Селфиге түсу сəн бе, əлде сырқат па?

0
703

Бір кездері, «селфи» сөзі алғаш шыққанда барлығымызға таңсық болғаны сөзсіз. Ал, қазір еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін селфидің не екенін біледі десек өтірік болмас. Себебі ,күнделікті өмірде жиі естіп, жиі қолданып жүргеніміз белгілі. Тіпті, сол селфиге байланып қалған, былай айтқанда «селфисүйгіштер» мен сол селфи арқылы ақша тауып күн көріп отырғандар «селфилеткіштер» де баршылық. Шын мəнісінде, жұрттың селфиге құмартуының мəнісі неде? Бұл ұғым қайдан шыққан?

Селфи (ағылш. Self – өзі, өзін), басқаша фотоавтопортрет – камера мен айнаның көмегі арқылы өзін-өзі фотокамераға түсіру арқылы пайда болатын автопортреттің бір түрі. Бір сөзбен айтқанда ұялы телефонның алдыңғы камерасы арқылы суретке түсу. Кей деректерде бұл термин 2010 жылы мобильді құралдардың дамуының пайда болуына байланысты қалыптасқан десе, басқа дерек көздерінде 2012 жылдары Facebook- те  танымал болған сөз алғаш рет 2002 жылы Австралияда өткен бір форумда қолданылған  делінген.

Тіпті, 2013 жылы Оксфордтың танымал ағылшын тілі сөздігінде «Жыл сөзі» атанған деседі. Селфи түсіру барысында камера қол созым жерде тұратындықтан суретке тек адамның басы немесе басынан сәл жоғары не төмен жерлер ғана түсіріледі.Ал қазір оған тіпті селфи таяқшалыры да шығарылып, қалаған қашықтықта түсуге мүмкіндік бар .

Алғаш ұялы телефон шыққан жылдары суретке түсіретін камера атымен жоқ еді, кейін артында камерасы бар суретке түсіретіндері шыға бастады. Ол кездері, «соқыр селфиге» түсуге мəз болушы едік.

Ал қазіргі технологиялардың шарықтау шегіне байланысты алдыңғы да, артқы да, одан қалса бір емес бірнеше камерасы бар ұялы телефондар шығарылып жатқанын байқаймыз. Алғашқы селфилар елімізде Мой мир желісінде басталды деуге болады. Қазіргі таңда Инстаграм, Facebook, Whatsapp желілерінен үлкен орын алып отыр.

2014 жылғы статистикаға сүйенсек, селфилардың 30 пайызы 18-24 жас аралығындағы жастарға тиесілі екен. Ал қазір, 40-50 жастағылардың да селфиге түсіп желіге жиі жүктеп жүр. Жалпы кез-келген жастағы әр интернет қолданушы 1 рет болса да селфи түсіріп көреді.

Бұл дегеніміз, селфиге тəуелділердің санының көбейіп жатқандығының көрінісі. Себебі, ол бір сырқат секілді. Бір түсіп көріп, үйреніп алсаң, əр күніңді, əр ісіңді, əр жүріс тұрысыңды түсіргің келіп тұрады.

Әлемдік деңгейдегі социологтар мен психологтардың айтуынша,  селфиге күніне 1-2 түсіп, өзінің қажетілігіне жаратса ол әдет,  ал,  егер 10 суреттен жоғары түссе ол аурудың бір түрі екен.Онымен қоймай, қазіргі заманда селфиді ешкім қайталай алмастай етіп түсіру тіпті сәнге айналып бара жатыр. Яғни, қауіпті аймақта суретке түсетіндердің саны көп.   

2018 жылғы статистика бойынша, 2011 жылдың қазан айынан бастап 2017 жылдың қараша айына дейін қауіпті аймақтарда селфи түсіру кезінде қаза тапқан адамдардың саны 259-ға жеткен. Алыстан арбаламай, осы жылы Нұр-Сұлтан қаласында селфиге түспек болған 22 жастағы жігіттің Есіл өзеніне құлап кеткенін естіген боларсыздар. Қуанышқа орай, жүзе алатын жігіт болып шығып аман қалған еді.

Əрине, заман ағымынан қалмай, алдыда жүрген жақсы, дегенмен селфи жасаймын деп жүріп,өз өмірімізге балта шауып алмаңыз.. Оданда əзіліңіз жарасқан жақындарыңызбен өткізген уақытқа не жетсін?!

Ертай Әмина Әділқанқызы
Тұран университеті
4-курс студенті

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ