VІІІ халықаралық журналистика және коммуникация қысқы мектебі өтеді

0
729

 2021 жылы 11-13 ақпан аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Журналистика факультеті ұйымдастыруымен «Qazaq Radiosy» 100 жылдығы және  Бүкіләлемдік  радио күніне арналған «Қолжетімді радио әр тұрғынға және барша халыққа: COVID-19 пандемияға қарсы күресте» VIІІ Халықаралық журналистика және коммуникация Қысқы мектебі онлайн форматта өтеді.

2014 жылдан бері әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Алматы ЮНЕСКО Кластерлік Бюросы қолдауымен Бүкіләлемдік радио күніне арналған Халықаралық журналистика және коммуникация қысқы мектебін өткізіп келеді. Бұл шара білім алып жүрген жастар мен кәсіби журналистердің медиа алаңына айналды.

ҚазҰУ ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік радио күнінің: «Жаңа әлем. Жаңа радио. Эволюция. Инновация. Тоғысу»  атты тақырыптарын қолдайды

2021 жылы ЮНЕСКО ғасырлық тарихы бар  радиостанцияларға оныншы рет аталатын халықаралық күнді атап өтуді  ұсынады.

Биылғы радио күнін атап өту үш тақырыпқа негізделеді:

ДАМУ. Әлем өзгереді, радио дамиды. Бұл тақырып  радионың түрлі трансформацияға тұрақтылығы мен өміршеңдігін ерекше танытады.

ИННОВАЦИЯЛАР. Әлем өзгереді, радио инновацияларға иемді және оларды  өмірге енгізеді. Кез келген адамға қолжетімді мобильдік ең жоғары ақпарат құралы ретінде радионы жаңа технологиялармен  жабдықтауға тура келеді.

ӨЗАРА БАЙЛАНЫС. Әлем  өзгереді, радио адамдарды байланыстырады. Бұл тақырып табиғи апаттарда, әлеуметтік-экономикалық дағдарыстарда, эпидемияларда радионың  арқасында қоғам бұл оқиғаларды тыңдай алады.

Шараға  Қазақстан, Ресей, Қытай, Ауғанстан, Вьетнам, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстаннан журналистер, студенттер, оқытушы–профессорлар қатысады.

Ұйымдастырушы: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ , Журналистика факультеті,  «Медиасфера» гуманитарлық ғылыми зерттеу орталығы.

Серіктестер:

  • Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік Бюросы
  • ҚР БҰҰ Жаһандық коммуникация департаменті
  • «Қазақ радиолары» ЖШС
  • «Қазақ университеті» баспа үйі
  • Ақпараттық қолдаушылар:
  • Алтай мемлекеттік университетінің «Планета  радиосы»
  • Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ТРК

Байланыс: Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы
Сұлтанбаева Гүлмира Серікбайқыз  +77373773338-1351, моб: +77073777049;
e-mail:  winterschoolkz@gmail.com

Толық ақпарат: https://bit.ly/3tkXhEr

Тіркелу үшін: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSdg2XsLDOVOJ0x_RH1ly7SY8kXj_0bY4dHfFQeoePhLrH5S6w/viewform?usp=sf_link


ПІКІР ҚАЛДЫРУ