ЕХРО -2017. Алып елдің әлеуетін айқындайды

0
2459

Елордаға бардым, ЭКСПОны көрдім. Елбасына риза болып қайттым. Неге дерсіз?! Жауап берейін. Мен əлі баламын, үлкен саясатта білмейтінім көп. Бірақ, бір ғана ЭКСПОда 100 ден аса мемлекеттің азаматтары бір үйдің баласындай алаңсыз өзара сыйластықпен аралас-құралас болып жүргенін көргенде, ерекше сезімге бөлендім. Өзім де бірқатарымен ағылшын тілінде білгенімше тіл қатыстым. Израильдық бизнесмендермен суретке де түстім. Түйсінгенім-біздің түріміз, түсеміз, тіліміз əр түрлі болғаныменен тілегіміз бір. Бейбіт заман, қауіпсіз қоғам, жайлы өмір. Сондықтан, бұл көрме адамзатты «жасыл технологияларды»меңгеруге ұмтылдыру өз алдына, əлемдік бейбітшілікке насихаттайтын бірден-бір шара екенін ұқтым.

      Жасыратын жоқ, үлкендердің үлкендердің: «ЭКСПОға көп қаржы текке шығындалды»,- деген əңгімелерін жиі естігенмін. Бала да болсам, байқағаным- «шығын шықпай, кіріс кірмейді» ЭКСПО-ның «кірісі»-менің ойымша, теңдессіз. Танымдық кіріс, өрелік кіріс, рухани кіріс. Ал бұл ешқандай материалдық құндылықтар теңесе алмас зор байлық.

Мадина Несіпбекова
Талдықорған қаласы


ПІКІР ҚАЛДЫРУ