Ұйымдастырылған оқу қызметі: «Шебер атайдың ақылы»

0
2133

Шығыс Қазақстан облысы. Семей қаласы

№ 11  «Ертөстік» ясли-бақшасының

II санатты тәрбиешісі

Имангалиева Алия Абеновна

 

Тақырыбы:  «Шебер атайдың ақылы»

Мақсаты: Ер балаларды қазақ халқының ата кәсібі жылқы малы жайлы және ат әбзелдерімен таныстыру. Қамшы жасау өнерінің алғашқы дағдыларын қалыптастыру. Тіл мәдениетін жетілдіру.  Қамшы өру өнерінің алғашқы дағдыларын қалыптастыру барысында  балалардың ұсақ қол моторикасын дамыту. Үлкендерге құрмет көрсетуге, салт- дәстүрді қадірлеуге тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекіліктер: Ат әбзелдері-көрме, қайыс, тобылғы, видео.

Әдіс – тәсілдері: әңгімелесу, көрсету, практикалық жұмыс , слайд.

Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің әрекеті Балалардың әрекеті
Әрекетті туындату, түрткі болу

-Балалар атаның шеберханасына қонаққа барғыларың келе ме? Балалар атаның шеберханасына қонаққа барады.

Уағалейкум ассалам».

Балалар шебер атаға көптеген қонақтар келіпті.

Қазақ халқы қандай қошемет көрсеткен.

Ал балалар төрлетіңдер.

Барғымыз келеді.

 

 

«Ассалаумағалейкум» деп амандасады.

«Амансыздар ма?» «Сәлеметсіздер ме?», «Қош келдіңіздер»,  «Көргеніме қуаныштымын», «Күндеріңіз сәтті болсын»

Ұйымдастыру, ізденіс жүргізу

-Балалар біз жұма сайын осы сиқырлы елге келеміз. Бұл ел қалай аталады? Ал неге атаның шеберханасы деп атайды?

-Ия дұрыс айтасын, ата әкелеріміздің кәсібіне үйренеміз.

-Ал балалар кәсіп деген не?

-Өте тамаша кәсіп деген өнер екен. Дұрыс айтасың, қолыңнан бір зат жасап шығару.

-Ия дұрыс айтасын  еңбек етсең ақша аласың ,отбасын асырайсың.

-Өте тамаша, Ералидың әкесі зәулім үйлер салады екен, кәсібі сол екен.

-Ал Асанали сенің әкең қандай кәсіппен айналысады?

Асаналидің әкесі ағаштардан жиhаз жасайтын кәсіпкер екен.

-Балалар, қазақ халқында кәсіптің әр түрі болған. Ол атасынан-баласына, баласынан сендер сияқты кішкентай немересіне үйретіп келе жатқан өнер. Сондықтан оны ата кәсібі деп атайды.

— Балалар, сондай кәсіптің бір түрі – Жылқы асырау.

-Енді мына суреттен не көріп тұрсыңдар?

-Дұрыс айтасыңдар, қазақтың қасиетті малдарының бірі-жылқы.

Ал мына суретте не көріп тұрсыңдар?

-Дұрыс, жылқының төлін құлын деп атайды. Ал мына суреттен не көріп тұрмыз?

 

-Балалар, «Ер қанаты – ат» деп халық бекерге айтпаған ғой. Жылқы мінсе көлік, сауса сусын болған. Малды да жылқымен баққан.

-Ал мына суретте не көріп тұрмыз, кім айтады?

-Мынау қандай ойын?

 Балалар, жылқы малымен қазақтың ұлттық ойындары да ойналған екен.

-Ал жылқы туралы кім өлең, мақал-мәтел, жұмбақ біледі?

 

 

 

 

 

 

Біздің балалар ауылға аталарына барғанда атқа отырған екен, ендеше  атаға атқа қалай отыра алатымызды көрсетейік.

Көңілді үзіліс:

 

 

 

 

Балалар атаның шеберханасында  көрме бар екен. Қане бәріміз назар аударайық. Кім қандай ат әбзелдерін есіне сақтап қалды, қане танып айтыңдаршы?

 

 

 

 

-Дұрыс айтасыңдар, мынау қамшы. Мына қамшыны өзім өрдім,оны өруді маған әкем үйреткен.

Сендер ер баласыңдар, үлкен азамат боласыңдар сонда атқа мініп қамшы қолға ұстайсыңдар. Балалар бұл қамшы, ат әбзеліне жатады.

Қамшы-атқа мiнген адам ұстайтын, бiрнеше таспа қайыстармен көмкерiлiп, өрiлген, сабы тобылғыдан, еліктің тұяғынан, мүйiздерiнен жасайды. Қамшының өрiмi сабынан бiр жарым есе ұзын болады. Өрiмшi қамшының таспасын жiңiшке не жуандатып өрген. Қамшы өрудiң көптеген түрi қолданылады, соның iшiнде 3 таспадан 32 таспаға дейiн жететiн түрi кiредi. Өрiмдер домалақ, жұмыр, төртқырлы болып келедi. Біз бүгін үш таспаны өріп көрейік.

 

-Балалар, алдымен қамшының өрімін алдымыздағы үстелдің ілгегіне бекітеміз. Енді мынау қамшының сабы, ал мынау қамшының басына бекітілген жіңішке қайыс. Енді қамшыны өреміз. Бұл 3 таспа өрім-бірінің үстіне бірін қиыстырып өреміз.

-Атаның шеберханасы.

 

-Себебі бұл елде ата- әкелеріміздің кәсібіне үйренуге болады.

 

 

-Кәсіп деген өнер.

-Кәсіп деген қолыңнан бір зат жасап шығару.

-Кәсіп деген еңбек ету, ақша табу, отбасын асырау.

-Менің әкем кәсіпкер ол — зәулім үйлер салады.

 

 

-Менің әкем де кәсіпкер ол –ағаштан жиhаз жасайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жылқы

 

 

 

Құлын

— Енесі мен оның төлі құлыншақ.

-Аға атпен шауып бара жатыр. Аттар шауып барады.

 

 

 

-Қазақтың ұлттық ойындарының бірі бәйге.

-Көкпар ойыны.Теңге алу

ойыны.

 

«Қас жүйрікке балаймын,

Құйрық-жалын тараймын.

Қарғып мініп мен атқа,

Барам сосын қонаққа»,

«Аттан тай озады

Атадан бала озады.», «Көкке шаншып құйрығын,

Келеді шауып жүйрігім?» Ол не?

 

 

«Ертоқымды аламын

Аттың үстіне қоямын,

Сол аяқты үзеңгіге саламын, атқа мінемін,

Тізгінді ұстаймын,

Қолыма қамшы аламын,

Шабамын. Дігідік, дігідік.»

-Мынау ертоқым, аттың үстіне ерттеледі.

-Мынау жүген, ол аттың басына тағылады, атқа отырған адамға бағыт-бағдар береді. Таға-аттың тұяғына тастан қажалмау үшін соғылады. Мынау қамшы.

 

 

 

 

 

 

 

Балалар  атаны мұқият тыңдайды, шеберханаға жайғасып  отырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар қамшының өрімін алдарындағы  үстелдің ілгегіне бекітеді. Шебер атаны тыңдай отырып қамшыны  өруге кіріседі.

Рефлекция – түзету жұмыстары

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар, сендерге шебер атаның шеберханасында ұнады ма, не үйрендік?

-Балалар қамшыларың өте әдемі екен, осы жасаған қамшыларыңды өздеріңе естелікке алыңдар.

-Ата біз ат әбзелдерімен танысып, қамшы өрдік, балалар аталарының кәсібіне үйренді. Сізге көп рахмет.

Балалар қамшыларың өте әдемі екен, осы жасаған қамшыларыңды ұстап қонақтарға көрсетіп, бір би билеп берсек қайтеді.

-Ал балалар «Ертөстік» балабақшасының ер балаларынан естелік ретінде, ата-кәсібінен үйренген сыйлығымызды қонақтарға тарту етейік. Сыйлық берерде қазақ халқы не деп айтушы еді?

-Шебер атайға рахмет айтып, қоштасайық.

Балалар өз ойларын айтады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар жарты шеңберге тұрады.

«Ақбозат»  биін билейді.

 

 

 

 

«Орамал тон болмайды, жол болады.»

Ізгі тілектер айтып қонақтарға сыйлыққа қамшы ұсынады.

 

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Мақал-мател, амандасу түрлерін, дұрыс отыруды біледі.

Түсінігі бар: Салт-дәстүр, ат туралы түсініктері бар.

Орындай алады: Қамшыны өре алады, ат әбзелдерін атай алады.

 

 

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ