі дұрыс жауап жазған. Осыны айтқанымда, менің жауабымды «қанағаттанарлық» деп бағалап, артынша 1 ұпайымды қосты.\r\nМен 11 жыл бойы үздік оқыдым. Сабақты жақсы оқығанымның арқасында осындай нәтиже көрсете алдым. Негізі, әр сыныпта жақсы оқып, оқығаныңды жадыңа сақтай білсең, тест барысында еш қиындық туындамайды.\r\n\r\nҚарап отырсаңыз, өзі аз уақытты әлеуметтік желіге жоғалтып жүргендер көп. Ондай талапкерлерге айтарымыз – уақытты құр жібермеңіз. Сіздер үшін 125 балл жинаған қос түлектің кеңестері үлкен мотивацияға айналуы тиіс. Емтиханда да, өмір жолында да сүрінбеңіздер!\r\n

Жадыра Аққайыр


ПІКІР ҚАЛДЫРУ