Жастары аралас топ балаларымен педагогикалық үрдісті ұйымдастырудың ерекшеліктері

0
3109
Әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны

Жастары әртүрлі топтағы балалармен педагогикалық үрдісті ұйымдастырудың өзіндік ерекшеліктері мен қиындықтары бар, педагогтың барлық жастағы топ балаларына арналған бағдарламаларды білуін, бағдарлама талаптарын балалардың жеке және жас ерекшеліктерін ескере отырып жүзеге асыра білуін, әр баланы жеке және толығымен топты көре білу, түсіну және барлығына бірдей назар аудара білу қабілеттілігін, балаларды мүмкіндіктеріне сәйкес дамумен қамтамасыз етуді талап етеді.

Педагогикалық үрдісті орынды (рационалды) құру мақсатында, әр топтың нақты құрылымын анықтау қажет, 2-3 топшаларға біріктіріп, соған сәйкес оқыту – тәрбиелеу жұмысын саралап ұйымдастыру қажет. (1 қыркүйекке дейін әр аралас топтағы балалардың туған күні мен жас ерекшелігі көрсетілген тізімнің болуы ұсынылады)

Балалардың саны мен жас ерекшеліктеріне байланысты мектепке дейінгі шағын орталықтағы балаларды топтарға және топшаларға біріктіру төмендегідей болуы мүмкін:

· Үш топты шағын орталықта:

— екі топ – сәйкес жастағы балалар,

— бір топ – бір жастағы ересек балалар.

· Екі топты шағын орталықта:

1 тәсіл: екі топ балалары қатарлас жастағы – 2 және 3 жас, 4 және 5 жас.

2 тәсіл : екі топ балалары айрықша ерекшеленетін жастағы – 2 және 5 жас, 3 жас және 6 жас.

3 тәсіл: екі топ балалары біршама ерекшеленетін жастағы – 2 және 4 жас, 3 және 5 жас.

· Бір топты шағын орталықта, яғни бірнеше аралас жастағы балалар бірге тәрбиеленетін топта үш шағын таптар ұйымдастырылады:

Екі топ – жастары қатарлас балалар.

Бір топ — бірдей жастағы ересек балалар.

«Бағдарлама» негізінде көрсетілген жас ерекшеліктері бойынша топтарға біріктіруде балаларды жасына қарай топтастыруда (үш, төрт, бес…) балалардың жас ерекшеліктерін ескеру принципі қатарлас жастағы балаларды топтарға біріктіру барысында жақсы жүзеге асады. Мұндай әрбір топтағы жұмысты екі түрлі жас ерекшелікті топпен жүргізген өте маңызды. Топты екі топшаға орынды бөліп жүргізілген жұмыс әр тәрбиешінің күші жетерлік жұмыс, сонымен қатар оқыту мен тәрбиелеу үрдісінің сапасын мейлінше көтеруге әсер етеді, әсіресе ересек жастағы балалар үшін.

Шағын орталықтағы оқыту – тәрбиелеу жұмысы педагог пен күнделікті өмір тіршілігі мен балалардың өзіндік іс-әрекеттері барысында (ойын, еңбек, т.с.с.),

сонымен қатар арнайы ұйымдастырылған және барлық балалармен бірдей өтілетін сабақ барысында жүзеге асырылады. Ең алдымен тәрбиеші бәрінен бұрын әр баланың өзін жақсы сезінуіне және іс-әрекетінің қызықты да сантүрлі болуына жағдай жасайды, балаларды өзара және ересектерге дұрыс қарым-қатынаста болуғы тәрбиелейді, балалар тәжірибесі мен білімдерін нақтылайды, балалардың алған білімдерін бекітеді, дүниетанымын кеңейтеді. Сабақ барысында тәрбиеші барлық балалардың оқу әрекетін ұйымдастырады, үлкендерден алған нұсқауға сәйкес әрекет ету дағдыларын қалыптастырады, балаларды жаңа білім мен дағдыларға жоспарға сәйкес, әрі біртіндеп үйретеді, танымдық белсенділіктерін дамытады.

Шағын орталықтағы балалардың өмірі мен әр салалы әрекеттерін дұрыс ұйымдастыру, жағымды жағдай тудыру әр жастағы баланың жан-жақты дамуына ықпал етеді.

Ұйымдастырылған оқыту іс-әрекеті оқытудың маңызды бөлігі болып қана қоймай, балаларды жан-жақты дамыту құралы болып табылады, баланың әртүрлі іскерліктері мен дағдыларының қалыптасуына ықпал етеді, мектепке дайындайды. Сабақ барысында балалар қоршаған ортада болып жататын құбылыстар туралы жүйелі білім жинақтайды, еңбектенуге үйренеді, танымдық қабілеттері дамиды, адамгершілік-рухани құндылықтары дамып, артады, еңбекке қабілеттілігі шыңдалады. Ұйымдастырылған оқыту мектепке дейінгілердің қалыпты психикалық және дене дамуына жағдай жасайды.

Мектепке дейінгі мекемелердегі ұйымдастырылған оқыту іс-әрекеті мектептегі оқытудан көп ерекшеленеді.

Сабақтардың ұзақтығы балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты – кішкентайлар тобында 10 – 15 минуттан бастап ересектер тобында 25 – 30 минутқа дейін.

Аралас жастағы топ балаларымен жүргізілетін оқыту-тәрбиелеу үрдісі жастары әртүрлі балаларды оқыту ерекшеліктерін есепке ала отырып үш түрлі бағытта ұйымдастырылады:

1. Сабақты білім берудің бір бөлімі бойынша барлық балалармен өткізу, бірақ бағдарламалық мазмұны жас ерекшеліктері бойынша әр топшаларға әртүрлі (барлығы сурет салады немесе сурет бойынша әңгіме құрастырады)

2. Сабақ барлық балалармен бірге, бірақ, әр топшаларға әртүрлі білім беру бөлімі бойынша ұйымдастырылады (бір топша сурет салады, екіншісі математикамен айналысады)

3. Сабақ бір ғана жасты топшамен өткізіледі (басқа топша өз бетінше ойнайды немесе серуенге дайындалады (кіші тәрбиешімен))

Сабақты білім берудің бір бөлімі бойынша барлық балалармен өткізу әдістемесі және ұйымдастыру ерекшеліктері

Сабақты білім берудің бір бөлімі бойынша барлық балалармен өткізу жастары әртүрлі топ балаларын оқытуды ұйымдастырудың негізгі түрі және тәжірибеде кең тараған болып табылады.

Негізгі тақырыпты дұрыс анықтау өте маңызды, көзделген тақырып міндетті түрде әр жас топшаларына нақтыланады.

Көптеген сабақтар барлық балалармен бір бөлім бойынша және ортақ тақырыпта басталады (бір картина бойынша әңгімелеу және суретті қарастыру; педагог ортақ мәтінді оқиды немесе әңгімелейді; ортақ ертегі желісі бойынша сурет салу немесе мүсіндеу).

Барлық балаларды бір уақытта жұмылдыратын мұндай сабақтың мақсаттылығы әртүрлі топшалар біртектес әрекетке ұйымдастырылатындықтан айқын, және тәрбиеші жалпы нұсқау бере алады, үйретуші нұсқаулар қысқа әрі нақты болуы керек. Кей жағдайларда тәрбиеші екі-үш сөзбен алдағы сабақ туралы айтып кейін балалардың өздері суретте не салынғаны туралы әңгімелеп беруі үшін әңгіме, мәтін тыңдауды немесе сурет қарастыруды ұсынады. Бір уақытта әртүрлі топшалар балаларына арналған сабақ мақсатының өзіндік ерекшелігі көрінеді. (әсіресе ересек балаларға арналған мақсатты ерекше көрсету маңызды)

Мысалы:

· Кішкентайлар тобы – заттарды сәйкесінше атау, бейнелей, тәрбиешінің сұрақтары бойынша сурет мазмұынын айтып беру.

· Ересектер тобы – кішкентайлардың жауабын нақтылайды әрі толықтырады және тәрбиешінің көмегінсіз суретте көргендерін байланыстырып әңгімелеп береді. Бұл жағдайда ересек балалардың әңгімесі мен әрекеттері кішкентайларға өзіндік үлгі ретінде танылады.

Әртүрлі деңгейдегі тапсырмалар мен сұрақтар сабақ бойында барлық балалар белсенді болуы үшін өзара алмасып отыруы қажет, және әрине әртүрлі жастағы балаларға әртүрлі тілдік міндеттер қойылады.

Басқа сабақтарда: сурет, мүсіндеу және басқа да табысты әрекеттерде, бір уақытта түсіндірілетін тақырып, міндет және тәсілдер әрекеттерін әртүрлі жастағы балаларға олардың өзіндік ерекшеліктерін кішкентайлар тобшасынан бастап біртіндеп ашып көрсету қажет. Кішкентайлар тобына берілетін нұсқау ересек балаларға берілетін мәліметтің құрамды бөлігі болып табылады. Бұл әуел бастан барлық топшаларды белсендіруге және ересек балалардың жұмысқа кірісулерін күтіп отыруларын әлденеше азайтады. Өнімді әрекетті сабақтарда балалардың жас ерекшеліктері мен оқыту міндеттеріне байланысты ортақ тапсырманың жеңілдеуі мен күрделенуіне жағдай тудырамыз.

Мысалы: «Көктем гүлдері» тақырыбына жапсыру.

· Кішкентайлар топшасы – дайын қиылған үлгілерден бейне құрастырады.

· Ересектер топшасы – тапсырма күрделенеді – балалар гүлдерді, жапырақтарды шаршы мен төртбұрыштардан өздері қиып үйренеді, бүктелген қабат қағаздардан және бұрыштарды дөңгелектеу арқылы, сопақ пішіндерді қию дағдыларын бекітеді. Композиция құрастыра білу іскерліктерін дамытады.

Барлық балалармен бір уақытта басталатын сабақтар әр топшалар бойынша әртүрлі уақытта аяқталады. Алдымен кішкентайлар тобы балалары аяқтайды, одан кейін 5-10 минуттан соң ересек топша балалары аяқтайды.

Құрастыру сабақтарында бір құрылысты әртүрлі етіп құрастыру міндеттері қойылады:

Мысалы: барлығы көпір құрастырады.

· Кішкентайлар топшасы – үлгі ретінде педагог құрастырған көпірді құрастырады

· Ересек жастағы топша балалары – астынан ойыншық машина өтетіндей биіктікте құрастырады.

Осындай жолдармен және әр топша мен әр баланың жас ерекшелігі ескеріле отырып аралас жастағы топ балаларымен оқыту-тәрбиелеу міндеттері жүзеге асырылады.

Басқа да ҰОӘ ұйымдастыруда контрасты жастағы балалармен өткізуге болатын сабақтың екі түрі бар:

Сабақ барлық балалармен бірге, бірақ топшалар үшін әртүрлі білім бөлімдерімен ұйымдастырылады (бір топшада сурет сабағы, екінші топшада математика сабағы)

Сабақ қойылатын міндеттерге байланысты, топта 2-ден 6-жасқа дейінгі балалар болған күннің өзінде балаларды тек екі топқа бөлу арқылы өткізіледі.

Бұл жағдайда бір топшада тек қана кішкентайлар біріксе, қалғандары екінші топшаға біріктіріледі. Ереже бойынша кішкентайлар дербес ұзақ уақыт айналыса алмайтындықтан тәрбиеші сабақты солармен өткізеді, ал ересек балалармен жүргізілетін сабақтар жақсы таныс материалға және балалардың өзіндік әрекеттеріне негізделген.

Мысалы: тәрбиеші кішкентайлармен ҚМТҚ бойынша сабақ өткізіп жатады, ал ересектер бұл уақытта тәрбиешінің көмекшісі жетекшілігімен ойларынан немесе таныс ертегі тақырыбына байланысты сурет салады.

Сабақ жастары бірдей топшамен ұйымдастырылады (басқа топша өз бетінше ойнайды немесе серуенге дайындалады)

Мұндай сабақтар күн тәртібінде оқуға бөлінген уақыттарды өткізіледі, кейде бұл сабақтар (дидактикалық ойын, бақылау, көркем әдебиет оқу түрінде және т.с.с.) балалардың өз бетінще әрекет ету уақытында да ұйымдастырылуына болады. Сабақтан бос балалар ұзақ уақыт педагогтың назарынан тыс қалып қоймас үшін, бір ғана топшамен өткізілетін сабақтар ұзақ болмауы тиіс. Бұл топтың аз ғана бөлігі айналысып жатқанда әбден мүмкін және тәрбиеші бағдарламалық міндеттерді қысқа уақытта әрі мейлінше нәтижелі жеке жол таба білуімен жүзеге асыруына мүмкіндік туындайды.

Жастары әртүрлі топтағы кішкентайлар дағдыларды өте тез меңгеретінін, ал ересек жастағылар өте елгезек, қайырымды, бауырмал болып өсетінін көп жылғы бақылау дәлелдеді. Мектепке дейінгі мекемеге алғаш келген бала ұйымдасқан түрдегі ұжымға түсетіндіктен, осы кездегі тәрбиешінің таянышы болып кеткен басқа ересек балаларға еліктеп оның ережелеріне жеңіл үйренеді.

Бірақ, бұның бәрі өз-өзінен іске аспайды, бұл тәрбиешінің күнделікті тынымсыз еңбегінің, балалардың өмірі мен өзіндік әрекеттерін дұрыс ұйымдастыруының нәтижесі.

Балалардың өмірі мен әртүрлі белсенді әрекеттерін ұйымдастыруда тәрбиеші алдымен әр баланың денсаулығын сақтау және нығайтудың, оның толыққұнды дене дамуының, сергек, жарқын көңіл –күйде болуының қамын ойлау қажет.

 

Алпысбай Аққу Рымтайқызы

КММ №88 ЖББОМ жанындағы шағын орталық әдіскері, педагог-психолог


ПІКІР ҚАЛДЫРУ