«ЖАЙДАРЛЫ ЖАЗ» атты республикалық балалары байқауы өтеді

0
3755

«SKILLS ACADEMY» мекемесі мен martebe.kz білім сайты республикамыздағы  мектепке дейінгі мекемелер тәрбиеленушілерінің арасында өтетін «ЖАЙДАРЛЫ ЖАЗ» республикалық балалар байқауын жариялайды.                                                         Байқаудың ақпараттық демеушісі – Martebe.kz республикалық білім сайты. Байқау жеңімпаздары  www.martebe.kz  сайтында жарияланады.

Байқаудың мақсаты: Балалардың жаз мезгілінде уақытын тиімді пайдаланып, шығармашылық жұмыспен айналысуға баулу.

Қатысушы үміткерлердің жұмыстары 20 маусым мен 15 тамыз аралығында  skillsacademy.kz@mail.ru электронды почтасына қабылданады.

«ЖАЙДАРЛЫ ЖАЗ»  атты республикалық балалары байқауының

ЕРЕЖЕСІ

1.Байқаудың мақсаты

  • Еліміздің әр өңірлеріндегі балабақша бүлдіршіндерінің салауатты өмір салтын сақтау, дені сау, рухы таза ұрпақ тәрбиелеу. Дене тәрбиесі процестеріндегі сауықтыру міндеттерін жүйелі жүзеге асыру.
  • Балабақша қызметкерлерінің республикалық масштабта шынықтыру-сауықтыру іс-шараларын жүргізу тәжірибелерімен бөлісу.
  1. Байқаудың өту тәртібі
  • Байқауды өткізу және ұйымдастыру ісімен ұйымдастыру алқасы айналысады. Ұйымдастырушы қатысушыларды тіркеуді, жұмыстарды сараптауды, қорытынды шығаруды, марапаттауды жүзеге асырады.
  • Байқаудың қорытындысын шығарумен ұйымдастырушылар айналысады.
  • Әділ қазылар алқасының шешімі қайта қарауға жатпайды.
  • Байқауға жіберілген материалдар мен жұмыстар кері қайтарылмайды.
  • Байқаудың марапаттау рәсімі жеңімпаздар анықталған уақыттан кейін он күн ішінде жүзеге асырылады.
  • Байқауға 2 жастан 7 жасқа дейінгі мектепке дейінгі білім мекемелерінің тәрбиеленушілері қатыса алады.
  1. Байқаудың тапсырмалары
  • Көңілді спорттық мереке: «Қош келдің, Жаз!» (жоспары, суретімен қоса)

(I-кіші топ, II-кіші топ, ортаңғы, ересек, мектепке даярлық топтары қатысады)

  • Жас ерекшеліктеріне қарай жазғы сауықтыру-шынықтыру шаралары бойынша материалдар барлық топтар қатыса алады (жоспары, дәлел ретінде суретімен қоса)

 

  • «Бірлігіміз жарасқан- шыныққан біз отбасы» отбасылық сайыс

ересек және мектепке даярлық тобы қатыса алады (жоспары, суретімен қоса)

  • «Жайдарлы жаз» атты сурет көрмесі (Салған суреттерді топ бойынша бір файлда жинап жіберу керек) (ортаңғы, ересек, мектепке даярлық топтары қатысады) 
  1. Байқаудың марапаттау рәсімі

Байқаудың қорытындысы бойынша келесідей жүлделі орындар тағайындалады:

Бас жүлде – диплом

І орын – диплом

ІІ орын – диплом

ІІІ орын – диплом

Байқауға қатысқан барлық қатысушылар мақтау грамоталарымен және МД ұйым басшысы мен әдіскері, сонымен бірге топ тәрбиешілері арнайы алғыс хаттармен марапатталады. Марапаттар электронды түрде жіберіледі.

Байқауға қатысу құны жас ерекшелігіне байланысты топ бойынша — 3000 тг.

Байқаудың қорытындысы Martebe.kz сайтында жарияланады.

 

Біздің реквизит:

Банк атауы: «Банк Kassa Nova» АҚ; БИК: KSNVKZKA

«SKILLS ACADEMY « ЖШС

БИН/ИИН: 161240000269

KZ55551A127001275KZT

Кбе 17

Кнп 859

Ескерту! Төлемді кез келген банктен жасай аласыз.

Қатысу үшін төлем жасау жөнінде және байқауға қатысты туындаған сұрақтар бойынша қосымша ақпарат алу телефоны: 8775-998-83-87.

 Өтініш беру үлгісі

«ЖАЙДАРЛЫ ЖАЗ» атты республикалық

балалары байқауына өтініш

Мекеме атауы
Мекен – жайы, индекс (Міндетті)
Жас ерекшелігіне қарай барлық балалардың аты-жөндері толық жазылу керек топ бойынша
Мекеме басшысы және әдіскерінің аты-жөні
Топ тәрбиешісі

аты-жөні

Эл. поштасы
Байланыс номері

 

 

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ