Өз-өзімді сүйемін (Ашық сабақ)

0
1082
Дене шынықтыру

Білім бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру

Мақсаты: Адам  бойындағы құнды қасиеттер туралы түсінік беру. Өзін – өзі тани білу. Жақсы істер жасай білу: тіл алу, тыңдау, әдептілік туралы түсініктерін кеңейту. Ұқыптылық, жақсылық ұғымының адамгершілік құндылықтарының мәнін ашу. Өзін – өзі сүйе білу түсініктерін қалыптастыру. Өз-ара қамқорлыққа,  сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Сәлемдесу.

Армысың асыл күн!

Армысың көк аспан!

Армысың туған жер!

Армысың достарым!

Армысың қонақтар!

Қош, келдің біздерге!

-Сәлеметсіздерма  балалар!

-Сәлеметсізба Бота Ахмедияқызы!

Тәрбиеші.   – Балалар, бүгін қоршаған ортамен таныстыру ұйымдастырылған іс – әрекетімізде «Өз – өзімді сүйемін» жайлы әңгіме жүргіземіз.

Күн:

Бар жақсылық жақсы адамның жолында

Жаман болып тумайды ешкім анадан

Жаман адам қайдан шыққан соңында?

Соныойла да өзіңе – өзіңесепбер.

Көктем – өмір, көгерербәйшешектер.

Екіжол бар жағаласыпжататын

Жақсылыққаапаратынжетекке ер.

Тәрбиеші:  —Күн тілегіңе көп рахмет! Балалар саған өздерін  не үшін сүйетіні жайлы айтып бергісі келеді. Күн сен өзіңді сүйесіңбе?

Күн: — Ия, мен өзімді сүйемін. Өйткені, мен үлкенмін, жарықпын, жылы және өте ыстық боламын. Мен, балалардың үлкен болып өсуіне, бақшаның гүлденуі мен жерді жылытатыным үшін өзімді сүйемін.

Тәрбиеші: -Әр адам өзінің қасиеттерін ескере отырып сүйе білуі тиіс. Сол қасиеттер жайлы тыңдайықшы.

Ойын: «Айна». (балалар айнаға қарап өздерін не үшін сүйетінін айтады).

Күн: -Балалар сендер де өздеріңнің жақсы қасиеттеріңді тани біледі екенсіңдер. Әр, уақытта өздеріңді сыйлап, сүйе білуді ұмытпаңдар. (балалар мен қоштасады).

Мнемотехника жолы.(Қуыршақ Мадина, душка түсті, тісын тазалады, шашын тарады) суреттер арқылы әнгіме құрастыру.

Сергіту сәті: «Көнілді күн»

Балалар орындарыңа емін – еркін жайғаса отырыңдар. Көздеріңді жұмыңдар. Терең демалыңдар. Жүрегіміз толы мейірім. Тек жақсы істерді ойлаймыз. Бойымыздағы жақсы қасиеттеріміз арқылы өзімізді құрметтейміз. Енді көздеріңді ашыңдар.

Күтпеген жерден кірқожалақ келеді.

Бала:  Мынау бала, бетін қара,

Кір – қожалақ қап – қара

Шашы өскен, тырнақ көптен

Алынбапты масқара !

—  Сен кімсің?

Кірқожалақ:

Кім екенімді табыңдар!

Жуынуды ұнатпаймын,

Сабынмен достаспаймын,

Лас боп жүргенді ұнатамын,

Сондықтан да Кірқожалақпын!

Тәрбиеші: — Сен бізге неге келдің?

Кірқожалақ:-Мен өзіме дос іздеп келдім. Бұл балалардың арасында кір қожалақтар бар шығар ?

Тәрбиеші:  -Біз тазалықты сүймейтін және өзін жақсы көрмейтіндер мен  дос болмаймыз.

Кірқожалақ: -Мені қумаңдаршы, жалынамын. Өзін жақсы көретін бала қандай болуы керек?

Тәрбиеші: Балалар, Кірқожалаққа айтып беріңдерші өзін жақсы көретін бала қандай болу керек?

Балалар: Біз таңертең жаттығу жасаймыз, тісімізді тазалаймыз, бет – қолымызды жуамыз, шомыламыз. Таза  киім киеміз. Аяқ – киімді сүртіп киеміз.

Тәрбиеші: Не істеуге болмайды?

1.Үлкендердің алдынан кесіп өтуге болмайды

2.Ауызды ашып есінеуге болмайды

3.Қатты дауыс көтеріп күлуге болмайды

4.Үйге жүгіріп кіруге болмайды

Тәрбиеші: Не істеу керек?

1.Үлкендерге қол беріп сәлемдесу керек.

2.Аналар мен қыздарды құрметтеу керек.

3.Досқа адал болу керек.

4.Үлкендердің айтқан ақылын тыңдау керек.

Тәрбиеші: — Көрдің бе? Кірқожалақ біздің балалар өзін – өзі таза ұстайды, тәртіпті, ұқыпты, сондықтанда өздерін жақсы көреді.

Кірқожалақ:  Рақмет достар, мен енді таза болып жүремін. Өзімді жақсы көремін. (қоштасады).

Ойын: «Мен жақсы көремін ». (табиғатты, ауылды, отбасымды, гүлді, балабақшамды) Мнемотехника сурет пайдалану (жыл мезгілдеры). Балалар шығып  өздері жыл мезгілен тандайды, сосын сипаттап береді.

Қорытынды: Өзін – өзі жақсы көру дегеніміз, жақсы қасиеттерге ие болу. Таза, ұқыпты жүру. Достарын, туған – туысқандарын сыйлау, жақсылық жасау. Сонда ғана өз – өзімізді сүйеміз.

Жүректен – жүрекке: Өз – өзімді сүйеміз – сізге де соны тілейміз!

Дереккөз: internet-konkursy.com

Басқа да материалдар: 

  1. Мөлдір бұлақ – жасыл құрақ. Өзін-өзі тану пәнінен сабақ жоспары
  2. Өз мүмкіндігімізді таниық (өзін-өзі танудан сабақ жоспары)
  3. «Аялай біл,сен деп соққан жүректі». Өзін-өзі танудан сабақ жоспары
  4. Оқушылардың өзін-өзі бағалау дағдылары
  5. Мөлдір бұлақ – жасыл құрақ. Өзін-өзі тану пәнінен сабақ жоспары
  6. Сабақ жоспары: Күләш Байсейітованың өмірі мен қызметі

ПІКІР ҚАЛДЫРУ