«Жаныма жақын жағалау»

0
1713

Бауыржан Ғұбайдуллин – аға буынға да, жас толқынға да жақсы таныс есім. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ды 1993 жылы бітірген Б. Ғұбайдуллин – бүгінде журналистика саласының майталманы. Ол қазір – Батыс Қазақстан облыстық «Орал өңірі» газетінің бас редакторы. Жақында Бауыржан ағамыздың «Жаныма жақын жағалау» атты кітабы жарық көрген еді. Бұл кітапқа автордың 25 жылдан бері жазып, жинап жүрген мақалалары енген. «Жаныма жақын жағалау» 7 бөлімнен тұрады: 1. Әуелі саясат… 2. .. енді экономика; 3. Тарихтан тәбәрік; 4. «Кеудесі жақсылардың алтын сандық…»; 5. Өмір-өзен; 6. Спорт әлеміне саяхат; 7. Таным терезесі. Бұл бөлімдердің не туралы екені атауынан-ақ түсінікті деп ойлаймын. Көріп отырғаныңыздай, аталмыш кітап өмірдің барлық саласын тегіс қамтиды. Сол себепті, «Жаныма жақын жағалау» студент журналистерді оқытуда тамаша оқулық болар еді. Бұл кітаптан болашақ журналистердің жазу-сызуда үйренері өте көп. Оқытушылар осыны ескеріп, студенттерге журналистиканың қыр-сырын үйрету үшін «Жаныма жақын жағалауды» оқыту құралы етсе, жақсы болар еді…\r\n\r\nДуман Смақов


ПІКІР ҚАЛДЫРУ