Жаңа жыл. (балабақша мерекелік сценариі)

0
3277
ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Тақырыбы: Жаңа жыл.

Мақсаты: Балаларға жыл басы туралы түсінік беру. Балалардың тілдік қорын байыту. Мерекеде өзін еркін ұстай білуге тәрбиелеу, ұжыммен бірге болуға дағдыландыру.

Міндеттері:

Білімділік: Жаңа жыл мерекесі жайлы түсінік беру.

Тәрбиелік: Балаларды табиғатты сүюге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: Балалардың сөйдеу дағдыларын қалыптастыру, ой-қиялын дамыту.

Қатысушылар: Жүргізуші, Аяз ата, Ақшақар, Ит, Доңыз, Сайқымазақтар.

Жүргізуші: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Жaңа жыл мерекесі құтты болсын!
Жаңa бақыт, жаңа жыл!

Жаңа өлең, жаңа жыр,

Балғын бөбек, балалар,

Құтты болсын жаңа жыл!

Жүргізуші:
Құтты болсын жаңа жыл, барша халық,
Қуанышқа, шаттыққа тамсанайық.
Бірімізге шынайы тілек тілеп,
Бар әлемге бақытпен жар салайық!

Балалар, қараңыздаршы шыршаға ойыншықтары қандай әдемі жарасып тұр. Неткен сұлу, неткен көрікті еді. Енді балалар біздің шыршамыздың сәніне кім жетіспей тұр?

Барлығы: Аяз ата, Ақшақар.

Сайқымазақтар жүгіріп кіреді.

Жүргізуші: Балалар бізге кімдер келді? (Сайқымазақтар). Сaйқымазақтар сендер мұнда не істеп жүрсіңдер?

Сайқымазақтар бізбен ойын ойнағысы келеді екен. Ойын ойнаймыз ба?

«Кім жылдам?» ойының ойнайық.

Ойын шарты: Ортаға 7 бала шығады. Ортада 6 орындық болады. Олар музыка ырғағымен шыршаны айналады. Музыка тоқтаған кезде орындыққа отыру керек. Кім үлгермей қалады, сол ойыннан шығады. Ойын жалғаса береді.
Жүргізуші: Балалар біздің кешімізге кім келген жоқ әлі?

Барлығы: Аяз ата мен Ақшақар.

Бәріміз бірге Аяз ата мен Ақшақарды 3 рет дауыстап ортаға шақырайық. Олар сонау алыстан жеткенше де осы болар. Өйткені олар алыстан келіп бүкіл ел ішін аралағанша да әжептәуір уақыт өтеді емес пе?! Көптен тосқан Ақшақар мен Аяз атаны біз ерекше қарсы алайық.

Барлығы: Аяз ата, Ақшақар 3 рет

(Аяз ата ақшақарымен музыка ырғағымен кіріп келеді)
Аяз Ата: Аяулы ата — аналар, ардақты ата-әжелер
Бүлдіршін балаларға бір сәлем!
Қандай жарқын жүздерің,
Қандай әсем жырларың
Асулармен алысқан,
Асау желмен жарысқан
Аталарың сендерге
Шаршап келді алыстан
(Балалармен амандасады.)
Ақшақар: Амансыздар ма, балалар, ұстаздар, ата — аналар. Өздеріңді сағынып келдік, жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Өтіп кеткен Ит жылымызға аман есен саулық тілеп, келер жылымыз Доңыз жылына табыс жыл, береке, бірлік әкелсін деп, тарихи жыл болсын деймін.
Ақшақар: Аяз ата қарашы, балалардың киімі қандай әдемі. Шырша да әсем безендірілген екен. Бәрі де сұлуланып кетіпті.
Шырша шамын жағайық, Жаңа жыл тойын ашайық. Барлығымыз «Шырша жан» «Шамдарыңды жарқырат» деп айтайық. (Барлығы айқайлайды, шырша шамдары жағылады.)
Аяз ата: Бәрекелді балалар! Шыршамыз жарқырап, айналаға қуаныш сыйлауда. Жүргізуші:

Жаңа күнде ән қылып,
Тек жүрмеңіз сән құрып.
Көңілдердей қартаймай,
Шырша тұрар мәңгілік.
Ал енді барлығымыз шыршаны айналып «Шырша жыры» әнің айтайық.

Ақшақар: Балалар менің сендерге жұмбақтарым бар? Сендер жұмбақ шешкенді жақсы көресіңдер ме?

  1. Қыста ғана болады,

Ұстасан қолын тонады. (қар)

  1. Суға батпайды,

Отқа жанбайды. (мұз)

  1. Қанттай ұсақ, сүттей ақ,

Не екенін ойлап тап. (қар)

  1. Түнде әйнекке қонады,

Әсем ою ояды. (аяз)

Ақшақар: Жарайсыңдар, балалар! Жұмбақтарды жақсы шешеді екенсіңдер.

Жүргізуші:
Балалар ортамызға бізбен бір жыл бірге болған ит жылын шақырайық. Ескі жыл қайдасың?
(Музыка ырғағымен ит жылы шығады)
Ескі жыл:
Қилы-қилы заман бар,

Ит жылымын қараңдар.

Қош айтысып қалайын

Кетіп барам жараңдар!

Жүргізуші:
— Ескі жыл сен жаңа жылымыз келгенше бізбен бірге бол. Көңіл көтеріп, ән салып, ойын ойнайық.

Жүргізуші:
Әнші де құс үні бар,
Кірсең кештің сәні бар.
Салайықшы шарықтап.
Жаңа жылдың әніне
Ал ағайын тұрмайық
Жаңа жылды жырлайық.
Балалар, ескі жылмен бірге шыршаны айнала ән айтайық.
Ән: «Жаңа жыл»

Жүргізуші: Балалар сайқымазақтар тағы ойын ойнағысы келеді екен. Ойын ойнаймыз ба?

Қазір біз «Ұлпа қар жинау» ойының ойнайық.

Ойын шарты: Ортаға 4 бала шығып, жердегі ұлпа қарларды шелекке жинауы керек. Кім көп ұлпа қар жинаса сол жеңеді.

Қане, балалар, сайқымазақтармен бір би билесек қайтеді?

(Би «Помогатор»)
Ит жылы: Мен ескі жылмын сіздерге молшылық, бақыт әкелдім. Мына келер жылға айтар тілегім.
Қуанышты ортамыз сазға ұласқан
Тілегім болсын мәңгі ашық аспан
2019 жыл қадам басқан
Гүлденіп көркейе бер Қазақстаным.
Келесі жыл бастауын доңызға берем
(Сахнаға доңыз шығады)
Доңыз: Сәлеметсіздер ме, кешіккен жоқпын ба, мен сондай асықтым, сондай жүгірдім, кешігем деп қатты қорықтым, уақытында жеттім бе?
Ит жылы:
Мен тағы бір қонақпын
Он екі жылда оралар
Үлкендерге ақ ниет
Сіздерге де ақниет
Сіздерге де мың рахмет.

Барлығы: Қош бол, ит, қош бол!
Ақшақар: Қош келдің жаңа жыл!
Аяз Ата: Ал айналайын жаңа жыл, келген қадамыңа нұр бітсін. Мынау менің ұлдарыммен қыздарым, мынау халқым саған аманат. Он екі ай бойы бағып қағу сенің мойныңда. Жақсы жыл бол, жаңа жыл.
Ән «Жаңа жыл»
(шыршаны айнала билейді.)
Аяз ата: Бәрекелді жаңа жылым. Төрімізге шық. Бірімізге жаңа бақыт, жаңа қуаныш ала кел.
Доңыз: Құрметтеріңізге рахмет. Шын көңілмен жаңа жылдарыңызбен құттықтаймын. Байқаймын барлықтарыңыз да мерекеге жақсы дайындалыпсыздар.
Жүргізуші: Иә, барша балалар жаңа жылды қарсы алуға келіп тұр.
Аяз ата: Ал енді біз келместен бұрын бүлдіршіндеріміз бізге тағы не әзірледі екен соны көрейік.
(Жаңа жылдық би «Frog»)
Жаңа жылдық әнмен шыршаны айналу.

Аяз ата: Жаңа жылдарыңызбен достар, шанамызға мінейік, Ақшақарым, алда барар әлі қаншама ел мен жер бар.
Ақшақар: Жаңа жылда сіздердің барлығықтарыңызға жақсылық тілеймін.
Барлығы: Қош бол, Аяз ата, Ақшақар, Аяз ата ақшақар……
Жүргізуші: Барлық жандар бір тілекке қосқан үн
Бақыт боп бастады жыл дастанын
Қуанышпен келді той боп жаңа жыл.
Құтты болсын жаңа бақыт достарым.
Жаңа жылдық ән бұл мерекенің соңғы сәтті болады.
Жүргізуші: Жаңа жылдарыңыз тағы да құтты болсын. Сау болыңдар!

ШҚО, Семей қаласы
«№4ЖОББМ»КММ
Тоқаш Гүлдана Айдарқызы


ПІКІР ҚАЛДЫРУ