«Жас мамандар» байқауының марапаты бір апта ішінде жіберіледі

4
2538
«ЖАС МАМАН» І РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Елбасы Қоры ұйымдастырған байқауда «Ең үздік білім сайты» аталымының жеңімпазы Martebe.kz республикалық білім порталы ұйымдастырған мектепке дейінгі білім беру мекемелері мен мектептерде қызмет атқаратын жас мамандардың біліктілігін арттыруға бағытталған ІІ Республикалық «Жас маман» байқауын ұйымдастырған еді.

Ұйымдастырушылар байқау қорытындысын 26 ақпан күні сайтта жариялады. Онда тек жүлдегерлердің есімі жарияланды. Ақпараттың жоғарысына барлық қатысушылар марапат қағазымен марапатталады деп ерекше етіп жазған едік. Бірақ қатысушыларымыз әлі де пікір жазып, бізді жиі мазалауда.

Ұйымдастырушылар барлығын сайыс ережесі бойынша жасайды. Жұмыстар 9 қаңтардан 9 ақпанға дейін жұмыстар қабылданды. Қабылдау аяқталған соң 10 ақпанда қорытынды 26 ақпанда жарияланады деп хабарладық.

26 ақпан күні сайтта қорытынды жарияланды. Жаңалықта бір апта ішінде барлық қатысушыларға марапат қағаздары жіберіледі деп жаздық. БАРЛЫҚ ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ МАРАПАТЫ ЭЛЕКТРОНДЫ ПОЧТАСЫНА ЖІБЕРІЛЕДІ. Ал орын алған қатысушылардың сыйлықтары мен марапаттары және эссе жинағын алушылардың кітабы көп уақыт алуы мүмкін. Себебі, олар казпочта қызметі арқылы жеткізіледі.

Құрметті , жас мамандар, байқауға қатысушылар!

Бізге хабарласпас бұрын біздің ақпараттарымызды мұқият оқуларыңызды сұраймыз.

Көктемнің алғашқы күні барлығыңызға тек жақсы көңіл-күй сыйласын!

 


4 ПІКІРЛЕР

  1. Рақмет! Істеріңізге сəттілік! …Құрметті, Мəртебе.кз ұжымы, кешегі 28 ақпан — қыс көзінің ең соңғы күні, барлық ауыртпашылықтарыңызды, сәтсіздіктеріңізді, уайымдарыңызды өзімен бірге ала кетсін. БҮГІНГІ Көктемнің алғашқы күніне жандарыңыз жадырап, жүздеріңіз жайнап, көңілдеріңіз қызғалдақтай құлпырып қадам басыңыздар. Қазақ үшін жыл басы болып есептелетін берекелі де мерекелі қасиетті ай НАУРЫЗ келді. Биылғы жыл басы ырыс-құтпен басталсын, Жер Анамыздың берер ырзығы көп болсын, отауларыңыз жанға, қораларыңыз малға толсын! Шаңырақтарыңызға бақ қонып, Қыдыр дарысын! Осы көктемнің алғашқы күнімен тұспа-тұс келген Алғыс айту күнінде АСА ҚҰРМЕТПЕН БАРШАЛАРЫҢЫЗҒА МЫҢ АЛҒЫС!!! ???

  2. Осы байқауды ұйымдастырушыларға үлкен алғысымызды білдіреміз.Біздей жас мамандарға алға қарай ұмтылуға,ынталандыруға көп көмегін тигізеді.Еңбектеріңіз жана берсін,шығармашылық табыс тілеймін!

  3. Күні кеше ғана эл.почтама марапат қағазы келген еді.Ашылмай жатыр.Қайта жібере аласыздарма,мүмкіндік болса өтініш.Рахмет!

ПІКІР ҚАЛДЫРУ