Ерболат Әбікенұлының өмірі мен шығармашылығы

0
13804

Ер­бо­лат Әбі­ке­нұлы – екі-үш әң­гі­ме­сі­мен-ақ жас­тар әде­биетін­де­гі өз ор­нын ай­қын­дап үл­гер­ген жа­зу­шы. Оның қа­лам­гер­лік қу­атын та­ны­тар ту­ын­ды­ла­ры – «Пә­тер із­деп жүр едік», «Ми­ни­стр», «Жел­тоқ­сан ыз­ға­ры».

Нұрбол Құдайбергенов

Ер­бо­лат ба­тыл жа­за­ды. Өмір­дің қал­та­рыс құ­бы­лыс­та­рын «қой­ма ақ­тар­ған­дай ақ­тарып» (М.Ә.) жа­зу да­ры­ған, қа­зір­гі дә­не­ме­ге селт ет­пейт­ін жар­ты­лай жан­сыз ме­ха­ни­зм­ге ай­нал­ған, кеу­де­сін­де­гі жү­ре­гі бө­тен пи­ғыл­мен ға­на ты­ным тап­пай ту­лай­тын пен­де шіркін­ді бір­түр­лі ша­мы­на ти­іп, қо­лай­сыз күй­ге тү­сі­ре­тін әсер ту­ғы­за ала­тын си­қы­ры бар.

Қанипаш Мәдібай

Ер­бо­лат Әбі­ке­нұлы­ның әң­гі­ме­лер жи­на­ғын­да­ғы «Жұ­мы­рт­қа», «Күй­еу ба­ла» сияқты әң­гі­ме­ле­рі жас жа­зу­шы­ның ше­бер­лі­гін ай­қын­дай тү­се­ді. Бұл әң­гі­ме­лер оқырман­ды әл­де­бір нә­зік се­зім­дер­ге, жа­ңа әсер­лер­ге же­те­леп, аза­мат­тық қа­си­ет­тер­ді, адам­гер­ші­лік пен мейі­рім­ді дә­ріп­тей­ді. Бір әң­гі­ме­сін оқып, өзі­ңіз­ді-өзі­ңіз қай­рап, намы­сы­ңыз­ды оят­са­ңыз, ен­ді бір әң­гі­ме­сін­де кей­іп­ке­рі­мен қо­са ашу­ға еріп, ыза­ға булы­ға­сыз, ке­ле­сі бір әң­гі­ме­сін оқып, кө­зі­ңіз­ден жас ақ­қан­ша ра­хат­та­нып бір кү­ле­сіз. Өйт­се­ңіз, де­мек, бұл шы­ғар­ма­лар­дың сіз­ге әсер ет­ке­ні. Көр­кем шы­ғар­ма­ға қой­ылатын не­гіз­гі талап­тар­дың бі­рі де осы.

Саят Қамшыгер

Білгенге маржан. Ғұ­мы­ры ұзақ бо­ла­тын дү­ние­нің фор­му­ла­сын жа­зу­шы­ның бә­рі біл­гі­сі ке­лер еді. Бі­рақ ол тыл­сым­ды таң­дау­лы­лар ға­на аша­тын бо­луы ке­рек. Е.Әбі­ке­нұлы әде­би­ет­тің «сыр сан­ды­ғын» ашу­ға жа­қын­дап қал­ған­дай.

Қа­лам­гер­дің мұ­ра­тын әр­түр­лі тү­сін­ді­ру­ге бо­ла­ды. Со­ның бі­рі – за­ман­дас пен
за­ман бей­не­сін ашу. «Кім­біз? Қай­да ба­ра жа­тыр­мыз? Кім кі­нә­лі?» де­ген си­яқ­ты
сұ­рақ­тар­ға жау­ап бе­ру. Бір за­ман ту­ра­лы тол­ғап оты­рып, әр за­ман, бір адам ту­ра­лы
ай­тып оты­рып, бар адам ту­ра­лы ай­ту.

Ке­ше­гі «Өлі жан­дар» мен «Ре­ви­зор» не­ге мәң­гі­лік? «Фут­ляр­да­ғы адам» мен «Ха­меле­он» не­ге өл­мей­ді? Өйт­ке­ні екі клас­сик жа­зып кет­кен орыс қо­ға­мын­да­ғы кем­ші­лік­тер
кез кел­ген ха­лық­қа та­ныс. Та­ныс бо­ла­ты­ны, бір­де-бір ұлт құр­ған мем­ле­кетте, бір­де-бір
та­ри­хи ке­зең­де мін­сіз, адам­гер­шілікті фор­ма­ция бол­ған емес. Бол­май­ды да. Кез кел­ген
жер­де, кез кел­ген уа­қыт­та би­лік кі­сі бол­мы­сын бүл­ді­ре­ді. Би­лік­ке құл бол­ған адам­зат
іл­кі­де­гі абы­рой­лы, на­мыс­ты ер қал­пы­на жа­ғым­паз, жа­сық, сор­лы кей­іп­ке тү­се­ді. Он­дай
жағ­дай­да жа­зу­шы­ға не іс­те­мек ке­рек? Че­хов та, Го­голь да қо­ға­мы­ның кө­зін аш­ты. Өзі­не сырт­тан қа­ра­ған орыс ада­мы «Бұ­лай өмір сү­ру­ге бол­май­ды» деп дүр сіл­кін­ді.
Е.Әбі­ке­н­ұлы да о бас­та прог­рам­ма­лық сұ­рақ­тар­ға жау­ап бе­рем деп ой­ла­ма­ған си­яқты.Бі­рақ орайы тү­сіп, сол сұ­рақ­тың ке­мін­де бі­рі­нежау­ап та­был­ған. Мы­са­лы, «Біз кім­біз?»…

Ер­бо­лат­ті­кі – бос мақ­тан, құр­ғақ па­фос емес, қа­зір­гі қа­зақ­тың аяу­сыз, шы­найы
порт­ре­ті. Оның қа­лам сіл­те­сін са­быр­лы иро­ния ма, ащы мыс­қыл ма, уыт­ты са­ти­ра
ма, сы­ни реа­лизм бе, қа­лай атай­сыз, ма­ңыз­ды емес. Ма­ңыз­ды­сы – оның қа­ла­мы­ның
кө­лең­ке­сін­де қа­зір­гі қо­ғам, әлеу­мет­тік жә­не мо­раль­дық проб­ле­ма­лар ту­ра­лы қа­сірет­ті ой­лар тұр. Оны оқып оты­рып әрі күл­кің ке­ле­ді, әрі жы­ла­ғың ке­ле­ді. Ал ең тек­ті
юмор – біз­дің­ше, жа­ның­ды қоз­ғай ала­тын юмор.

Әсия Бағдәулетқызы

Міне, қызық! Ер­бо­лат Әбі­ке­нұлы ең ал­ғаш­қы әң­гі­ме­сін же­тін­ші сы­нып­та жаз­ған. Оны мұ­ғалім­дер мек­те­па­ра­лық жа­рыс­тар­ға қа­тыс­ты­ру үшін тапсырыспен жаз­дыртқан. Ал өзі
бо­ла­шақ­та жа­зу­шы емес, ән­ші бо­лу­ды ар­ман­да­ған екен. Алай­да құ­жат­та­ры дұ­рыс
бол­мағандықтан, кон­сер­ва­то­рия­ға тү­се ал­май­ды.

*****

Жазушы қай өңірде туып-өсті?

Ерболат Әбікенұлы Қытай Халық Республикасының Шыңжаң-ұйғыр автономиясындағы
Санжы қаласына қарасты Мөргу ауылында  дүниеге келген. Осы ауылда 1990 жылы Мөргу  ауылдық сегіз жылдық мектептің табалдырығынан аттап, аталмыш мектепті 1998 жылы бітірді, 2001 жылы Санжы қалалық №3 орта мектебінің қазақ бөлімін тамамдады.

Ерболат Әбікенұлы елге қашан келді?

2002 жылы Қазақстанға келген қаламгер,  әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың филология факультетіне түсіп, оны 2007 жылы бітіріп шығады.  Балаларға арналған «Бірінші байлық», «Алтынбұтақ» ертегі кітапшаларының, «Кіші ғылыми қызметкер», «Елу теңге», «Ақын», «Күйеу бала», «Ауыл әкімі», «Пәтер іздеп жүр едік» т.б. әңгімелерінің, студенттерге арналған шетелдегі қазақтардың рухани тұтастығы мен өзара әдеби сабақтастығы туралы мәлімет беретін «Шетел қазақтарының әдебиеттануы» атты
ғылыми монографияның авторы. Көркем прозада «Министр», «Жас толқын»
сериясымен «Желтоқсан ызғары» атты әңгіме жинақтары жарық көрген.

Қаламгер шығармаларының тақырыбы қандай?

Қаламгер қоғамдағы түрлі мәселені қалт жібермей, қаламына арқау етеді. Ол шығарма жазуда турашылдығымен, шыншылдығымен, табиғилығымен ерекшеленеді. Мәселен, жас жазушының «Министр» атты әңгімесі ащы сарказмға құрылған. Жоғарыдан келетін комиссия, ұрандаған тексерістер қай қоғамда да тақырып болып келе жатыр. Мұнда басшының алдында құрдай жорғалаушылық,  көзбояушылық, мәймөңкелік, жағымпаздық сияқты теріс қасиеттер айқын  көрінеді. Әңгімеде жең ұшынан жалғасқысы келген кейіпкерлердің психологиялық портреті толық ашылған.

«Желтоқсан ызғары» кітабының аңдатпасында былай жазылыпты:  «Ерболат Әбікенұлының кейіпкерлері – адам. Адам болғанда да зиялы қауым.  Қаузаған тақырыбы – өмір. Өмір болғанда да қаланың қайнаған ортасы.  Шығармалары бастан-аяқ юморға, сарказмге, иронияға құрылған. Тіпті кейде  сатираның элементтерін де көптеп кездестіресің. Удай ащы, көркем де өткір  тіл, дәлдікке құрылған сөйлем, лиризм мен сатираның, психология мен натурализмнің ұштасуы бейне жаңалық іспетті». Бұл шығарма расында да өткір  шындығымен оқырман жанын қарып өтеді. Сол оқиғадағы ауыр жайттар қазқалпында, ашық, дәл суреттеледі.

Дереккөз: Қазақ әдебиеті. Жалпы білім беретін мектептің 11-сыныбының
жаратылыстану-математикалық бағытына арналған оқулық.
Р.Зайкенова, Р.Сакенова, Л.Н.Нұрланова

Басқа да материал:


ПІКІР ҚАЛДЫРУ