Аудитория

0
2850

        Біздің  факультет  бас ғимараттың  үшінші қабатында орналасқан. Аудиториямыз – 335.Аудиторияның  есігінде – «Әдебиет  тарихы» деген жазу бар. Яғни, әдебиет тарихы үшін арнайы жасалған кабинет. Ішінде кілең  дана шалдардың портреті қаз қатар  ілулі тұр. Шіркін-ай, біз осы аудиторияда не істемедік?! Күлдік, қуандық, қайғырдық, мұңайдық, жыладық, ұрыстық … Адам баласына тән барлық  жағдайларды жасадық. Қазір сол өткен күндердің  елесіне қарап отырып, өткеніміз үшін, шалалығымыз үшін өз-өзімізден ұяламыз.\r\n\r\n           Дана  шалдар –  ұлттың мақтаныштары. Біз бұлардай  бола алмадық. Өзекті  өртейтін өкініш осы. Біз  ұсақталып, майдаланып кеткенбіз. Бұлар – асылдар. Алмастар. Жауһарлар еді… Біз бұлардың  істегенін  істемек түгіл, сол белеске шыға алмадық. Бізді  тұрмыстық сана билеп, руханиятымыз әлсіреп, ұлттық санамыз  құлдырап, мәдениетіміз бен әдебиетіміз екінші орынға табан тіреді. Екінші  болған соң – жағдай  қайдан мәз бола қойсын!\r\n\r\n            Бұл аудиторияда  кімдер дәріс оқымады.Кілең ығай мен сығайлардың  алдын көрдік.  Бәрі шеттерінен  оқымысты. Осындайлардың  алдынан  шықтық…\r\n\r\n           Екінші  курстың  соңғы сессиясы. Емтихан.  Бұрындары  өз басым  біліміне қарап ерекше  бағалайтын  орта  бойлы келген апайымыздың  сабағы.  Сондай  білімді, зиялы адамның  бауыр еті баласындай  боп кеткен  шәкіртінен  шәй-пәйға  тиын-тебен сұрағаны  жаныма  батты. Ашықтан ашық  пара  сұрап, бағасын  сатуды  бірден айтқаны. Ұстазға  деген алатаудай  асқақ  сезімім сейіліп, ақ жарқын  көңілімнің  құтысы сынып, мең-зең болып, сасып-салбырап қалдым.\r\n\r\n          Ұстаздың  әрекеті  үшін  дана  шалдардың  портретінен  ұялдым. Бұл кісілердің  қай-қайсы болмасын жан-тәнімен ұлтқа адал қызмет етті. Адамдық  қасиеттеріне  дақ түсірмеді. Керісінше, бұлар қазақ баласының өсуіне, оқуына  жағдай жасады. \r\n\r\n          Сөз  қадірін  түсінетін  әдебиетшілер осылай  істесе басқалары қайдам?!  Басқалардан не үміт, не қайыр күтейін енді…\r\n\r\n         «Әдебиет тарихы» аудиториясындағы қабырғада ілу тұрған Мұхтар Әуезов, Бейсембай Кенжебаев, Қажым Жұмалиев, Мәлік Ғабдуллин,Есмағамбет Ысмайылов, Темірғали Нұртазин, Тұрсынбек Кәкішев, Зейнолла Қабдолов, Серік Қирабаев, Заки Ахметов, Рахманқұл Бердібай, Шериаздан Елеукенов, Сейіт Қасқабасов, Рымғали Нұрғали сияқты әдебиеттанудағы алыптар шоғырының портреттеріне қарап көңілім босап кетті. Кешіріңіздерші, аталар, біздер пенделікке салынып, бақытымызды күл-қоқыстың арасынан іздеп, Құдай Тағала берген асыл қасиеттерімізді жоғалтып алдық…\r\n\r\n                  Білімін сатқан  ұстаз сол күннен бастап-ақ  ҰСТАЗ емес…\r\n\r\nЕлдос ТОҚТАРБАЙ\r\n\r\n 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ