Жан әлемің сұлу ма?

0
2825

       Қазіргі таңда, яғни жиырма бірінші ғасырда, адамның сыртқы сұлулығына  аса мән беріліп, жан дүние сұлулығы екінші орынға ысырылып қалғандай. Сондықтан қазіргі таңда қыздарымыз сұлу болып көріну үшін  түрлі құрбандықтарға баруда. Неше түрлі боянғыштар,оталар…      
     Пластикалық ота- дүкенге кіріп  шыққандай жай  үйреншікті  нәрсеге айналып барады.  Жасы он алтыдан  асқан қыздардың өзі ота үстеліне жүгініп, ота арқылы өздерінің ажарына сән қосып , сұлу болып жатқандай көрінеді..
        Түрлі боянғыштар, ота жоқ кезде қыздар қандай сұлу еді десеңізші?..  Ол  қыздар әлемдегі ең сұлу жаратылыс болды.
  Көптеген психологтардың пікірінше:  «Кез келген қыз әдемі киім мен бояусыз-ақ сұлу» . Өйткені олардың жаратылысы сондай.
      Сыртқы сұлулық мәңгі тұрмайды, ішкі сұлулық маңызды.  Сұлулық тек бетіңіздің тегістігімен, көзіңіздің әдемілігімен, тісіңіздің түзулігімен өлшенбейді. Сұлу адам деп нағыз көркем мінез иесін айтады. Небір ажарлы, көрікті, сұлу адамдар бар, бірақ олардың да әттеген-ай дейтін тұстары жетерлік. Мысалға, біреу көрікті, бірақ көп күледі немесе қатты күледі. Ал енді біреу сұлу болғанымен, көп сөйлейтін әдеті болады. Иә, осылай алғанда көптеген көрікті адамдар әдеп жағынан көріксіз. Кейбіреулер түр жағынан әп-әдемі болса да, мінез жағынан ұсқынсыз. Міне, осыдан жүзі жалтырағанның бәрі әдемі деп саналмайды. Әрине, өзі сұлу, өзі көрікті, бой десе бойы, ой десе ойы бар, мінезі жұмсақ, сабырлы т.б. жақсы қасиеттерді бойына жинаған мейірімді жандар баршылық..
    Абай атамыздың : «Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек»,- деген сөзін әрдайым есте сақтауымыз қажет. Көркем мінез, әдемі әдеп, нұрлы ақыл біздің ішкі дүниемізді әрлеп тұрса, сұлулықта бұлардан алыс тұрмасы анық.

 Жан әлеміміз сұлу болу үшін біз қандай болуымыз керек?


ПІКІР ҚАЛДЫРУ