Ғылыми мекемелер мен ұйымдардың дамуы (сабақ жоспары)

0
781
Гомотетия және оның қасиеттері

Сабақтың мақсаты
–ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы білім беру мен ағарту ісінің даму ерекшеліктерін түсіндіру.

Зерттеу сұрағы
XIX ғасырда Қазақстанда оқу ағартушылық мекемелер қандай түрде дамыды?

Оқулық
Ғылыми мекемелер мен ұйымдардың дамуы. 184—187 беттер.

Тірек сөздер: саяхатшылар, ғалымдар, экспедиция, баспасөз.

Ресурстар

Көрнекілік
Кесте, сызба, суреттер. Мұғалім ХІХ ғасырда қазақ жерін зерттеген зерттеушілер, саяхатшылар, суретшіліер суреттерін көрсету керек. Ғаламтор желісінен, ғылыми фотокаталогтардан алынған ХІХ ғасырда түсірілген фотосуреттерді көрсету керек.

Мақсатты айқындау
Оқушыларды іздемпаздыққа, алғырлыққа, білім құмарлыққа баулу.

Дамытушылық маңызы: оқушылардың ғылыми зертттеулерге деген қызығушылығын оята отырып, шығармашылық қабілетін арттыру.

Тәрбиелік маңызы: туған жерінің тарихын, өлке тарихын зерттеуге деген
қызығушылықтарын оята отырып, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі мен әдісі
Блум таксономиясы. Сараптау, талдау, дискурс сабағы.

Сабаққа қатысты ескертпелер
Оқулықтағы сабақ мәтінінде кездесетін сөздерге байланысты түсініктеме беріп отыру керек. Географиялық, статистикалық, этнографиялық, жаратылыстану бағыттарына байланысты зерттеулердің маңызын ашып айту керек.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Орталық Музейнінің 1930 жылдары рынборда құрылғандығын, Жәңгір ханның қару-жарақ палатасыу деп аталған көрме музейінің болғанын айтып кету керек. ХІХ ғасырда түсірілген фотосуреттермен таныстыратын http://csmrk.kz/; e-history.kzсайттарынан алынған мәліметтерді ұсынуға болады.

Бағалау мүмкіндігі
Кестелермен жұмыс арқылы білімін бекіту және бағалау

Кесте-1

Ғылыми ұйымдар мен мекемелер атаулары Зерттеу бағыттары Өкілдері

 

Кесте-2

Зерттеушілер аты –жөні, кезеңі Атқарған қызметтері Еңбектері, зерттеу нысандары

 

Кесте-3

Баспасөз құралдары Атаулары Жарияланған жылдары

 

Білімін шыңдауға берілген Тесттен 3дұрыс жауабын тап!
1. Қазақтардың тарихи-мәдени мұрасын зерттеп, қағаз бетіне түсірген
тұлғалар:

А) Ә.Науаи; Е) Ш.Қосшығұлұлы;
В) А.Розыбакиев; F) Н.Н.Карамзин;
С) И.А.Кастанье; G) А.Жәнтөрин;
Д) А.Ибрагимов; H) Ә.Диваев.

Тесттен 3 дұрыс жауабын тап!
2. 1870-1917 жылдары жариялап тұрған басылымдарды көрсетіңіз:

А) «Туркестанские ведомости»; Е) «Туркестанский край»;
В) «Свободная речь»; F) «Сибирский листок»;
С) «Түркістан уәлаятының газеті»; G) «Дала уәлаятының газеті»;
Д) «Русский инвалид»; H) «Акмолинские областные ведомости».

Қосымша тапсырма
«Экспедиция» тақырыбына өз жоспарыңды жасап көр, бізді таныстыр
және жоспарыңды қорға!


ПІКІР ҚАЛДЫРУ