«Үздіксіз білім беру: педагогтардың жеке тұлға ретінде дамуының шарты»

0
3253
Әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны

«Үздіксіз білім беру: педагогтардың жеке тұлға ретінде дамуының шарты»

Жобалау технологиясы арқылы сабақты дайындау.

«Естігенімді  —  ұмытамын,
көргенімді – есте  сақтаймын,
өзім  істегенімді  – меңгеремін»

Конфуций

Бүгінгі  таңда  тәуелсіз  мемлекет  алдында  тұрған  негізгі  мақсаттардың  бірі – дүниежүзілік  білім  әлеміне  ену. Бұл  салада  білім  беру  ісінің  мазмұнын  жаңа  бағытқа  бұрып, құрылымдық  жүйесін  жаңарту, өзгерістер  енгізу  —  білім  реформасын  жүзеге  асыру  алғышартта  тұрғаны  баршамызға  аян. Демек, Егеменді  Қазақстанның  болашақ  потенциалын оқытып – тәрбиелейтін  мұғалім – шығармашыл, жан-жақты  білімді, парасатты, мейірімді, сезімтал, интеллектуалды, мәдениетті, кәсіби  шебер, ізденімпаз, ғылыми  зерттеуші  болса, онда  жеке  тұлғаға  қойылатын  мынадай  талаптар  алдыңғы  орынға  шығады: креативтілік, белсенділік, жауапкершілік, ой-өрісінің  кеңдігі, сауаттылық, танымдық  әрекетке  қызығушылығының  басымдығы.

Қазіргі  жаңа  формация  мектебінде  жұмыс  істеп  жүрген  педагогтердің алдында  тұрған негізгі  проблемалар:
  • баланы  оқи  білуге  үйрету;
  • баланы  ойлауға  үйрету;
  • баланың  өзін-өзі тұлға  ретінде дамуына   жағдай  жасау.

Осыған  орай  мектеп  білімі  түбегейлі  жаңартылып, мұғалімнің  қызметінің мақсаттары  кеңейіп, үлкен  өзгерістер  үстінде. Әр  педагогтің  міндеті – оқушының  шығармашылық  ойына  бағыт  беру, шығармашылық  ізденісті  қолдау, жағдаяттар  туғызып, оның  шешімін  табуға  бағыттау,  жаңаны  іздеуге, жүйелі  зерттеулерге  талдау жасауға  талпыныс  беру. Осы  қажеттіліктерді  оқушыларға  меңгерту  барысында  жобалап  оқыту  әдісі тәжірибеге  енгізілді.

Жобалау  технологиясы – ХІХ  ғасырдың  екінші  жартысында  АҚШ  ауылшаруашылығы  мектептерінде пайда  болған.  Оның  негізін  қалаған  – Джон Дьюи  атты  психолог  және  педагог, философ. Дьюидің  ілімін  жалғастырушы  – Колумбия  университеті  жанындағы  мұғалімдер  колледжінің  профессоры Уильям  Херд   Килпатриктің  ойынша, балаларды  өз  жұмысының  жемісін  көруге  ынталандыру  арқылы  үлкен  өмірге  дайындау – бұл технологияның  негізі. Жоба – мұғаліммен  ұйымдастырылған  және  оқушымен  өз  бетінше  проблема  шешудегі жүзеге  асырылған  іс-әрекеттер  жүйесі.Бұл  технологиялық  оқудағы  мұғалім  мен  оқушының  іс-әрекеттері  түбегейлі  өзгереді.  Оны  салыстырып  көрейік:
Мұғалім Оқушы
Жеке тұлғаға қарай бағытталған ұсынушы Оқыту  субъектісі
Бағыт – бағдар беруші, кеңесші Мақсатқа  дербес өз іс-әрекетімен жетуші белсенді субъект
Оқушының  жетістігін  құптаушы Өзін-өзі және бір-бірін оқытушы
Ынталандырушы, мақсат қоюшы Өнерпаз, жасампаз еңбектің иесі
Мақсаттарға  жетелеуші Өз ізденісімен  табысқа  жетуші шығармашылық  тұлға
Жобалап оқыту технологиясы бойынша  сабақ   үлгісі:

I модуль – Мектеп

Пән: қазақ тілі

Жобаның жалпы тақырыбы: Мектеп.

Жоба қатысушылары: 4 сынып оқушылары.

Жобаны орындалу мерзімі: 2 апта.

Жобаның типі: ұзақ мерзімді, топтық, шығармашылық.

Жобаның өнімі: мектептің эскизін немесе сәулетті жобасы.

Негізгі сұрақ: Әр адамға мектеп не үшін керек?

Жобаның мақсаты: Жоба арқылы мектеп тарихымен, болашақ мектеп үлгісімен таныстыру.

Жобаның мiндеттерi: — оқушылардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыру;

— оқушылардың сөздiк қорын байыту;

— оқушыларды өз мектебін, сыныптастарын,

мұғалімдерін құрметтеуге тәрбиелеу.

Шығармашылық топтар:

1.Біздің мектебіміз

2.Алғашқы мектептер тарихынан

3. Болашақ мектептер

Сабақтың барысы
Сабақ кезеңдерi Мұғалiмнiң iс-әрекетi Оқушылардың iс-әрекетi
1.Ұйымдастыру кезеңi. Сәлемдесу, отырғызу.
2.Тіл дамыту кезеңі.
3. Жаңа тақырыпқа дайындалу кезеңі
4.Жобаның ұйымдастыру кезеңі.

— Оқушылар төрт топқа бөлінеді (күн бұрын бөлініп отырады).

Жобаның тақырыбы анықталады.

— Әр топ алдын ала өз тақырыбын таңдап алады.

— Әр топ өз мақсатын қояды.

Керекті сөздер: түсіндіріп беру, айтып беру, түсінік беру.

Мұғалім бағалау парақтарын үлестіреді және нұсқама өткізеді (жұмыс дәптер).

1топ — Біздің мектебіміз

2топ — Алғашқы мектептер тарихынан

3топ — Болашақ мектептер

1 топтың мақсаты – Мектеп туралы толық мағлұмат беру.

2 топтың мақсаты – Сыныптастарға мектептің тарихынан айтып беру.

3 топтың мақсаты – Жоба арақылы болашақ мектептің үлгісін көрсетіп және түсіндіріп беру.

5.Құрылымдылық кезеңі
Мұғалім оқушылармен бірге нұсқаулы карточкаларды толтырады.

Жоспардың бірінші, екінші кезеңдері алдын ала жасалады.

Оқушылар нұсқаулы карточкаларды толтырады:

Жоспар құрастырады.

  1. Ақпаратты жинау:
  2. Топта міндеттерді бөлу:
  3. Жoбаны жасау:
  4. Жобаны қорғау.
  5. Жобаны бағалау.
6.Технологиялық кезеңі.

Жобаны қорғау алдында грамматикалық карточкалар беріледі.

Мұғалім нұсқама өткізеді.

Жобаны қорғау.

7. Бағалау. Бағалау парақтар бойынша оқушылардың жұмысын бағалау Оқушылар бағалау парақтар арқылы бір-бірін бағалайды.
Күтілетін нәтиже: жеке тұлғаға, тәжірибеге бағытталған, үздіксіз білім беру принциптеріне негізделген танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру формаларын, әдістемелерін, оқу бағдарламаларын, авторлық зерттеулерді жасақтау. ХХІ ғасырда әлемдік  білім  беру  жүйесінің дамудағы  негізгі  басымдықтарының  бірі – мектеп  білімін  жаңарту. Ол  оқушылардың  неғұрлым  өз бетінше  білім  алып, оны  іс  жүзінде  қолдана  білу  қажеттілігін  тәрбиелеуге  бағытталған. Оқушылардың зерттеу жұмысын  ұйымдастыру және  жоба  жұмысын  жасауға  мақсатты, әрі  жүйелі  түрде  бағыттау  керек  екені – бүгінгі  күн  талабы. Сондықтан  да  жобалау  технологиясының тиімділігі  күннен  күнге  артуда.

Сәрсенбаева А.Б.

Басқа материалдар

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ