Ағашты көркемдеп өңдеу (сабақ жоспары)

0
1624
Freepik.com

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ағашты көркемдеп өңдеу әдістерін меңгерту үшін әр түрлі станоктардың жұмыс атқару әдістерімен таныстыру.

Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың икемділігін, іскерлігін, шеберлігін қалыптастырып, ұқыптылыққа баулу.

Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларға еңбек және эстетикалық тәрбие беру.

Сабақтың түрі: Сарамандық сабақ.

Сабақтың оқыту әдісі: Әңгімелесу, сарамандық және өз бетімен жұмыс істеу.

Көрнекілік: пышақ , сызғыш, қалам.

І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру
ә) Жұмысты ұйымдастыру

ІІ. Өткен материалды қайталау.
ІІІ. Жаңа сабақ.
IV. Сарамандық жұмыс
V. Бекіту
VI. Бағалау
VII. Үйге тапсырма

Сабақтың барысы: Өткен тарихымызды білмей бүгінгі күннің қадіріне жету, болашақты болжай білу өте қиын. Ата-бабамыздың жинақтаған рухани байлығының қоры ұшан-теңіз. Атабаба жасаған бұл рухани байлықтар қазіргі таңда да өз құндылығын жойған емес. Бұлардың барлығы баршаға бірдей қазына. Сол мәдени асыл мұраларды зерттеп, танып білу, бағалай білу біздердің, кейінгі ұрпақтың абыройлы да азаматтық, ұлттық парызы.

Қасиетті қазақ даласында талай ұста, зергер, құсбегі, сал – сері, тігінші, өрімші, балгер – бақсы өтті.  Қазақ халқының өткендегі мәдениетіне үңілсек, күнделікті тұрмыс қажетін өтейтін қолөнердің жете дамыған түрлі салалары болғандығын көреміз.

Айталық, киіз басу, киіз үйге қажетті бау –басқұр, алаша, кілем, аяққап тоқу, сырмақ сыру, кесте тігу, ағаштан ойып ыдыс – аяқ, ер тоқым жасау, тері илеу, асыл тастардан сәндік бұйымдар жасату (зергерлік өнер), қара темірден тұрмыстық, шаруашылық құралдарын жасау қолөнердің тамаша туындылары болды.

Бұлардың бірсыпырасы қазіргі дәуірімізде де өз маңызын жоймағаны анық. Ағаш өңдеуде біздің қазақ халқы алдына жан салдырмайтын, ағаштан түйін түйетін халық. Қасиетті саналатын ұлттық бұйымдарымыздың жасалу технологиясы мен олардың әшекейленуі эстетикалық тұрғыдан алғанда басқа халықтардан кем түспейді.

— Ағашты көркемдеп өңдеуге қажетті ағашты дұрыс таңдау істің нәтижелі болуына септігін тигізеді. Мысалы: фанермен, ДВП материалдарымен жұмыс жасау дұрыс. Сондықтан жасалатын бұйым түріне қарай ағаштың механикалық, физикалық жағдайларын білу керек. Жұмысқа бұтақсыз ағаш түрлерін таңдап, қажетті өлшемін кесіп, сүргілеп, әрлеп болған соң, тегіс бетіне өрнек бейнесін көшіреді.

Өрнек дегініміз – кез – келген бұйымның сыртына түсірілетін біртұтас байланысты әшекей.
Ал ою дегеніміз – бұйымға түсірілген өрнекті пышақпен кесу арқылы өңдеу немесе бұйымды шабу кезіндегі ойып өңдеу жұмыстары.

Ағаш бұйымдарын көркемдеп өңдеу мынадай шаралар арқылы жүзеге асады.
— Бұйымның негізін талаптарға сай тазалау.
Бұйымның барлық бөліктеріне өрнекті жоспарлау, үлгісін жасау.
Өрнектерді кесу.
Бұйымдарды бояу, оған әр беру, лактау.

Сарамандық жұмыс:
Ағаш бұйымдарын көркемдеп өңдеу үшін композициялық пішін арқылы жаттығып көреміз.
Үш бұрыш тұмарша түріндегі өрнектерді тақтай бетіне салып үйренеміз. Ол үшін ойға алған мақсатымыз сәтті шығу үшін қауіпсіздік ережесін білу керек.
Ағашты қолмен өңдеу кезіндегі қауіпсіздік ережелері.
Жұмысқа дейін
Жұмыс киіміңді киін (фартук, халат)
Жұмысқа қажетті құрал саймандарыңды түгендеп, мұқият тексер
Жұмыс орныңды, саймандарыңды ережеге сай орналастыр.
Жұмыста артық ешнәрсе тұрмасын.

Жұмыс кезінде
Әр амалды өзіне тиісті сайманмен атқар.
Жұмыс орныңды әрдайым тазалап отыр.
Жұмыс кезінде алаңдама.
Құрал – сайманың бүлінсе міндетті түрде ауыстырып ал.

Жұмыстан кейін
Жасап жатқан бұйымыңды, материалдарды мұғалімге тапсыр.
Жұмыс орныңды ретке келтір. Қолмен сыпыруға, ауызбен үрлеуге болмайды.
Өзіңді ретке келтір.
Шеберханадан мұғалімнің рұхсатымен шық.

Бекіту
-Сонымен балалар ағаштан тағы нелер жасауға болады?
-Ағаштың қандай түрлері бар?

Бағалау
Үйге тапсырма: 4 бұрышты оюдан эскиз дайындау.

Дереккөз: «Ұстаз» ғылыми әдістемелік журналы


ПІКІР ҚАЛДЫРУ