Дельфи ойындары туралы білесіз бе?

0
2876

Дельфи ойындары — классикадан бастап қазіргі заманға дейінгі өнердің барлық түрін қамтитын жарыс түрі . Бұл жарыс ең алдымен жастардың шығармашылығын дамытуға көмектеседі. Дельфийлік ойынның тарихы біздің эрамызға дейін, Овидия және Плутарха заманында басталған. Ерте заманда ойындардың басқа атауы болған. Оны Пифийлік ойындар ретінде таныған. Бұл ежелгі ұлы бәйгелерді өз шығармаларында Плутарх, Овидий, Пиндар, Геродот, Гигин, Павсаний, Страбон, Диодор қолданған. Оны Пиф айдаһарын жеңу құрметіне Аполлонның өзі атаған. Кейіннен Аполлонның храмы орналасқан Дельфы қаласының құрметіне Пифилік ойындар Дельфилік деп аталатын болды. Сондай – ақ Аристотель мен Калисфеннің құрметіне жазылған жазбалардың арқасында тұрақты Пифилік ойындар б.э.д. 582 жылы басталғандығы белгілі болды.
VI ғасырға қарай Грецияның Қасиетті ойындары болып бірнеше жылда бір рет қайталанатын төрт мейрам танылды олар: Пифилік, Олимпиадалық, Истминдік және Немейлілік.Ал дельфиилік ойындардың Жаңа кезеңі 1994 жылы Халықаралық Дельфилік кеңес құрылған кезде басталды.19 елдің өкілдері штаб – квартирасы Берлинде орналасқан, халықаралық үкіметтік емес ұйым ашуды шешті. Әлемдік мәдениетпен елімізде біте қайнасуына, дәстүрлі түрде өткізілуіне Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың қолдауы үлкен әсер етті. Дарынды балаларды шыңдайтын дельфийлік ойындар бүгінде жас таланттардың асыға күтетін, өздерінің шығармашылық мүмкіндіктерін көрсететін байқауға айналды. 


«Дельфийлік ойындары» жобасының негізгі мақсаты:  —  Қазақстанның дарынды талантты жастарын қолдау және таныту, Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерінің негізінде жас буынның патриоттық санасын қалыптастыру және өз еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, дүние жүзінде қалыптасып келе жатқан Дельфийлік ойындар өнерінің жоғары форумы идеясын іс жүзінде дамыту, Қазақстанның мәдени құндылығын сақтау және арттыру, жастарды төзімділік рухта тәрбиелеп, басқа да елдердің мәдениетіне деген қызығушылығын арттыру болып табылады. Ол әлем елдерінің мәдениеттерін біріктіретін және дарынды жастарға өзін жетілдіруге мүмкіндік беретін айтулы іс-шаралардың бірі.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Еркін елде өскен ұрпақтың рухы әрдайым биік болуы тиіс. Жастары жалын жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса ол елдің еңсесі де биік болады» деген сөздері жастардың айнымас темірқазығы болуы керек. 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ