Жалпы психология пәні, мақсаты, міндеттері

0
22109

Жалпы психология пәні, мақсаты, міндеттері\r\n\r\nЖалпы психология — өзінің даму тарихы, пәні мен зерттеу әдістері бар психологиялық ғылымдардың негізгі салаларының бірі..\r\n\r\nЖалпы психология антикалық кезеңнен баста у алып, философия аясында психологиялық зерттеулердің облысы ретінде қалыпьасты. ХХ ғасырда дербес ғылым ретінде қалыптаса бастады және 1879 жылы Лейпциг қаласында дүние жүзінде бірінші рет психологиялық лаборатория ашылды, онда эксперимент әдісі қолданылып өзіндік жеке мәртебеге ие болды.\r\n\r\nЖалпы психологияның қазіргі даму кезеңіндегі өзекті мәселелеріне – бұл оның теориялық-әдіснамалық негіздерін бекіту және кеңейту; зерттеудің жаңа әдістерін өңдеу; табиғи және жасанды (лабораториялық) жағдайларда адамның психикалық процестерінің дамуы мен жұмысының құрылымдарын зерттеу; өмірлік іс-әрекеттерінің субъектісі болып табылатын адамның жеке басының дамуын, құрылымдарының заңдылықтарын табу; барлық психологиялық ғылымдардың көпқырлы зерттеу тәжірибелерін жалпылау жатады.\r\n\r\nПәннің мақсаты: жалпы психология курсында алған білімдері мен зерттеу дағдылары негізінде психологиялық ойлауын дамыту, семинар және практикалық сабақтар процесінде психологиялық құбылыстарды жүйелі талдауда ептілік пен дағдыны қалыптастыру.\r\n\r\nПәннің міндеттері: 1) оқытылған психологиялық құбылыстардың заңдылықтары негізінде психологияның әр салалары бойынша студенттерде білімдерді жүйелендіру; 2) әр – түрлі психологиялық фактілер мен теорияларды жүйелі-психологиялық талдаупроцесінде студенттерде танымдық дағдылар мен ептіліктерді дамыту; 3) Дүние жүзілік және Отандық психология ғылымдарының негізгі принциптерімен, бағыттарымен және идеяларымен таныстыру. \r\n\r\n 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ