«Жүзден жүйрік…» (Жаңа технология сабағы)

0
1429
Иллюстрация: Freepik.com

Сайыс мақсаты:

Білімділік: оқушылардың информатика пәнінен алған білімдерін жинақтау, бақылау, бағалау, өз беттерінше білім деңгейлерін көтеруге жағдай жасау.

Дамытушылық: оқушылардың ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін, танымдық қабілетін, логикалық сауаттылығын дамыта отырып, олардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.

Тәрбиелік: оқушыларды шапшаңдыққа, өз ойларын анық жеткізе білуге, жауапкершілікке, өз бетімен жұмыс істеуге, жұмыс нәтижесіне жетуге, ұйымшылдыққа, жан — жақты болуға,  ізденімпаздылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Интеллектуалды сайыс

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар: Интернет торабы, «Quizzy» компьютерлік бағдарламасы, драйвер дискісі, слайдтар

Техникалық оқыту құралдары: компьютер, принтер, жүйелік қорап, интерактивті тақта

Пәнаралық байланыс: «Есептеуіш жүйені аппараттық қамтамасыз ету», «Есептеуіш жүйені бағдарламалық қамтамасыз ету», «Есептеуіш техникаға қызмет көрсету», «Модернизациялау» .

Сайыс міндеті: Осы сайыс арқылы оқушылардың арасынан білімді, білікті, шеберлігін
шыңдатқан үздіктерді байқауға 6 оқушы қатысады. Сайыс 6 кезеңнен тұрады. Әр кезең сайын 1 оқушы ойыннан шығады және соңында 1 оқушы жеңімпаз атанады. Сайысты әділқазылар бағалайды.

Сайыс кезеңдері:
1. Логикалық сұрақтар
2. Білімді шыңдайық
3. Интернет торабы
4. Кім шапшаң?
5. Есептеу техникаға қызмет көрсету
6. Модернизациялау

1 кезең
Логикалық сұрақтар: оқушыларға 6 логикалық сұрақ қою арқылы ортаға 6 ойыншы шығарамыз.

1. Елеуішпен су әкелуге бола ма? жоқ
2. Бес адам кездесіп қалып, бір — бірімен қол алысты? Барлық қол алысу саны
қанша? 10
3. Термометр аяз болғасын — үш градус көрсетіп тұр. Осындай екі термометр неше градус көрсетеді? 3
4. Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. Неше стакан қалды? 3
5. Мотоцикл жүргізушісі ауылға келе жатқанда жолдан өзіне қарсы үш жеңіл машина және бір камазды кездестірді. Ауылға қанша машина бара жатыр? 1
6. Бір жылда ең көп дегенде неше жексенбі болуы мүмкін? 52
7. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі килобайт деп аталады. (жоқ)

2 кезең
Білімді шыңдайық: 10 мин ішінде оқушыларға арнайы пәндерден 7 тест сұрақтары компьютер арқылы қойылады. Әр сайыскер жеке дара компьютердің алдына отырады және соңында аз бал жинаған оқушы сайыстан шығып қалады.

1. Компьютерлерге ақпараттар алмасуға мүмкіндік беретін аппараттық және бағдарламалық құралдар кешені? компьютерлік желі
2. (Деректерді енгізу, редакциялау, пішімдеу) Бір парақтағы бағандардың санын көрсетіңіз? 256
3. Компьютердің жұмыс өнімділігі мыналарға байланысты?
4. процессордің тактілік жиілігіне
5. 700 Мбайт — бұл көлем? CD-R дискі
6. Монитор — бұл құрылғы? графикалық және мәтінді ақпаратты шығаратын
7. Shift: перненің мақсаты? бас әріптердің режимі және жоғарғы тіркелімнің символдары

3 кезең
Интернет торабы: жедел түрде компьютермен берілген ақпаратты электрондық поштаға жіберу email: asik-87@inbox.ru

4 кезең
Кім шапшаң?
1 тапсырма. Берілген мәтінді тез әрі тышқан құрылғысының көмегінсіз, қатесіз теріп беру.

Кім шапшаң?
Дербес компьютердің «дербес» деп аталуының себебі — компьютер тек қана бір адамның жұмыс істеуіне арналған. Яғни бір мезгілде компьютерді бір ғана адам басқарады деген сөз.

5 кезең
Есептеуіш техникаға қызмет көрсету: Компьютерге баспа құрылғысын дұрыс орнату және баспаға шығару.

6 кезең
Модернизациялау: Жүйелік блоктың ішкі құрылғысын ауыстырып, жаңарту жұмысын
орындады. Істелген жұмысын қорғау. Оқушылардың орындалған жұмыстарын маман-эксперттер тексеріп, қателерін анықтап,
бағалады.

Сайыс қорытындысы:
Бүгінгі сайыста оқушылар әр кезеңге белсене қатысып білімдерін шыңдап,шеберліктерін көрсете білді. Әділқазылар сайыс барысын қадағалап сын, пікір, қателіктерін әділ бағалады.

«Жүзден жүйрік…» сайыстың жүлдегері анықталды, марапатталды.

Дереккөз: «Ұстаз» ғылыми әдістемелік журналы

Басқа материалдар:

  1. «Жас математик» интеллектуалдық сайысы
  2. Математикадан «Ғажайыптар әлемі» сайысы
  3. «Физика» декадасына арналған «ХХI-ші ғасыр көшбасшысы» атты интеллектуалдық сайысы
  4. «Білімді информатик» сайысы
  5. Жасанды интеллект деген не?
  6. Информатика пәніне қатысты глоссарий
  7. Бұлттық технологиялар туралы толық мәлімет
  8. «Заман шындығы» бөлімі бойынша қазақ әдебиетінен тест тапсырмасы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ