Әуе кеме қанатын механикаландыру

0
1614
«Мен осындай баламын» тәрбие сағаты

Әуе кемесі қанатының  арқасында ұшып қана қоймай,  ауада әр түрлі маневрлер жасауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ Ұшақтың қанатында  жанармай бактары мен шасси орналасды. Ал, әскери  ұшақтарда  жауынгерлік қару-жарағы ілінеді. Алайда – қанаттың басты міндеті ұшудың барлық кезеңдерінде көтеру (қалықтау) күшін құру болып табылады.

Авиацияда қолданылатын ұшақтар қанаттарының түрлері: тікбұрышты, трапеция тәрізді, оқ (жебе)тәрізді және үшбұрышты болып келеді.

Тікбұрышты қанаттар— ауыр салмақты жүк тасымалдауға арналған. Олар әуеде тұрақты және жақсы басқарылады. Сонымен қатар оларды дыбыс жылдамдығынан баяу жылдамдықта қолданады. Бұл қанаттың түрлері ұшу және қону кезінде, сондай-ақ маневрлер кезінде ұшақтың ең жақсы көрсеткіштерін көрсетеді. Бірақ мұндай құрылымдар жоғары жылдамдықта ұшу үшін қолайсыз, себебі  кедергі күші көп әрі салмағы ауыр.

Трапециялық тәрізді — қанаттардың пішіні тікбұрышты, әрі әуе динамикасы  қатты болып келеді. Бұл қанаттың түрі анағұрлым жеңіл,әрі берік. Трапециялық қанаттар дыбыс жылдамдығына  дейінгі аралықта кеңінен қолданылады.

Оқ (жебе) тәрізді қанаттар — дыбыстан жоғары жылдамдықта ұшу үшін қолданылады. Басқа қанат түрлерімен салыстырғанда, бұл қанаттар сол жылдамдықта ұшу барысында аздаған көтеру күшіне ие. Бұл ұшақтың әуедегі тұрақтылығы мен басқарылуына себеп болады.

Үшбұрышты қанаттар— басқа қанаттармен ұқсастығы (мысалы, жебе тәрізді) ауданында  және жүктемелерінде, конструкциясы жеңіл және берік. Қанаттың көлденең қимасы кезінде иілгіш және осьтік күштердің аз мәні бар. Мұндай қанаттың жоғары беріктілігі басқа қанаттармен салыстырғанда инерциялық сәттерімен байланысты, сондай-ақ қанаттың көлденең қимасымен түсіндіріледі.

Қанатты механикаландырудың маңызы — әуе кемесі қанатындағы ұшу техникалық қасиеттерін реттеуге арналған . Олар бірнеше құрылғылардың жиынтығы — қанаттың артқы жабындары, алғы қанатшалары, спойлерлер, интерцептерлер,элерондар, (спойлерон, флаперон) шекаралық қабатты басқарудың белсенді жүйелері.

Қанаттың артқы жақтауы(закрылки) – аты айтып тұрғандай қанаттың артқы жиегінде симметриялы орналасқан ауытқитын жабынбеттер болып табылады. Жиналған жағдайдағы жапқыштар қанат бетінің жалғасы болып табылады, ал босатылған жағдайда олар саңылаулары бар  жапқыштар болып келеді. Ұшу, биіктік алу, биіктіктен түсу және қону кезінде, ұшу техникалық қасиеттерін арттырады.

Алдыңғы қанатшалар(предкрылки) — қанаттың алдыңғы жиегінде орнатылған ауытқитын жақтау. Ауытқу кезінде аэродинамикалық ағындарды пайда болдыратын  қанат механизациясының органы.  Әдетте, қанатшалар автоматты түрде жабындылармен бірге ауытқиды, бірақ жекелей басқару амалдары бар. Ауаның үлкен ағынының себебімен кедергі күші артады, осылайша жабынды шығару рұқсат етілген бұрышпен шектеледі.

Флаперондар — элерон мен қанаттың артқы жабыны функцияларын орындайтын ұшу аппаратын басқару органы. Флаперонның құрылымы  қанат конструкциясына ұқсас. Флаперондар дифференциалды ауытқулар кезінде элерондар функциясын, ал синфазалы жағдайда – қанат жабыны функциясын орындайды.  Олар жеңіл ұшақтарда және радиобасқаратын ұшақтарда аз жылдамдықпен ұшу үшін қолданылады. Алайда, кейде олар ауыр ұшақтарда қолданылады (мысалы, Су-27). Флаперондардың басты артықшылығы қазіргі ұшақтардағы элерондар мен сервоприводтардың негізінде іске асырудың қарапайым түрі болып табылады.

Спойлерон (ағл. spoileron = spoiler + aileron) — элерон және спойлер қосындысынан пайда болған орган. Спойлерлер-қанаттың консольдерінің артқы жиегінде симметриялы орналасқан ұшақты басқарудың аэродинамикалық органы. Спойлерон элерондардың нәтижиелік мәніне жету мақсатында қолдануы мүмкін. Бірақ оның ерекшелігі көтеру күшін тек бір қанатта азайтылуы, ал екіншісінің өзгеріссіз қалпында сақталуы. Көтерілген спойлердің жанама әсерін, рульмен басқаруға болады. Спойлерлер элерондарға көмек көрсету үшін пайдаланылады және оларды толығымен ауыстыруы мүмкін, осылайша бақылау беттерінің саны азайтылады.

Элерондар — қанаттың артқы жақтауында орналасқан аэродинамикалық басқару мүшесі.  Элеронды  крен бұрышын өзгерту үшін қолданады.  Олар дифференциалды түрде қозғалады, демек бір-бірінен қарама-қарсы бағытта: егер он жақ элерон жоғары бағытталса, сол жақ элерон төмен түседі. Жоғары көтерілген элероны бар қанатта көтергіштік күш бәсеңдейді, ал төмен қараған элероны бар қанатта көтергіштік күш көбейеді және моменттік күш пайда болады.

Интерцептор — қанаттағы көтеру күшін басқаруға арналған механизм. Қанаттың жоғарғы бетіне конструктивті орналастырылады. Осылайша, интерцепторлардың артында көтергіш күштің пайда болуы тоқтатылады. Интерцепторлардың ауа тежегіштерінен негізгі айырмашылығы, екіншілері көтеру күшінің түзілуіне әсер етпей, кедергіні арттыруға арналған. Интерцепторлар көтергіш күштің түзілуіне де, кедергіге де әсер етеді.

 

Авиация колледжінің студенті Қақаман А.

Жетекші: Авиация колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Абдиматова Т.Д.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ