«Заман шындығы» бөлімі бойынша қазақ әдебиетінен тест тапсырмасы

1
7077
Иллюстрация: Freepik.com

1. Тест тапсырмаларын орында.

Б.Мұқайдың драмалық шығармалары:
A) «Өмірзая»
B) «Өмір арнасы»
C) «Ерулік»
D) «Аққу сазы»
E) «Иірім»
F) «Мазасыз маусым»
G) «Заманақыр»

Баққожа Мұқайдың «Сергелдең болған серілер», «Өзгенің өмірі үшін»,
«Дүние кезек» шығармаларының жанры:
А) Новелла
В) Поэзия
С) Драма
D) Эссе
Е) Очерк

Баққожа Мұқайдың «Өмірзая» романының тақырыбы:
А) Тарихи
В) Биографиялық
С) Сыни
D) Әдеби
Е) Публицистикалық

«Өмірзая» романы кейіпкерлерінің жалаға ұшырау себебі:
А) Абылай хан туралы жазғандықтан
В) Әбілқайыр хан туралы жазғандықтан
С) Жәңгір хан туралы жазғандықтан
D) Кенесары хан туралы жазғандықтан
Е) Бөкей хан туралы жазғандықтан

«Өмірзая» романында көрсетілген жағдай:
А) Ұлы Отан соғысы
В) Кеңес үкіметін орнату
С) Ұлт-азаттық көтеріліс
D) Тоталитарлық жүйе
Е) Тәуелсіздік

Е.Әбікенұлының шығармалары:
A) «Елу теңге»
B) «Желтоқсан желі»
C) «Ақын»
D) «Министр»
E) «Тәуекел той»
F) «Өкініш»
G) «Желтоқсан ызғары»

«Пәтер іздеп жүр едік» әңгімесінде кездесетін жәндіктің аты:
А) Шыбын
В) Маса
С) Шіркей
D) Тарақан
Е) Қандала

Ерболат Әбікенұлы әдебиетте дамытуға атсалысып келе жатқан сала:
А) Поэзия
В) Пьеса
С) Ертегі
D) Публицистика
Е) Сатира

Ерболат Әбікенұлы шығармаларының негізгі тақырыбы:
А) Әлеуметтік
В) Шетелдегі қазақтар мәселесі
С) Тарихи
D) Достық
Е) Махаббат

2. Бөлімдегі шығармалардың ұқсастығы мен ерекшелігін дәлелдеп, түйінде.

3. «Заман шындығы» деген тақырыпта Б.Мұқай, Е.Әбікенұлы шығармашылықтарын қамтып, презентация жаса.

Халықара­лық зер­ттеу­лер фор­ма­тын­дағы тап­сырма­ үлгілері

Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап бер. Аристотельдің: «Маған достық та,
шындық та қымбат. Дегенмен әрқашан шындықты бірінші орынға қоямын»
және Шерхан Мұртазаның: «Шындық – ащы һәм ажарсыз» пікірлерін пайдаланып, мәтінді талда.

Шындық – шынайы, шын бар болмыс, нақты бар және дамитын нәрсе, өзінің мәні мен заңдылығын өз ішінде қамтиды. Философиялық терминологияда  шындық жалғанға да, жай мүмкіндікке де қарама-қарсы қойылады.

Шындық – 1) табиғи және қоғамдық-тарихи құбылыстар жиынтығының
нақтылы дамуындағы объективтік реалдылық;
2) шынайылық, дұрыстық,  ақиқат.

Қазақ әдеби тілінің сөздігі

1. Мәтін қандай үлгіде жазылған?
А) Естелік
В) Хат
С) Анықтама
D) Өлең
Е) Өсиет

2. Мына сөйлемдердің қайсысы жоғарыда берілген мәтіннің мәнін ашпайды?
А) Су жоқ жерде өмір жоқ, ол – ақиқат
B) Шындық – көп, ақиқат – жалқы
C) Ақиқат сөз – ащы сөз
D) Шындық – ақиқатты түсіндіруші
Е) Ақиқат жеңер жалғанды

3. Мәтінде айтылмаған сөзді белгіле:
А) Реалдылық
В) Шынайылық
С) Имандылық
D) Дұрыстық
Е) Ақиқат

Тапсырмаларды орында.
1. Т.Рысқұлов И.В.Сталинге: «Шындық шірімейді. Шындықтың бетін қанша бүркемелегенмен, бүркеніштің әр жағынан сәуле шашырап тұрады. Шын тарих та
осындай. Шын таразы – тарих» деген («Бесеудің хаты» драмасынан).
Не себепті? Дәлелде.

2. «Өмірзая» сөзінің түсіндірме сөздікте берілген мағынасы:
1) таңға жақын көрініп, ағып түсетін жұлдыз.
2) кеспелтек шоқпар.
Осы екі түрлі мағынаны «Өмірзая» романымен байланыстыр.

3. Мәтінді оқып, сұраққа жауап бер.
Модернизм (франц. moderne – жаңа, қазіргі заманғы) – ХХ ғасырдың
20-жылдары пайда болған адамдардың рухани дағдарысын бейнелеуге
негізделген көркемдік-эстетикалық жүйе. Модернизмнің төменгі шегі реалистік мәдениет болса, жоғарғы шегі 1950 жылдары пайда болған постмодернизм болып саналады. Әдебиеттегі постмодернистік құбылыстың қоғамға пайдасы бар ма?
Пікіріңді дәлелде.

Дереккөз: Қазақ әдебиеті. Жалпы білім беретін мектептің 11-сыныбының
жаратылыстану-математикалық бағытына арналған оқулық.
Р.Зайкенова, Р.Сакенова, Л.Н.Нұрланова

Ұқсас материал:


1 ПІКІР

ПІКІР ҚАЛДЫРУ