Ұйымдастырылған оқу қызметі: «Әдемі шашақтар»

0
2683

Шығыс Қазақстан облысы. Семей қаласы

№ 11  «Ертөстік» ясли-бақшасының

II санатты тәрбиешісі

Қамбарбаева Гүлім Жеделбекқызы

 

Тақырыбы: 

Мақсаты: Балаларды ұлттық өнердің бір түрі түрлі-түсті жіптен үзік жасау қолөнеріне баулу.Тіл мәдениетін жетілдіру. Саусақ бұлшық еттерінің моторикасын дамыту. Үлкендерге құрмет көрсете білуге тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар: түрлі-түсті жіп, қайшы, қатырма қағаз, шашақ, көпшік, сандық, видео-слайд.

Әдіс – тәсілдері: әңгімелесу, көрсету, практикалық жұмыс.

 

Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің әрекеті Балалардың әрекеті

Әрекетті туындату,

түрткі болу.

Балалар, бүгін бізге қонақтар келіп отыр екен, қонақтарды қалай қарсы алады?

 

Өте жаксы.

Сәлеметсіздер ме. Хош келдіңіздер. Жайлы отырыңыздар.

Сәтті күн болсын. Төр сіздердікі.

Ұйымдастыр, ізденіс жүргізу

-Балалар, қазақ халқы жерге төсейтін төсенішті қалай атаған?

-Дұрыс, ал осы сырмақтың үстінде нелер жатыр?

-Балалар осы жастықшаларға жайғасып отырайық.  –Қазақтың қыздары қалай отырады?

-Дұрыс айтасыңдар, балалар қазір мен сендерге бір заттарды көрсетемін, сендер соларды аттарын атаңдаршы? ( қайшы, жіп, ою-өрнек, ұршық, жастықты көрсетеді).

Балалар, осы заттарды қайда пайдаланушы едік, естеріне түсіріңдерші. Ол қандай студия? Дұрыс балалар. Біз «Он саусаққа он өнер» студиясында қандай қолөнерге үйренеміз?

-Дұрыс балалар ата-әжелеріміздің, бұрынғы заманнан келе жатқан қазақ халқының қолөнеріне үйренеміз. Балалар біздің өнерлі неше саусақтарымыз бар?

-Дұрыс ол біздің он саусағымыз.

-Он саусаққа-он

өнер дегенді қалай түсінесіндер?

 

-Ал айтындаршы, қазақ халқының қолмен жасайтын өнеріне не жатады? Өте жақсы балалар.

«Он саусаққа он өнер » студиясына басқа топ балалары да қатысқан екен. Олар не үйренді екенің көрейік, экранға назар аударайық.  Балалар сендерде осындай ұлттық колөнерді үйренгілерің келеме?

-Балалар бізге қонаққа әже келе жатыр. Қане орнымыздан тұрып қарсы алайық.

-Сәлеметсіңдерме айналайыңдар, сендерді көргеніме өте қуаныштымын. Сендерге мен құр қол келген жоқпын өзімен бірге мына  жастықшаны ала келдім. Әдемі ме? Немереме әдейлеп ою салып тігіп бергенмін. Сендердің әжелерің не тігеді?

-Балалар бүгін сендерге жастық шетіне және тағы басқа заттарды әдемі  жіптен жасалатын әшекей шашақ жасауға үйреткім келіп тұр. Шашақтар  әшекей болғандықтан қазақ үйдің іші әдемі болып етіп тұрсын деп шаңыраққа, түйенің, жылқының жүгенінің мойын тұсына, қоржынға, перделерге ілген , кәзіргі замандағы  сөмкеге, бас орамалдың шетіне де шашақтарды тағады.

— Осындай әдемі шашақ жасап үйреңгілерің келе ме?

-Шашақ жасау алдында біз сергіп алайық:

«Қандай жақсы қыз бала

Бүрмелі көйлек кигені

Тақиясы қоюлы,

Желеткесі оюлы,

Ояды екен мынадай, мынадай оюды:

Қошқар мүйіз, гүл, ботакөз, толқын, түйе табан

Қандай жақсы қыз бала.»

— Тамаша, ал енді үстел басына жайғасыңдар.

— Үстел үстінде нені көріп тұрсындар? Дұрыс, бізге шашақ жасау үшін осы заттар қажет, балалар шашақтарды түрлі-түсті жіптен, теріден жасауға болады.

-Бүгін мен сендерге жіптен шашақ жасауды үйретемін. Қайшымен  қалай жұмыс жасаймыз?

-Қолымызға қатырма қағазды аламыз, оған алдарында жатқан ұзын жіптерді ораймыз, оралған жіптің астынан бір қабат жіпті өткізіп, жоғары жағынан мықтап буып, оралған жіптің төмен жағынан қайшымен қиып, белін  жіппен буамыз. Артық жіптерді қиып алып тастау керек .Сонда шашақ толықтай дайын болады.

-Сендерге әжелерің  мақал-мәтел үйрете ма?

-Қандай өнерлі балалар екенсіндер, саусақтарын шаршаған шығар ендеше саусақтарымыз демалсын.

 

 

 

 

-Балалар өз шашақтарымызды алып мына әдемі көпшіктерімізге тағайық. Енді біздің жастықтарымыз өте әдемі болды.

-Кәне балалар, бір ән айтып берейік.

 

 

 

 

 

 

-Рахмет менің бөбектерім, сендер қазақ халқының бірі жіппен шашақ жасауды үйрендіндер, бұл өнерді ұмытпаңдар, сіңілілеріңе үйретіндер.

-Әже көп рахмет сізге.   Кәне балалар әжемізге арнап бір ән  айтайықшы.

-Балалар бүгін біз студияда не істедік? Не ұнады сендерге.

Балалар сендердің шашақ жасағандарын қонақтар көріп отырды. Қонақтарды шығарып салғанда қазақ халқы қандай сөздер айтады? Сыйлық берерде не деп айтады? Өте дұрыс «Орамал тон болмайды-жол болады» дейді екен ендеше құрметті қонақтар біздің балалардың өнерінен естілік ретінде шашақ тағылған кішкене жастықшаларымызды сыйға тартайық.

Сырмақ деп атаған.

Жастықшалар (көпшіктер)

Әдемі, тізені қосып,  көйлектің етегімен тізені жауып, түзу отыру керек.

Жіптер, қайшы, оймақ, жүн, ұршық.

 

 

Оқу әрекетінде

Студияда.

«Он саусаққа-он өнер студиясы»

 

Ұлттық қолөнерге үйренеміз

 

 

 

Балалар саусақтарын көрсетеді.

— Саусақтарымызбен  әр-түрлі нәрселер жасай алуымыз керек.

Көрпе тігеді, алаша тоқиды, киіз басады.

 

Слайд көріп тамашалайды.

 

 

Үйренгіміз келеді.

 

Балалар әжемен амандасады.

 

 

 

 

 

Әдемі.

Байпақ токиды, көйлек тігеді.

 

 

 

 

 

 

Балалар әженің әңгімесін мұхият тыңдайды.

 

Үйренгіміз келеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар үстел басына отырады.

 

Түрлі-түсті жіптер, қайшы, қатырма қағаз.

 

 

Қайшыны көзге жақындатпай, жоғары көтермеу керек.  Ауымызға салмаймыз.

 

Әдемі әуен тыңдай отырып әженің айтуы бойынша қарап отырып шашақ жасайды.

 

 

Балалар мақал-мәтел айтады.

«Шашақ жасап, шашақ жасап,

саусақтарым  шаршады.

Саусақтарым дем алсын, шапалақтап қуансын»

Әр қайсысы өз шашақтарын алып көпшіктеріне тағады.

«Әжем менің өнерлі

Жастық тігіп береді

Ою салып шетіне,

Шашақ тағып береді

Әдемі, әдемі

Жастық қандай әдемі. Тәтті ұйқыға батып, ұйықтағым келеді»

 

Балалар «Әжем менің қандай» атты әнді әжеге арнап айтады.

Балалар өз ойларын айтады.

 

 

«Орамал тон болмайды-жол болады » дейді.

 

Балалар қонақтарға тілектерін білдіре отырып сыйлықтарын береді, қонақтармен қоштасады.

 

 

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Ұлттық заттарды атайды, мақал-мәтел, тақпақтар біледі, түстерді атайды. Қайшымен жұмыс істей біледі. Ізгі сөздермен амандасу түрлерін біледі.

Түсінігі бар: үлкендерге құрмет көрсетіп, сыйлау керек екені жайлы түсінігі бар. Шашақ- жіптен жасалатын әшекей бұйым екенін түсінеді.

Орындай алады: шашақ жасауды біледі. Топта жұмыс жасай алады. Әдемі отыра біледі.

 

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ