Қадыр Мырза Әлінің «Кәрі қыран» шығармасы (сабақ жоспары)

0
1969

Сабақтың мақсаты:

а) Ақын өмірі мен шығармашылығынан қысқаша мәлімет бере отырып ақын
өлеңінің идеясын,мақсатын ұғындыру. Кәрі қыран өлеңінің тақырыбы мен идеясын ашу.

ә) Оқушылардың поэзияға деген қызығушылықтарын арттырып, сыни тұрғыдан ойлау
қабілетін дамыту. Мәтінмен терең жұмыс жүргізу. Үндес шығармалардың оқиғаларын
салыстыра пайымдай алуға дағдыландыру.

б) Сұлулық пен еркіндікті танытуға ,адамгершілік пен намысшылдыққа, қайсарлыққа баулу. Оқушылардың рухани дүниесін байыту елжандылыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:

— бір-бірінің пікірін тыңдау, сыйлауға ынтымақты қарым-қатынастың негізі қаланды;
— өзін жеке дара тұлға ретінде тануға жол ашуға;
— бір-біріне құрметпен қарауға;

— өз ойын ашық, еркін айтуға, пікір алмасуға;
— өзін-өзі, бірін-бірі бағалауға;
— мұғаліммен еркін сөйлесіп, пікір алмастыруға;

— достарының ойын тыңдай отырып, проблеманы шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты шешуге көмектесуге;
— белсенді шығармашылықты ойлауға негіз қаланды.

Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту

Әдісі: сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, іздену т.б

Көрнекілігі: Қ.Мырза Әлінің өмірі мен шығармашылығына арналған
слайдтар,кестелер, бейне роликтер, электронды оқулық.

Пәнаралық байланыс: ән,бейнелеу өнері, биология

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Үй тапсырмасын пысықтау:

І топ. Қ. Ысқақ өмірі, шығармашылығы

ІІ топ. ―Қоңыр күз еді шығармасын сатылай кешенді талдау

ІІІ топ. Шығармадан диалог, монологтарды табу

ІV топ. Шығарманы тест арқылы қорытындылау.

Сабақтың барысы:
Жаңа сабақ

І Қызығушылықты ояту.
“Қыран құс” туралы видео ролик көрсете отырып бүгінгі сабағымыз не жөнінде болатынын сұрау.

ІІ Мағынаны тану
1 Жаңа сабақты түсіндіру:

Казіргі қазақ поэзиясын көп дауысты, қуатты оркестр десек, мұның құрамындағы Қадыр музасының қайталанбас өз үні, машығы мен мәнері, айшығы мен өрнегі бар. Қадыр лирасының сыңғыры бөлек, сыры терең.

(З.Қабдолов)

Бүгін біз балалық шағы ССРО- Германия соғысының қасіреті жылдарымен, жоқшылықпен тұспа-тұс келген Қалихан Ысқақтың құрдасы Қадыр Ғиниятұлының өмірімен, шығармашылығымен, ―Кәрі қыран атты өлеңімен танысамыз.

Қадыр Ғинаятұлы – ақын, жазушы.. Ол 1935 жылы 5 қаңтарда Батыс Қазақстан облысының Сырым ауданындағы Жымпиты ауылында дүниеге келген. Елуден аса кітаптың авторы. 200-дей өлеңіне ән жазылған: ―Қыз Жібек фильміне арнап жазылған ―Ақ жайық, туған жерге, ата қонысқа деген сүйіспеншілік білдіретін ―Атамекен, асыл әжелерімізге арналған ―Әже туралы ән, т,б.

Қадыр Ғинаятұлы – В.Гюго, Г.Гейне, М.Лермонтов, С.Есенин, Р.Ғамзатов, А.Ахметова,
О.Сүлейменов өлеңдерін, жыр жинақтарын қазақ тіліне аударған шебер аудармашы. Қадыр Ғинаятұлы Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың, Махамбет атындағы сыйлықтың, тәуелсіз ―Тарлан сыйлығының иегері. Талантты ақын 2011 жылы қаңтардың 22-сі күні көз жұмды.

Қадыр Мырза Әлінің ойнақы жаңылтпаштары мен жұмбақтары, мысалдары мен санамақтары, ертегілері мен балладалары қазақ балалар әдебиетінің дамуына елеулі үлес қосып келеді.

2. Электронды оқулықтан ―Кәрі қыран өлеңін тыңдау
3.  Өлеңді мәнерлеп оқу, түсіну.

4 Сөздікпен жұмыс
Зәбірі артты-азап көрді, жапа шекті
Албасты басқыр-жамандық келсін
Тәрк ету-дүниеден безу
Кәрі қыран өлеңіне сатылай кешенді талдау жасау.

І. Авторы Қ. Мырза Әлі
ІІ. Тақырып Кәрі қыран
ІІІ. Әдеби жанр лирика
ІV. Эпикалық жанр түрі

Орта көлемді эпикалық түрі Поэзия

V. Шығарманың негізгі идеясы Қайсарлыққа, өжеттікке, еркіндікке, қыранша биіктен
көрінуге шақыру.

VІ. Шығарманың композициялық құрылысы.

1. Шығарманың басталуы Қияда қалғып отырған кәрі бүркіт
2. Шығарманың дамуы кәрі қыранның хәлі
3. Шығарманың байланысуы Шау бүркіттің ойы

4. Шығарманың шиеленісуі Көк тасқа қойып кеткен кәрі бүркіт
5. Шарықтау шегі Найзағайдай жарқылдап ғұмыр өтті
6. Шығарманың шешімі .Қандай бақыт қыранша өмір сүрген

VІІ. Шығармадағы кейіпкерлер бейнесі. Кәрі қыран

VІІІ. Өлең құрылысына талдау
11 шумақ, 4 тармақ, 2-3 бунақ, 11-12буынды, қара өлең ұйқасы

ІХ.Әдеби теориялық ұғымдар.

Теңеулер: Қоладай қайырылып, өртенген самолеттей, дөңгелек шарайнадай т.б

Эпитеттер: Ақ кебінді, ақ алмас шеңгелі,қырағы көз,қырдың қызыл түлкісі,құрыш тырнақ,т.б

Психологиялық параллелизм: Көк аспанын мұң қаптаған кезде.

Синоним: Кәрі-шау,жасын-найзағай,тірлік-өмір,ғұмыр.

Антонимдер:Қарттық-жастық,кәрі-жас,өлім-өмір.

Фразеологизм: тәрк етіп,зәбірі артты т.б

Аллитерация:Қанатынан қаңтардың қары бүркіп,
Қашатұғын көргенде бәрі де үркіп.
Қырағы көз бүгінде қарауытып,
Қалғып отыр қияда кәрі бүркіт.

Танымдық тапсырмалар

І топ — Қыранға сипаттама беру

ІІ топ ―Болу үшін жаралғам туған жердің жырауы жоба қорғау

ІІІ топ «Тауға ұшам, қуат алып қыранның қанатынан» өлең шығару

ІV топ Кәрі қыран өлеңін С.Сейфуллиннің ―Лашын өлеңімен салыстыру

Толғаныс
―Қыранша өмір сүргенің- Қандай бақыт!

Эссе жазу
Үйге тапсырма:

І топ Қ.Мырза Әлі туралы ақын-жазушылардың пікірлері

ІІ топ ―Қыран жетпеген жерге қиял жетер. Ойтолғау

ІІІ топ өлең мазмұнына сәйкес сурет салу

ІV топ Қ.Мырза Әлі туралы қосымша ізденіс

Бағалау.

Дереккөз: «Ұстаз» ғылыми әдістемелік журналы


ПІКІР ҚАЛДЫРУ