Ғылым мен білімнің өзекті мәселелері

0
1389
Иллюстрация: Freepik.com

2021 жылдың 28-30 сәуір аралығында Каспий Университеті Гуманитарлық ғылымдар Жоғары мектебінің ұйымдастыруымен  «ҒЫЛЫМ МЕН БІЛІМНІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ»  тақырыбында халықаралық қашықтықтан ғылыми бейнеконференция өтті.

Халықаралық қашықтықтан ғылыми бейнеконференцияның пленарлық отырысын Каспий университетнің ректоры Нүсенов Жолдасбек Мүслімұлының  құттықтау сөзімен ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Конференцияға University of Leiden (Netherlands), Kwangju Institute of Science and Technology (South Korea),  Vrije Universiteit Brussel (Belgium),   Chongnam National University (Seoul), Абай атындағы ҰПУ, Нархоз университеті, КазҰАЗУ, Тұран университеті, Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университеті, ҚазЕжӘҚА,  Орталық-Азия университеті, І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеттерінің оқытушы-профессор ғалымдары, докторанттары, магистранттары мен студенттері қатысты.

Конференцияға   University of Leiden университетінің PhD докторы, ғалымы, лингвистика салсының зерттеушісі Morgane Jourdain қатысты. Ғалым баяндамасында «Ақпараттық құрылым», «Дислокация» тақырыбына талдау жүргізіп және де француз балаларының тиісті ақпаратты белгілі бір синтаксистік құрылымдармен қалай үйренетіндігіне тоқтады. Француз тілінің синтаксистік құрылымы төңірегіндегі  ой бөлісті.

Vrije Universiteit Brussel университетінің PhD, профессор  Ahmad Wali Ahmad-Yar  өзінің баяндамасында антропология мен саясаттану ғылымдарына талдау жасай отырып, мигранттар көші-қон  туралы мәліметтерге ғылыми талдау жүргізді.

Оңтүстік Кореяның Kwangju Institute of Science and Technology университетінің   PhD докторы Caceres Najarro Lismer Andres   заманауи ғылым кеңістігіндегі технология саласындағы Сымсыз сенсорлық желілерде сенсорлық түйіндерді локализациялау тақырыбында баяндама жасады.

Сеулдің  Chongnam National University  университетінің  PhD докторы Бастаубаева Әлия Жолтайқызы  қиын-қыстау кезеңдегі жоғары және орта білім  жасындағы корей мигранттарының жағдайы  жөнінде, «COVID – 19» кезеңінде туындаған әлеуметтік тәжірибелердегі өзгерістерді, атап айтқанда мемлекеттік және жекелік мекемелердің жабылуының әсеріне тоқтады.  Қашықтықтан оқыту білім мен қоғамдық өмірге деген құндылықтары мен көзқарасытары, сондай-ақ  болашақта қалай дамып, қалыптасатындығы туралы  ақпараттары туралы өз зерттеулерін айтты.

Халықаралық ғылыми бейне конференцияда қазіргі заманғы ғылым мен білім берудің түрлі салаларының мәселелері талқыланды. Баяндамалар мен ұсыныстар ұсынылып,  пікір алысып  қызу талқы болды.

Пленарлық отырыстан кейін ғылым  мен білім салаларындағы зерттеу бағыттары бойынша  секциялармен  жалғасты. Конференцияға қатысушылардың заманауи ғылымның дамуына қызығушылық  танытып және зерттеулері жөнінде ой бөлісті.

Конференцияны Каспий университетінің Академиялық мәселелер жөніндегі проректоры О.В.Киричок  «ҒЫЛЫМ МЕН БІЛІМНІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ»  тақырыбында қашықтықтан өткен ғылыми бейнеконференция алдына қойған мақсатына жеткендігі туралы қорытындылап, қатысушыларға диплом мен сертификат табыстады.

 Ноғайбаева Ж.Ә.
 пед. ғыл. канд., қауым.профессор
Каспий университеті


ПІКІР ҚАЛДЫРУ