Зере әжеге қонаққа барамыз (Ашық сабақ)

0
1598
Иллюстрация: Freepik.com

Мақсаты: Балалардың өмірге қажетті білік дағдыларын тереңдете отырып, ұлттық әдет-ғұрып пен салт-дәстүрге баулу.

Міндеті: 

1) Қошқар мүйізді, ботагөз өрнектерін шаршыда құрастыруды,  оларды түсі, пішіні бойынша алмастыруды  және оларды мұқият жапсыруды үйретуді жалғастыру.

2) Жануар және азық – түлік атауын балалардың сөздік қорынан қолдануға үйрету.

3) қазақ халқының салт – дәстүріне деген сүйіспеншілігі мен қызығушылығын дамытуды жалғастыру.

Тәрбиешінің іс-әрекеті.

Балалар, бүгін бізде ерекше күн, біздің оқу іс-әрекетімізге қатысу үшін көптеген қонақтар келіп отыр. Олай болса қонақтармен амандасайық.

Күннің көзі ашылып,

Көкке шуақ шашылып.

Құтты қонақ келіпті,

Төрімізге еніпті.

Тәрбиенің басы ғой

Ал,қанекей бәріміз

Сәлем дейік үлкенге.

Балалар: Сәлеметсіздер ме, қонақтар!

(Тақтаға жайлаудың суреті ілінеді.)

  • Балалар, жайлауда кімдер, нелер тұрады, жайлауды қалай түсінеміз? Балалардың жауабы.
  • Ендеше, балалар, қазір біз компьютерден скайп арқылы Зере әжемізбен сөйлесеміз.
  • Компьютерден Зере әжені көрсету.
  • Балалар, бізді Зере әже жайлауға қонаққа шақырып жатыр. Жиналып жолға шығайық.
  • Балалар, жайлауға қандай көлік түрімен барады? (машина, автобус, пойыз, ұшақ, ат –арба)
  • Біз, бүгін ат-арбамен барамыз.
  • Балалар, қандай таза ауа, қандай рахат! Көңілді отырып, бір ән айтайық. Ән «Қошақан»
  • Міне келдік, балалар!
  • Зере әже балаларды қарсы алады.
  • -Сәлеметсіңдер ме, балалар!
  • Сәлеметсіз бе, Зере әже!
  • Балалар мен сендермен танысайын. Балалар өз аттарын айтады.

Педагог:

  • Зере әже,біздің балалар өнерлі, білімді, зерделі балалар. Сізге арналған көптеген тақпақтар біледі.

София: Шашымды өріп тараған

Қабағыма қараған

Үлкен-кіші демейді

Сыйлайды оны бар адам

Арина В: Құрт пен майын жинаған

Балаларға сыйлаған

Бұл әжемнің өмірі

Таусылмайтын жыр маған

Зере әже: Балалар, жарайсыңдар! Балалар, менің жайлауда жайылып жүрген төрт түлік малым бар, жүріңдер мен сендерге көрсетейін.

Зере әже:

  • Балалар, қандай үй жануарларын білесіңдер?
  • (Балалардың жауабы)
    Әже:
  • Жарайсыңдар, балалар!

Педагог:

  • Зере әже, балалар төрт түліктің пайдасы, төрт түлік туралы тақпақтарды біледі.
  • Олай болса, балалар, Зере әжеге өзіміз білетін төрт түлік туралы тақпақ айтып берейікші.

Сезім: Қазы – қарта, жал – жая, сүр ет

Шұжық балдай, Ә!

Қақтыратын таңдайды

Қуырдағы қандайды

Қымызы ше?

Тамаша!

Зере әже:

  • Жарайсың, қызым!

Нұрзат: Ботақаны нардың

Жарға неге бардың

Тілерсегің дірілдеп

Секіре алмай қалдың.

Ерзат: Қошақаны қойдың

Қайда қалып қойдың

Бұлтиып тұр бүйірің

Қай өрістен тойдың

  • Ой, жарайсыңдар, балалар!

Арина Л. : Әукім – әукім, әукешім

Қасиыншы әукесін

Енең әне келеді

Ақ мамасын береді.

Әлихан:  Құлыншағым құндызым

Құлдырайды шабады

Жылтылдаған жұлдызым

Құстай қанат қағады.

Диана Д.: Маңырама, ақ лақ

Енең келер қазір – ақ

Оған дейін бірігіп

Ойнайықшы жүгіріп.

  • Бәрекелді, жарайсыңдар! Төрт түлік туралы керемет тақпақтар біледі екенсіңдер, білімдеріңе риза болып отырмын.
  • Зере әже, біздің балалар жаңылтпаш, мақал – мәтелдерді біледі.

Педагог:

  • Балалар, Зере әжеге жаңылтпаш айтып берейік.

Сезім: Алма теріп балақайлар

Алақайлар, балақайлар.

Ерзат: Шалшық, балшық

Балшық, шалшық

Балшықтан ал шық

Диана А.: Шұнақ құлақ лақ

Бұлаққа барады

Бұлақ жағасындағы

Құраққа барады.

Милена: Шалабай саба пісті

Шамалап шала пісті.

Арина В.: Үйір – үйір үйректі

Үйірге кім үйретті.

  • Жарайсыңдар, балалар! Шеттеріңнен өнерлі екенсіңдер, ризамын.

Педагог:

  • Ал, енді мақал – мәтел айтайық.

Сезім: Әдептілік белгісі,

Иіліп сәлем бергені.

Нұрзат: Бірлік болмай,

Тірлік болмас.

София: Анаға құрмет,

Балаға міндет.

Кристина: Жақсыдан үйрен

Жаманнан жирен

Милена: Алтын бесік – Отан қымбат.

  • Көп жасаңдар! Мақал – мәтелдердіде, жаңылтпаштыда түсініп, зерделеріңе тоқыпсыңдар.

Сергіту сәті: Айгөлек – ау, айгөлек!

Педагог:

  • Балалар, үй жануарларының пайдасы қандай екенін айтып көрейік.

Диана А.:

  • Сиыр бізге не береді? (Сүт, ет береді. Сүттен ірімшік, май, құрт, айран жасайды.)Терісінен сөмке, аяқ киім, күртеше жасайды.
  • Жылқы бізге не береді? (Қымыз, ет береді.)
  • Ешкі бізге не береді? (Қой бізге ет, жүнінен киімдер, киіздер жасайды, тоқиды.)
  • Түйе бізге не береді? (Түйе бізге шұбат береді)

Педагог:

  • Жарайсыңдар, балалар төрт түліктің бізге берер пайдасы мол екен.
  • Балалар, қазақ халқы тәрбиеге аса қатты мән берген. Қандай тиым сөздер білеміз?

Нұрзат: Малды теппе.Тіліңді шығарма. Кісіге саусағыңды шошайтпа.

Педагог:

  • Зере әже, біздің балалар, сізге өз білімдерін көрсетіп жатыр.
  • Енді, балалардың сізге жасағысы келетін бір сыйлығы бар. Соны қарап тамашалаңыз.

Зере әже: Бәрекелді, көрейік!

  • Біздің балалар сізге жапсырудың ерекше бір үлгісін көрсетеді. Біз сіздің үйіңізге түскиіз жасамақпыз.

(Балалар маталардан түскиізді құрастырып сулап жапсырады.)

Педагог:

  • Балалар, Зере әжеге сыйлығымызды тарту етейік.
  • Балалар, түскиізді қандай фигуралардан құрастырдық? (төртбұрыш)
  • Қандай оюлар қолданылды?(қошқармүйіз, ботаның көзі)

Зере әже:

  • Жарайсыңдар, қарақтарым!
  • Бүгін маған қонаққа келіп, білімдеріңді көрсетіп, сыйлық жасағандарыңа көп рахмет!
  • Енді меніңде сендерге арнаған сыйым бар. Қазақтың қасиетті домбырасын сендерге сыйлаймын. Білімдерің асып, таси берсін!

Балалар:

  • Рахмет, Зере әже! Сау болыңыз!

(Балалар ат  — арбамен қайтадан балабақшаға қайтады. «Еркем–еркем-ай» әнін айтады.)


ПІКІР ҚАЛДЫРУ