Әулие Аврелий Августин (354-430)

0
5494
Әбіш Кекілбаев

Әулие Аврелий Августин (354-430) – Гиппона епископы , философ, христиан дінбасы және саясаткер. Католик және провослав мешіттерінің Әулиесі . Христиан шіркеуінің дінбасысы және августизм ілімінін негізін салушы.  

Жоспар:

1.Кіріспе

2.Негізгі бөлім.

2.1  Августиннің христиан дінін

қабылдағанға дейінгі өмірі.

2.2 Августин-христиан шіркеуінің атасы.

2.3 Августинді әлемге танытқан еңбектері.

3.Қорытынды.

 

Әулие Аврелий Августин (354-430) – Гиппона епископы , философ, христиан дінбасы және саясаткер. Католик және провослав мешіттерінің Әулиесі . Христиан шіркеуінің дінбасысы және августизм ілімінін негізін салушы. Ол батыс филосософиясы мен католиктік тиологияға үлкен ықпалын тигізді. Ол христиан дінінің ең атақты ойшылы мен жазушысы, ең беделді және белгілі  шіркеудің Әулиесі . ол бірінші болып системалық христиан сенімшілдігін ашты , сондықтан оны римдік –католиктік те проваславтық  шіркеуі де  мойындайды да еңбегін аса жоғары бағалайды. Августиннің өмірлік жолы «Исповедь» деген шығармасында толық түрде жазылған.Осы еңбегінде ол ұзақ күндер мен тер төккен еңбегінің арқасында өзінің өмірлік жолын тек қана Христиан дінінде тапқандығын ерекше көңіл аударып жұртшылыққа жария етеді, өмірінің мәні – христиан дінінде екендігін және басқаларды оғанқосылуды сұрайды.

Августин 354 жылыдың 13 қарашасында   Тагасте кәзіргі Алжирдегі Сук — Арас деген қаласында дүниеге келді. Ол жанұясында үш баланын біреуі болған .Оның әкесі ауылдық муниципалитеттің чиновнигі болған ,  ал шешесі туа біткен христиан дінінің өкілі болғанымен күеуі Августинді ритор қылуға ешқашан қарсылық білдірмеген бірақ ол баласын ең бірінші  кезекте баласын христиан дінінің өкілі ретінде көргісі келді. Өзінің тәрбиесі мен қалыптасқан көзқарастарымен саяси жетілуі шешесінің арқасы. Ол өзінің

«Исповедь» деген шығармасында шешесінің нағыз христиан бейнесіне жие оралып суреттейді. Августин 370 жылы мектепті бітірген соң әкесі тілегендей Кафтаген қаласына риторикалық білім алуға барады.Ол антикалық философия мен Цицеронның«Гортензия»    еңбегімен танысып Августиннің ақыл – есі дүниетанымы өзгереді. Ол өзінің өмірлік жолын басқа кітаптар мен әдебиеттерден іздейді сонымен қатар ол Библияны  оқиды бірақ ол кітапты түсінбейді , жас бала осы уақытта бұндай күрделі шығармаға дайын емес болады.

Болашақ Гиппона епископы  сегіз жыл бойы манихейлікпен айналысады.Августиннің дүниеге деген қызығушылығы және дүние танымдығы он тоғыз жасында оны манихейлікке апарады. Ол сегіз жыл бойы діншіл – мистикалық сектада болады.Ол секта негізінен Христиан дінінің сектасы болып саналған.Манихейлік дін де онын қызуғышылығын тойдырған жоқ , ол өзінің орны басқа жерде екенің білді ол орнын іздеп манихейлік сектадан шығып кетті.Сегіз жылдық өмірлік тәжірибесінен кейін ол тіпті скиптицизмге бет бұрып,  қызығушылық танытты. 383 жылы Августин   Римге сосын Миланға барады және тағыда көптеген кітаптар оқып Философиямен қызығады және Риторика сабағынан оқушыларға сабақ береді.Римге жақын Медиолане деген қаласында 387 жылы Августин Амвросии епископымен танысады. Осы кездесуден кейін оның көзқарасы күрт өзгереді және ол Библияны жаңаша оқып  оның құдіреттілігін түсінеді. Ол әрине бір емес бірнеші кездесуден кейін епископ Амвросиенің арқасында өз көзқарасы мен дүниетанымын өзгертті. Августиннің шешесі қасында болғанда оны христиандыққа барып өмірлік жолын христиан дінімен жалғастыруын өтінеді , сонымен Августин Библиянын құдіреттілігін түсінгеннен кейін шешесінің христиан дініне қатысты айтқан  әр  бір сөзінің мәні бар екендігін түсінеді, сегіз жыл бойы манихейлікке кеткенше Библияны түсініп оқуым керек еді деп көп ойланады, ия әр нәрсені дер кезінде түсіну қиын кеткен қателіктерді жөндету керек екенін түсіну және жөндеу ешқашан да кеш емес . Августин көп ойланып  келесі кезекте  шоқынып христиан дінін қабылдайды солай ол христиандыққа бірінші қадамын жасайды. Бұл оның өміріндегі ең бір дұрыс және мақұлданған бір шешімі болатын.Августин шоқынғаннан кейін өзінің туған қаласы Тагастуға қайтып келеді. Тагастуда ол христиандық ұйым ашып әулиелік өмірін бастайды. 388 жылы ол өзінің екінші қадамын жасацды ол әке – шешесінің барлық дүние – мүлкін сатып , барлық ақшаны кедейлер мен келімсектерге сатады. Келесі қадамында ол  — монах атанады.395 жылы ол  Гиппоне деген кішкентай  қалада  епископ атанады. Ол өмірдің соңына дейін Христостың сөзін адамдарға насихаттайды.Оның дүниетанымы фидешистік сипатта «Нанымсыз білім жоқ, ақиқат жоқ», деген принципке бағынады.Аврелийдің көзқарасы схолистика көздерінің бірі «Құдайдың қаласы туралы», деген шығармасында Аврелий тарихты адам тағдырын фаталистік тұрғыдан түсіндіретін христиандық концепцмясын ұсынды.

Августин өзінің шығармаларында философияға назар аударып, осы ғылымды ерекше құрметтейтінің айтады.Ол өзінің дүниетанымын христиандық діншіл – мифологиямен бірге философиялық қоршаған ортада болып жатқан әрекеттерді философиялық тұрғыда қабылдауды ұсынады. Августиннің пікірінше философия текнағыз діннің дәлелі. Философия ол даналық емес, ол даналыққа деген махабатты білдіреді,- деп жазды Августин,-…..Құдайдың даналығы, адамзатқа қол жетпейтін мұра,- деп сөзін аяқтады.Оның ойынша тек дін ғана адамның небір жақсы тіпті керемет қасиеттерін аша алады, сол кезде ғана адам құдайдын құдіретін көре алады. Философиялық фундамент ретінде  Августин Платонның еңбегін бағалады ол плотон және неоплатон деп екіге бөлді.

397 жылдан бастап Августиннін аты Құдайға деген «махабаттың» белгісіне айналады, ал өзі болса христиан қауымына белгілі аты шыққан  Шіркеудің беделді мүшесіне айналады. Осы кездері Августин өзінің ең бір тамаша барлығы керемет деп санайтын «Шындық» деген кітабы өмірге келеді. Ол өзінің кітабында өзінің христиан дінің қабылдағанша қалай өмір сүргенің, өмірде біраз адасқанын тек христиан діні оны өмірдің дұрыс керкмет жақтарын ашқандығы туралы бар шындығын әлемге жариялайды. Августин өз қалған өмірін христиандыққа арнап адамдарды дұрыс жолға қоюға бағыт – бағдар береді шіркеулерді жақсарту үшін өзін аямай еңбек етеді , сонымен қатар ересиямен де күреседі және осынын барлығына да уақыт таба алатын болған. Августин христиандардын барлық кемшілігін жоюға барлық үлесін қосты ол христиан дінің жамылып басына келгендікті істеуге жол бермей ондай адамдарды шіркеуге жоюды ұсынды. Осы мәселелерге байланысты  көптеген жинаналыстар жасады 401 жылда 411 жыл аралығында жеті собор жиналысы өтті.

410 жылдың  24 шілдесінде  Римді вестгот Алариха жаулап алады. Бұл жағдай барлығын қатты алаңдатты Августин соның ішінде еді.Рим империясы құлағаннан кейін ол өзінің ең ғажайып шығармасын жазады . Ол  әрине «Құдайдың қаласы туралы» . Бұл шығармада ол адамдардың не істегісі келетінің және Құдайдың әмірлері туралы жазады. Бұл ғажайып және көркем шығарманы жазуға Августиннің жиырма жылға жуық уақыты кетеді. Христиан дінінің женіп шығуы Библияның арқасы , бұл кітапты әрбір христиандық тек қана білу емес осы кітапты құрметтеп барлығынан жоғары қоюы қажет. «Құдайдың қаласы туралы» еңбегінде Августин өзіндік жердің қалыптасу тарихын айтады.Оның кейіпкерлері болып жер , уақыт пен тағдыр болады. Осылардың шағылысуынан Қала келеді олар біреу емес екеу.

«Құдайдың қаласы туралы». Ол Аспан және Жер деген екі қала туралы ол екі қала адамзаттын пайда болысымен пайда болған және адамдардын өмірімен тығыз байланыста болады.

Бұл екі қала жын –шайтан пайда болысымен пайдаболған және олар бір – біріне жақындығы соншалық олардын тарихын жеке – жеке емес бір болып айтылады. Адамзат тарихын таза адмдар және жоғарғы тап адамдары деп бөлуге келмейтіндей бұл екі қаланын тарихы да бөліне алмайды. Бұл екі қалалар махабаттан жаралған . Жер қаласы — өзіне деген махабатын  құдайға деген махабаттан жоғары қояды. Аспан қаласы – құдайға деген махабатын барлынан , өзінен де жоғары деп санайды.Қазіргі заманда бұл өте сирек және бұл қалалар ешқашан болып және өмір сүріп көрген жоқ. Үшінші қала – шайтандар қаласы. Бұл қала ешқашан өмір сүріп көрген де емес . Ол үшін шайтаннын жерді билейі керек Құдай тұрғанда ондай жағдай ешқашан болмайды.  Шайтан өзінің бостандығын 3,5 жылға ғана алаалады . Бұл жылы антихрис келіп адамзаттын тарихы бітеді. Ол жылдары да шайтан жерді бағындыра алмайды , өйткені нағыз христиан дін өкілдері өған жол бермейді.3,5 жылды Құдай шайтанға өз қаласын салу үшін емес . адамдардарды қандай мықты жауды жеңгені туралы білсін деп береді, бұл адамдардың өзіне деген сенімділігін арта түсіреді және ешқашан қорықпай өз мақсаттарына жетуіне үйретеді. Бұл үлкен жеңістен кейін ең соңғы күн, сот күні келеді. Бұл күні құдайға сенген және табынған барлық адамдар тіріледі және құдайға табынбай өмір    сүрген адамдар шайтанмен жолынан адасқан періштелермен бірге тозаққа түсіп өмір бойы  күнәлары үшін ешқашан тыным таппай жауап береді.Августин қала туралы емес, а ол қаланы құратын күнәхарлар туралы айтады, ол күнәхарлар соттан кейін өмір бойы тозақта  қиналумен өтеді.

Барлық дұрысталған адамдар ең мықты марапаттауға «Құдайдың қаласында» өмір сүретін болады. Барлық адамда өз кінәсі болады, кінәсіз адам болмайды , өзінің жолына түскенше адам адасып жүреді.Бұл қала өмір бойы шексіз өмір сүреді.Бұл қалаға түскендер адамболмайды , жанадан періштелер болады , және алар идеалды түрде болады.Олар мәңгілік құдайдың қасында болады, бірақ олар ешқасан өздерінің атарын да не басынан кешкенің ешқашан ұмытпайды. Олардың өмір сүретін дүниесі басқаша болады, сот күнінен кейін жер отпен тазалып снын орнына басқа қала салынады бұл құдайдың қаласында тек періштелер ғана өмір сүреді, бұл қалада күнәхарларға орын болмайды.

Жерде және құдайдың үйінде қандай адамдар тұрады? Жердегі адамдар өздеріне ғана сенеді және өздерінін барлығынан жоғары санайды , Құдайдың үйінде өзі айтып тұрғандай құдайға бас иіп  барлығынан да құдайды жоғоры санайтын адамдар тұрады. Сондықтан да жердің ойшындары жан тынышы мен үй тыныштығын тілейді олар құдайды мойындамай ал құдайды мойындау оған бас игені деп санайды. Олар өздерін идеал деп санап , халықты артынан апаратын қолбасшы немесе батыр болып саналды.

Болашақ Құдай үйінің тұрғындары жердегі адамдардың пысықтығы жоқ , олар  ақ көңіл болады. Олар құдайды барлық жан дүниесімен түсінеді ,  сондықтан да олар болашақта Құдай үйінде әулиелер мен періштелердің қасында тұрады . Олар өздері жеке мемлекеттер мен қалалар салмайды олар тек бұл дүниенің қонақтары. Сонда бір сұрақ туады, егер екі  қаланын өмірлері алдын ала шешілген болса адамдардың еркіндігі бар ма?

Адамдардың еркіндігі христиандардың барлық тарихынан өткен , Бұл сұрақ Августинде де шешімін таба алмаған .

Адамдар өз тағдырын таңдай ала ма? Ол өз еркіндігі бойынша аспан не жер әлеміне қосыла ала ма? Бір жағынан ия, әр адамның өз еркіндігі бар . Адам туылғаннан бастап еркіндігі өз қолында болады ол өз алдына мақсат қойып осы мақсатты орындау үшін қолынан барлық келгенің істейді. Егер ол құдайды ұмытпай оны құдіреттейтін болса жұмаққа, ал құдайдан бұрылып  көп жамандықтар жасаса ол тозаққа түседі.  Құдай оны одан бұрылатынын біле тұра адамдық еркіндік пен бас бостандығынан айырған жоқ.  Бірақ жаман адам  жамандығын әр кезде де жасайды , ол туылғаннан солай туылады және солай қалыптасады. Ал жақсы адам болу үшін де туылғаннан сондай болу керек . Адам қандай болатыны бесіктен ол дүниеге келгеннен бастап белгілі болады . Августиннің пікірінше оған дәлел Авраамның балалары Исак пен Измаил.

Адамзаттын даму тарихы мен онын мақсаты.

Адамзаттын дамуын Августин үш сатыдан бөледі.

  1. Бірінші жамандықтын пайда болуына дейін.
  2. Адамзаттын даму тарихынан бастап соңғы сот күніне дейінгі кезен.
  3. Соңғы сот күнінен кейін жақсылар Құдайдың қаласына жамандар тозаққа мәнгі қиналуға түскенге дейінгі кезең.

Соған қарағанда құдайдын жасаған әлемі адамзат тарихында ең бірінші және соңғы әлем болады.

Адамзаттын даму тарихын да үш кезеңге бөлді.

  1. Адамның пайда болуы мен жер бетінен жоғалып кетуі.
  2. Христостын келуі.
  3. Соңғы сот күні.

Адамзаттын барлық өмір сүрген және дамыған кезенінде жер бетінде екі түрлі адамдар өмір сүреді. Періштелер де бұзылып, жолынан адасқан періштелер және Құдайдын соңында өмір бойы жүретіндер болып екіге бөлінеді.  Адам туылғанда  періште болып туылады ол өзінің арам ойы мен зұлымдығынын арқасында бұзылып , бүлінеді. Сол барлық жаман әрекеттері мен жасаған зұлымдығы үшін ол өмі бойы қиналумен өткізіп, тозаққа түседі.

Адамнын дамуын Августин еврей халқынын библиясына сүйенсе де , көтеген тарихи оқиғаларды шығыс халықтары мен рим халықтарынан алды.  Рим қаласы Августиннің пікірінше христиандыққа қарсылық білдіретін қала деп санады.  410 жылы Рим империясын Алариханын нұсқауымен құлағанда ол «Құдайдын қаласы туралы» жаза бастады. Онын пікірінше бұл оқиға римдіктердің христиан дініне қарсылық білдіргені үшін тартқан жазасы болды.

 

                   Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. История философии том 1 . Г.Александров, Б.Чернышев. Москва 1990
  2. Философский словарь . Т.Фролова , Москва,1991
  3. Философский энциклапедический словарь. С.С. Аверинцев. Э.А.Араб-Оглы. Москва 1989
  4. Интернет желісі

ПІКІР ҚАЛДЫРУ