Балалар лагері өзге тілде сайрап тұр…

0
1540

       Біраз  жылдан  бері  жазғы демалыс лагерінің  тыныс-тіршілігін  зерттеп жүргенім бар. Тәуелсіз  Қазақстандағы жазғы балалар сауықтыру  орталықтарында  «мемлекеттік  тіл»   дамымай  келе жатқанын аңғардым. Әрине, барлық  лагерге күл шашып, тегіс жамандамаймын. Алайда, бар.\r\n\r\n               Қайран  ана тіл! Тәуелсіздік  алғаннан  бері  бағың  жанбай келеді-ау… Қазақтың  қара домалақтары  лагерде  орысша  сөйлеп жүр.  Тілдері  келмесе де былдырлайды. Лагерлер 100 пайыз  орыс тілінде. Бөлімше аттары, ұрандары, сәлемдесуі, ойындары, бағдарламалары бәрі-бәрі орысша. Керек  десеңіз, өзім куә болдым, қазақтың  қаракөздері  орыстың  «дельфин», «алые паруса», «сачок»  тағы басқа  әндерін  шырқап жүр. Осы  орайда, қазақ композиторларының  қазақ  балаларына  арнаған әндері жоқ па деп қаласың?! Бар! Жетіп артылады. Енді  неге  соларды пайдаланбасқа дейсің-ау…\r\n\r\n                Білім  министрлігі  осы  жазғы демалыс орталықтарының  хал-ахуалымен  таныс па екен? Таныс болса, неге  қазақшаландырмайды! Балаларымыздың  тілін  әбден сындырып  болдық- ау! Лагер  басшылары немесе  педагогикалық бөлімшелердің  мүшелері  қазақ тіліне  жаны ашымайды ма?\r\n\r\n         Қазақ  тілі  өз мемлекетімізде  қайтсе  өркендеп, кеңінен  қанат сермейді екен?!\r\n\r\n                                                                                       Елдос  ТОҚТАРБАЙ


ПІКІР ҚАЛДЫРУ