«Пә­тер із­деп жүр едік» әң­гі­ме­сінің ерекшелігі

0
18015

Әдебиет – өмірдің үзіліп түскен бір бөлшегі. Демек, өмір бар жерде – әдебиет бар. Қай қоғамда да тақырып таусылған емес.

Ерболат Әбікенұлы

Ер­бо­лат әң­гі­ме­ле­рі­нің бір ерек­ше­лі­гі сол, мұн­да дра­ма­тизм бар. Тұ­нып тұр­ған
көр­кем­дік ком­по­не­нт­тер­ден гө­рі то­лып жат­қан қи­мыл-қоз­ға­лыс ба­сым. Құ­бы­лыс­ты,  бел­гі­лі бір күй-қа­лып­ты қаз-қал­пын­да бе­ру­ге ұс­та. Әр­бір де­таль­дің іш­кі сы­ры­на үңіліп, ақ­та­рыс­ты­рып ашу­ды мақ­сат ет­пейт­ін си­яқ­ты.

Нұрбол Құдайбергенов

Білгенге маржан. Тал­ғам­паз оқыр­ман ре­тін­де Мұх­тар Әуе­зов­тің әң­гі­ме­ле­рі мен Бей­ім­бет Майлин­ді ең оқы­лым­ды шы­ғар­ма­лар­дың қа­та­ры­на жат­қы­зар едім. Ме­нің
кем­ші­лі­гім –  Май­лин­мен кеш та­ныс­қа­ным. Қа­тар­лас­та­рым­ның кө­бі Бей­ім­бет­ті жиі ай­та­тын.  Бе­йім­бет­ті жас­тық­пен, ал­бырт­тық­пен оқу­дың қа­же­ті ша­ма­лы. Адам ес тоқ­та­тып,
ақы­лы кір­ген­нен кей­ін ға­на Бей­ім­бет­ке ба­руы ке­рек. Өйт­ке­ні Бей­ім­бет жа­лаң са­ти­ра
емес. Бұл – ащы сар­казм­ға, уыт­ты қал­жың­ға құ­рыл­ған өмір­дің шын­ды­ғы.

Мұх­тар  Ма­ғауин, Әбіш Ке­кіл­ба­ев, Ты­ным­бай Нұр­ма­ғам­бе­тов­тың әлем­дік клас­си­ка­лық
шы­ғар­ма­лар­мен са­лыс­ты­ра ала­тын көр­кем дү­ние­ле­рі бар. Мә­се­лен, Әбіш Ке­кілба­ев­тың «Хан­ша Да­рия хи­кая­сын» ерек­ше атар едім. Мұх­тар Ма­ғауин­нің көп­ші­лік
«Ала­са­пы­ран» мен «Жар­ма­ғын» жиі атай­ды. Ке­рі­сін­ше, «Ар­хив құ­пия­сы», «Қа­ра
қыз» бен «Ша­қан-Ше­рі­сі­нің» жө­ні бө­лек. Ты­ным­бай­дың «Меш­кей­ін» кө­бі­рек атап
жа­та­ды. Оның ең мық­ты дү­ние­сі – «Ша­шу­бай» мен «Бө­рі­бай­дың ты­ма­ғын ит алып
қаш­қан қы­сы» ерек­ше.

Ерболат Әбікенұлы

Сатирик жазушы Ерболат Әбікенұлының студент кезінде жазған «Пәтер  іздеп жүр едік» әңгімесі – шағын да болса, әдебиет қауымын елең еткізген  шығарманың бірі. Мұнда еліміздегі, әсіресе, жастардың басындағы әлеуметтік мәселелердің маңыздысы – баспана мәселесі сөз болады.

Табанынан тозып,  пәтер іздеу машақатын шынайы сипаттайды, Алматы қаласындағы пәтер  іздеушілердің ұзақ жыл орны болған «жетім бұрыш» туралы да келтіреді: «Алматыны алты айналып, жетім бұрышты жеті айналғанда өкшем опырылып түсті. Енді маймақ жүріске бастым, аяғым ауырды деп келіншегім отыра кетті».

Жағдайды көзімізге дәл елестету үшін диалогпен береді, құлағымызға пәтер үшін жанталасқан жандардың дауыстары келеді:

«Құмырсқаның илеуінше қайнаған жетім бұрыштан бізге лайық пәтер табылмады. Табылмады емес, табылды-ау, әкесінің құнын сұрайды, тіпті делдал саған қарайтын емес, сөйлесу үшін де кезекке тұрады екенсің.

– Пәтер бар ма, апай?
– Бір қыз керек.
– Пәтер бар ма, ағай?
– Бір жігіт керек.
– Апа, пәтер керек еді.
– Екі қыз керек.
– Келіншегім екеуміз тұрсақ бола ма?
– Болмайды, келіншегіңнің қасына бір қыз қос та, өзің басқасын жалда.
– Пәтер керек еді.
– Жас отау керек.
– Біз жас отаумыз, – қуанып кетіппін, дауысым шәңк етіп шықты.
– Онда естіп ал, елу мың теңгеден, жүз елу мың теңге үш айдың ақшасын
алдын ала тапсырасың – Бөліп тапсырса ше?
– Онда барыңдар ары».

Автор осы шығармасының жазылу тарихы туралы былай дейді: «Студент  кезімде барахолкадағы (Алматыдағы киім-кешек базары ред.) бір достарымның  жалдамалы пәтеріне бардым. Іші – ит байласа, тұрғысыз. Ішке еніп, тақтайдан  құрастырып жасаған, төсексымаққа отыра бергенімде қожайын әйел (өзге ұлт  өкілі) кіріп, менің келгеніме бола реніш білдірді. Аналар жүз теңге беріп еді,  жайына кетті. Дәл сол кез ойыма әлгі әңгіменің сюжеті келді.

…Екі-үш күннен  соң, өзім тұратын ҚазҰУ-дың 17-жатақханасындағы бөлмемде тыныштықты  пайдаланып, екі сағатта қағазға түсірдім. Екі жігіттің орнын жас  ұбайларға алмастырдым да, бірінші жақпен баяндадым. Елдер «Өз басыңнан өткен
бе?» – деп сұрай берген соң, кейінгілерді үшінші жақпен жазуға тырыстым».

Осындай баспана деп атауға ауыз бармайтын «пәтерсымақта» жас отбасы неше
түрлі ит қорлықты көреді, кейіпкер жігіт қайнағасының алдында масқара болады.
«Ел ауылдан туысым келетін болды деп қуанса, мен бұл күндері туысым  келетін болды деп қорқатын болдым. Әуел десеңіз, дәл мынандай кезде әкем  мен шешемнің келуін де қаламайтын едім. Бұл – менің жалғыз қорқынышым.

Қайнағам келсе – қайттім, ойбай, ұят болды-ау! Қайсы төсекке жатқызам деп  сары уайымға салындым. Телефонмен сөйлескенде «әдірісін айтқан соң, өзім  тауып барамын» деген еді. Бір күні кеште ойламаған жерден жаңбырлатып  жетіп келмесі бар ма, лашығымызды көріп, шошып кетті. Есіктен төрге дейін  көзі шарасынан шыға жаздап, үрейлене көз жүгіртті».

Жазушы жас жұбайлардың әлеуметтік мәселені шеше алмай, шаңырақтары  күйреп жататын себептерінің бірі баспана қиындығы екенін де аңғартады. «Мен  қолмен ұстап, көзбен көруге болмайтын, өмірімде тап болмаған тылсым бір бақытсыздық күй кешудемін. Қайнағам тұнжырап, келіншегім жылап отыр, оған  жаным ашыды. Ай мен күндей жарқыраған сұлу келіншек, ешкімнің қолы жетпеген, менің ғана қолым жеткен сұлу келіншек, үріп ауызға салардай аппақ сұлу  келіншек көз алдымда жылап отыр. Мен оны жылату үшін алып па едім?! Оның көз жасы менің жүрегіме, жүрегімнің ішіндегі өзекке тамшылап жатқандай».

Осы жайтқа байланысты Әбікенұлының шығармашылығын зерттеп жүрген
Әсия Бағдәулетқызы осы мәселенің ауруы тым тереңде жатқанын айтады: «Пәтер іздеп жүр едік…» бір қарағанда, көп қазақтың басындағы жағдай ғой. Таңғалатын, таңсық ештеңесі жоқ. Бірақ Ерболаттың жазуында сіз тұрмысының  қиюы қашқан қазақты ғана көрмейсіз. Сіз сол тұрпайы тұрмыстың азаматтың  азамат басын қалай итше тепкілеп, қорлайтынын көресіз».

Шығарма көлемі шағын болғанымен, айтатын ойы салмақты, күрделі: оқырман сезіміне дәл тиер сөздерді, сөйлемдерді қолданады: «Жау жағадан алғанда, бөрі етектен алып», сол сәт дастарқанның екі шетінен екі тарақан пайда  болды да, қарама-қарсы жорғалай жөнелді. Келіншегім шөгіп барады. Тарақан  құдды соғыс майданына жекпе-жекке шыққан қас батырдай екпіндеп келді де,  бір-біріне тұмсық түйістірді. Бір-біріне айбар шекті. …Қайнағам теріс қарады.  Әйелім бетін басты. Мен күйіп-жанып бара жаттым. Тамағым кеберси берді,  құрт малтап отыр едім, сол құрт өңешіме тығылып қалғандай, сөйлесем, дыбысым шықпайтындай сезілді».

Жазушының тілі – әдебиетке Хемингуэй енгізген «телеграфтық стиль»: айтайын деген ойын қысқа да нұсқа, нақты, шебер жеткізеді.

Дереккөз: Қазақ әдебиеті. Жалпы білім беретін мектептің 11-сыныбының
жаратылыстану-математикалық бағытына арналған оқулық.
Р.Зайкенова, Р.Сакенова, Л.Н.Нұрланова

Басқа да материал:


ПІКІР ҚАЛДЫРУ