Үй тапсырмасын қалай дұрыс орындауға болады?

0
3203

1.  Үйге берілген тапсырманы ең алдымен күнделікке ұмытпай жазып жүр;
2. Сабақ уақытынан кейін үй тапсырмасын орындауға асықпа. Таза ауа жұтып, жақсылап демалып, ойыңды жинақтап алғаның абзал;
3. Үй тапсырмаларын арнайы оқу үстелдерінде орында. Сабаққа қатысты дүниелердің өз орны болуы тиіс;
4. Үй тапсырмаларын орындау барысында көп күшті қажет етпейтін тапсырмалардан бастағаның дұрыс. Дайындық кезінде 30-40 минуттан кейін 10 — 15 минуттай үзіліс жаса;
5. Сабақ оқып жатқаныңда ойың басқа жақта болмасын. Бар ынтаңды сабаққа арнасаң, жаман нәтиже болмасы анық;
6. Тапсырмаларды асықпай, мән беріп оқы. Егер түсінбей қалсаң, бірнеше рет қайтала;
7. Сабақ оқу кезінде қиындықтар туса, еш қысылмай ата-анаңнан немесе сыныптастарыңның көмегіне жүгін. Білмегеніңді сұрау ұят емес;
8. Сенен көмек сұраған сыныптастарыңа қол ұшын соза біл. Ертең сеніңде одан көмек сұрар кезің болатынын ұмытпа;
9. Шығармалар мен баяндамаларға ертерек дайындалғаның жөн. Бұндай жұмыстарды кейінге қалдыруға болмайды.
10. Есіңе сақта, сапалы орындалған үй жұмысы сенің жауапкершілігіңмен өз-өзіңе деген сенімділігіңді нығайта түседі. Ал жақсы баға ұстаздарыңмен сыныптастарыңның жақсы пікір қалыптастыруына септігі тиері анық.
Осы қарапайым кеңестер жақсы оқуларыңызға пайдасы тиер деген сенімдеміз!


ПІКІР ҚАЛДЫРУ