Косметика дүкенін қалай ашуға болады?

0
1922
Иллюстрация: Freepik.com

Косметика – әрқашан сұранысқа ие тауар. Бұл әйелдер бизнесінің ең ауқымды түрі. Сонымен косметика дүкенін қалай ашуға болады?

Жыл сайын сұлулық индустриясы дамып ,таралуда. Жаңа косметикалық өнімдердің
пайда болуы – косметика мен парфюмерияға деген сұраныстың өсуіне ықпал етеді. Әлеуметтік сауалнамаға сәйкес, әйелдер өз табысының 15%-ын косметикаға ай сайын жұмсауға дайын екенін жасырмайды.

Косметика дүкенін ашу үшін алдымен косметиканың қыр-сырына қанығып, екіншіден,
бөлшек саудамен айналысатын барлық кәсіпкерлер тап болатын барлық негізгі кезеңдерді шешу қажет.

Атап айтқанда:

• бизнесті тіркеу;
• қолайлы жайды табу;
• сауда алаңын рәсімдеу
• жабдықтарды сатып алу,
• ассортиментті қалыптастыру және сатып алу;
• қызметкерлерді жалдау;

Косметика және парфюмерия дүкендерінің негізгі форматтары келесідей:

1. Элиталық косметика және парфюмерия дүкені.
2. Кәсіби косметика дүкені
3. Табиғи косметика дүкені
4. Емдік косметика дүкені
5. Корей немесе шығыс косметика дүкені және т.б.

Ескере кететін жайт: кез келген косметика дүкенінде өнімнің әрбір партиясына толық құжаттары болуы тиіс. Бастапқы кезде қаражатты төмендегідей:

• Арзан тауарлар – 50%
• Орташа құнды – 30%
• Қымбат тауарлар – 20% алған жөн.

Тәуекелдер. Сатып алушыларды тарту үшін белгілі бір уақыт қажет болғандықтан, алғашқы бірнеше айда сіз шығындарға, аздаған пайдамен жұмыс істеуге дайын болыңыз.

Дереккөз: «Бизнеске бағыт» кітабы,
Дәулет Төлеутайұлы,2021

Басқа материалдар:

  1. «Шаштараз» бизнесін қалай бастауға болады?
  2. Фотостудия кәсібін қалай дамытуға болады?
  3. Кофе-киоск кәсібін бастау үшін…
  4. ҰБТ тапсырушы түлектерге ақыл-кеңес
  5. Мектеп оқушыларына 6 кеңес
  6. ҰБТ тапсырушыларға Шиара Құдайбергеновадан кеңес
  7. Интернет-маркетологтың қызметі қандай?
  8. SMM маманы деген кім?
  9. Data Scientist — деректер ғалымының қызметі қандай?
  10. Web-дизайнер деген кім?

ПІКІР ҚАЛДЫРУ