«Үздік шығарма» номинациясының жүлдегерлері анықталды

1
2836

«Үздік шығарма» номинациясының жүлдегерлері анықталды\r\n\r\nТәуелсіздік күні қарсаңында ұйымдастырылып отырған «Тәуелсіз елдің ұланымын» атты шығармашылық байқаудың үздік шығарма номинациясына қатысушы үміткерлер аз болған жоқ. Байқау жарияланған күннен бастап-ақ еліміздің әр өңірлерінен  толассыз хаттар келіп түсті. Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда дегендей, жас дарындарымыздың ой ұтқырлығына, жүрек тебіреністеріне, қарым қабілеттеріне тәнті болдық. Өскелең ұрпақтың ақ қағаз бетіне түсірген, отанға деген сүйіспеншілікпен жазылған шынайы шығармаларын оқи отырып, еліміздің ертеңі жарқын болатынына сенімім нығаяды.\r\n\r\nҚатысушылардың ішінен қаламының желі бар оқушыларды  атап өткіміз келіп отыр. Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Жанқожа батыр ауылы №94 мектептің оқушылары Гүлсая Құдайберген, Жаңабай Мағауия, Шүйіншәлі Шынар, Батыс Қазақстан облысы, Зеленов ауданы, Белес орта мектебінің оқушысы Лұқпанова Альбина, Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласы  Некрасов атындағы №9 мектеп-гимназиясының оқушысы Ибрагимова Юлдуз, Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы №163 орта мектептің оқушысы Сәулебек Нұрасыл, Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Қандөз ауылы Ғани Мұратбаев атындағы №240  мектептің оқушысы Анешбек Фариза, Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласы Мағжан Жұмабаев атындағы №15 мектеп –гимназиясының оқушысы Степанова Тамара, Қызылорда облысы, Байқоңыр қаласы №14 орта мектеп оқушысы Фарабиқызы Аяжан, Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Қожакент ауылы №168 орта мектеп оқушысы Мырзахмет Айдана, Қызылорда облысы, Қазалы ауданы №103 орта мектеп оқушысы Қадырбек Гүлдерай, Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы №194 орта мектептің оқушы Мүтәлләп Айшолпан, Қызылорда қаласы Ілияс Қабылов атындағы №12 мектептің оқушысы Әдбіқалық Әсел сынды оқушыларымыздың шығармалары қазылар көңілінен шықты.\r\n\r\nАйта кететін тағы бір жайт, қатысушылардың кейбір шығармалары интернет желісінен айна қатесіз көшіріліп бергендігі қазыларды қатты қынжылтты. Тіпті кейбір қатысушылар өз шығармаларында Тәуелсіздіктің 23 жылдығы емес 20 жылдығын тойлап жүргендер кезікті және де Махамбет пен Исатай  бастаған көтеріліс 1836-1838 жылдары емес 1916-1921 жылдары кезіктірген оқушыларды да байқадық. Желтоқсан құрбаны болған Қайрат Рысқұлбековтің тегін Рысқұлов деп шатастырған да жоқ емес. Келесі бір қатысушымыз «Халық қаһарманы» атағын алмаған Желтоқсан құрбандарын алды деп марқая жазыпты, лайым солай болғай (Биыл Тәелсіздік қырандары Республикалық қозғалысының төрайымы Гүлбахрам Жүніс Желтоқсан құрбандарына халық қаһарманы атағын ұсынған, дегенмен әлі ұсыныс қабылданған жоқ). Жалпы алдағы уақытта деректерді дұрыс, қатесіз  пайдалануға кеңес береміз.\r\n\r\nҚорыта келе төмендегідей шешімге келдік.\r\n\r\nБас жүлдеГүлсая Құдайберген . Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Жанқожа батыр ауылы №94 мектептің оқушысы,\r\n\r\n1 орынАльбина Лұқпанова  Батыс Қазақстан облысы, Зеленов ауданы, Белес орта мектебінің оқушысы,\r\n\r\n2 орынТамара Степанова Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласы Мағжан Жұмабаев атындағы №15 мектеп –гимназиясының оқушысы\r\n\r\n2 орын — Фариза Анешбек  Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Қандөз ауылы Ғани Мұратбаев атындағы №240  мектептің оқушысы\r\n\r\n3 орын — Аяжан Фарабиқызы Қызылорда облысы, Байқоңыр қаласы №14 орта мектеп оқушысы\r\n\r\n3 орын — Әсел Әдбіқалық Қызылорда қаласы Ілияс Қабылов атындағы №12 мектептің оқушысы\r\n\r\n3 орын —  Юлдуз Ибрагимова  Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласы  Некрасов атындағы №9 мектеп-гимназиясының оқушысы\r\n\r\nЫнталандыру — Жахмур Айдана Қызылорда облысы, Шиелі ауданы №127 мектептің оқушысы\r\n\r\nЫнталандыру — Әбіті Шырын  Алматы облысы, Райымбек ауданы\r\n\r\nЫнталандыру — Айтқанова Аида  ШҚО, Үржар ауданы, Қарабұта орта мектебінің оқушысы\r\n\r\nЫнталандыру — Шүйіншәлі Шынар Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Жанқожа батыр ауылы №94 мектептің оқушысы\r\n\r\nЫнталандыру — Айдана Оспан Қызылорда облысы, Шиелі ауданы №181 мектептің оқушысы\r\n\r\n \r\n\r\nЖүлдегерлерді құттықтай отырып, қатысушылардың барлығы алғыс хаттармен марапатталатынын хабарлаймыз!\r\n\r\n \r\n\r\n         Қазылар алқасы


ПІКІР ҚАЛДЫРУ