Жыл сайын сапалы және кәсіби веб-дизайнерлерге деген қажеттілік күн санап артып келеді. Осыдан бірнеше жыл бұрын дизайнның бұл түрі хобби деп есептелсе, қазір кәсіби мамандық ретінде қарастырылады.
Веб-дизайнер — бұл веб-сайтты өз бетінше іске қосатын және әлеуметтік желінің сәнін кіргізетін қызмет түрі. Маманның тәжірибесіне қарай, кез-келген сауатты веб-дизайнер өз клиенттерін оңай таба алады.
Веб-дизайнердің қызметі қандай?
— Сайттың макетін әзірлейді;
— Жарнама баннерін дайындайды;
— Әлеуметтік желідегі барлық суретті безендіреді (Аватар, шапка, т.б)
Веб-дизайнер нені білу керек?
— Түстің теориясы мен типографикасын меңгеру қажет;
— UX/UI туралы ойланып, сайтты қолданушы үшін ыңғайлы болуын қадағалау қажет;
— Adobe Photoshop, Adobe Illustrator, Adobe InDesign, Paint, Figma, GIMP, CorelDRAW, NotePad++, FineReader және Colormania, Adobe Flash, GIF Animator бағдарламасын меңгеру маңызды;
— HTML және CSS-тің бастапқы деңгейін де білгені жөн;
— Сурет салу қабілет болу қажет.
Веб-дизайнердің табысы қанша?
Олардың табысы әртүрлі болады. Аlmaty.hh.kz (Работа в Казахстане) сайтының дерегі бойынша, кемінде 150-250 мың теңгеден басталады. Егер, ғаламтор арқылы өз кәсібіңізді дамытатын болсаңыз, бұдан 2-3 есе артық қаражат табуға болады.
Веб-дизайнер болу үшін не істеу қажет?
— Дизайнның негіздерін меңгеру қажет;
— Кейде жақсы пікір қалыптастыру үшін тегін жұмыс істеуге тура келеді;
— Портфолио дайындау керек;
Бұл саланың маманы болу үшін ЖОО бітірудің қажеті жоқ деп жиі естиміз. Десек те, кей университеттерде дизайн мамандығы оқытылады. Бұл салаға да тәжірибе қажет. Сондай-ақ, ақылы курстарды оқып алсаңыз, артық болмайды.
Жеке қасиеттері:
— Байланысқа бейімділік, белсенділік, еңбекқорлық;
— Шыдамдылық, креативтік, тапқырлық;
Маркетингті меңгерушілерге арналған орыс тіліндегі кітаптар тізімін ұсынамыз:
- Филип Котлер. «Основы маркетинга».
- Джек Траут. «Дифференцируйся или умирай! Выживание в эпоху убийственной конкуренции».
- Чан Ким и Рене Моборн. «Стратегия голубого океана».
- Джим Коллинз. «От хорошего к великому».
- Барден Фил. «Взлом маркетинга».
- Энди Серновиц. «Сарафанный маркетинг. Как умные компании заставляют о себе говорить».
- Аллан Диб. «Одностраничный маркетинговый план. Как найти новых клиентов, заработать больше денег и выделиться из толпы».
- Даниэль Канеман. «Думай медленно… решай быстро».
- Денис Савельев, Евгения Крюкова. «100+ хаков для интернет-маркетологов. Как получить трафик и конвертировать его в продажи».
- Дэвид Огилви. «Откровения рекламного агента».
- Карл Сьюэлл и Пол Браун. «Клиенты на всю жизнь».
- Малкольм Гладуэлл. «Переломный момент».
- Нир Эяль, Райан Хувер. «На крючке. Как создавать продукты, формирующие привычки».
- Бен Хант. «Конверсия сайта. Превращаем посетителей в покупателей».
- Игорь Манн, Елена Золина. «Фидбэк. Получите обратную связь».
- Марк Джеффри. «Маркетинг, основанный на данных. 15 ключевых показателей, которые должен знать каждый».
- Джек Митчелл. «Обнимите своих клиентов. Практика выдающегося обслуживания».
- «Психология убеждения», Роберт Чалдини и Ноа Гольдштейн.
- «Интернет-маркетинг по науке», Дэн Заррелла.
- «Интернет-маркетинг. Настольная книга Digital-маркетолога», Андрей Гавриков, Владимир Давыдов, Михаил Федоров.
- «Веб-аналитика 2.0 на практике», Авинаш Кошик.
- «Жёсткий SMM. Выжать из соцсетей максимум», Дэн Кеннеди, Ким Уэлш Филлипс.
- «Маркетинг без диплома. Просто и практично», Джон Янч.
- «СПИН-продажи», Нил Рекхем.
- «От клиента к фанату. 501 способ повышения лояльности к вашей компании», Донна Катинг.
Басқа материал:
Интернет-маркетологтың қызметі қандай?
Копирайтер деген қандай мамандық