«Жеңіскерлер- ер елдің өрендері» атты салтанатты жиыны

0
1358
ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

«Жеңіскерлер- ер елдің өрендері»  

Мақсаты:

1.Ұлы Отан соғысы туралы, оған қатысқан қазақстандықтардың ерен ерліктері туралы және Қазақстан Республикасының  Қарулы Күштерінің құрылған  күні туралы мәліметтермен таныстыру

2.Қазақстандық патриотизм сезіміне тәрбиелеу, Отанымыздың тарихына қызығушылықтарын арттыру, достық, ынтымақтастық, жауапкершілік сезімдерін ұялату.

Барысы:

I-бөлім  — «Жеңіс туы желбіресін мәңгілік»

«День Победы» әнінің әуенімен екі жүргізуші шығады.

1-жүргізуші:

70жыл бейбіт көктем таң атқалы,

70 жыл шуақты күн таратты әнін.

70 жыл көктемде содан бері

Ашылды Жеңіс күні парақтары.

«Жеңіс туы желбіресін мәңгілік» атты салтанатты жиналысымызды ашық деп жариялаймыз!

1-жүргізуші:

Осыдан 72 жыл бұрын бүкіл әлемді дүр сілкіндерген соғыс атты сойқан басталды.

Неміс фашистері КСРО-ға басқыншылық шабуылын жасады. Ер азаматтар қолдарына қару алып майданға  аттанса, қарттар, әйелдер, балалар күн,түн демей еңбектенді.

2-жүргізуші:

В этом году 9 мая исполняется  68  лет  со дня победы над фашистской  Германией. Все дальше уходят в прошлое  героические годы Великой Отечественной  войны, но в памяти человеческой никогда не померкнет подвиг народа, спасшего мир от фашисткого рабства.

1-жүргізуші:

Осындай қиыншылықпен төрт жылға созылған соғыста еліміз жауды ойсырата жеңіп, Берлиндегі Рейхстагқа  жеңіс туын тікті. Бұл 1945 жылдың 9-мамыры еді.

Халқымыз отан үшін от кешіп, елдік пен ерлік сынға түскен сәтте қас қақпай өмірлерін құрбан еткен батыр ұл-қыздарын қастерлеп, қадір тұтады.

 2-жүргізуші:

Великая Отечественная- всенародная  война.

Острым беспощадным клинком она поразила каждую семью, оставив незаживающие физические и душевные раны-потерю родных, близких, любимых; болезни от ранений,  рабского  труда в Германии,   о жутких лишений и унижений  в концлагерях;  воспоминания об обездоленном голодном детстве… Но сохранилось, не утратило своей силы и эмоционального накала,  удивительное,

трепетное чувство всеобщего ликования- празднования Дня Победы над поверженным грозным и ненавистным врагом, чувство гордости за родное Отечество!

1-жүргізуші: 

  Соғыс өтті жалмап талай өмірді,

Қаншама қан еш жазықсыз төгілді.

Соғыс аты естілгенде құлаққа

Елестетер  қара тажал өлімді.

Келді  міне,күндей жайнап гүл көктем,

Самал желі шашты тарап.бетті өпкен.

Ұмытуға қақымыз жоқ оларды,

Олар біздің бақыт үшін қан төккен.

2-жүргізуші:

 Бейнеролик

«Ұлы Отан соғысы туралы» — тарихи анықтама  Есен А.С. (слайд)

 1-жүргізуші:

Жеңіс жырын айтсын бүгін тіл-көмей,

Абзал досым, мүгедекті жүр демей.

Ел дегенде еңіреп туған ерлерді

Еске алайық бір сәт тұрып үндемей!

 2-жүргізуші:

Если за каждого  погибшего во второй мировой войне человека объявить минуту молчания, мир молчал бы пятьдесят лет.

1-жүргізуші:

 Адамзаттың бейбіт дамуының , тұрмыс -тіршіліктің рахатына кенелуінің бақыты үшін миллиондаған адам жанын пида етті, қане барлығымыз Ұлы Отан соғысында құрбан болған жандарды 1 минут үнсіздікпен еске алайық.

2-жүргізуші:

Объявляется минута молчания.

1 минут үнсіздік.

 1-жүргізуші: Рахмет, отыруға рұқсат!

Монтаж.

1-студент:

Жеңіс бізге оңайлықпен келмеді,

Ер азамат бәрі кетті елдегі.

Соғыс деген-зұлымдардың зорлығы,

Соғыс деген-фашистердің ермегі.

Қанға бояп тіршіліктің тынысын,

Қанішердің , соғыс, нағыз жырысың.

Талай жастың жанын қиғын жазықсыз

Бүйткен сенің атаң-даңқын құрысын!

2-студент:

Поклонимся великим тем годам,

Тем славным командирам и бойцам,

И маршалам страны, и рядовым,

Поклонимся и мертвым, и живым —

Всем тем, которых забывать нельзя,

Помолимся,поклонимся, друзья…

3-студент:

1941 жылдың маусымы,

Күндердің аса қиыны.

Тарқатып елдің базарын,

Соқты да соғыс құйыны.

Орманы көкпен таласқан,

Өксіді өмір адасқан.

Қан –жоса боп қара жер,

Қақырап түсті көк аспан.

 4-студент:

Ветер прошлым пахнул,

Дни войны воскресил.

Память! Встань в караул

У священных могил.

Дай весенним цветам

Краски взять у зари

И к бессмертным холмам

Ты тропу протори.

Равнодушных затронь,

За собой поведи.

Бьется вечный огонь

У бессмертья в груди.

5-студент:

Қиылды

Қанаты тәтті арманның ,

Үзілді қайырмасы бақтарда әннің,

Әлемде ең сұмдық күн ана үшін —

Майданға азаматтар аттанған күн.

Бұлт басты,

Ашық сәні қашты аспанның,

Жоғалсын заты бұлай бас қосқанның.

Анаға ең ауыр күн тіршілікте-

Боздап кеп,

Боздағымен қоштасқан күн.

6-студент:

Вспоминают наши деды

Про былые времена.

Надевают в честь Победы

Боевые ордена.

Встань сегодня утром рано,

Выйди в  город-погляди,

Как шагают ветераны

С орденами на груди.

7- студент:

Тыныштық болсын әлемде,

Тартпасын халық қайғы-шер!

Тіршілік болсын жердегі,

Көрмесін енді жамандық.

Кенеттен естіп үрейлі үн,

Қалмасын көңіл абыржып,

Шарпымай оты дүлейдің,

Табиғат тұрсын тамылжып.

1-жүргізуші:

Әлия, Маншүк қайсар қызы қазақтың,

Ерлігіне таңданамен ғажап тым,-деп ақындарымыз жырлағандай,ер етігімен су кешіп,ат ауыздығымен су ішкен заманда  ерлермен бірге қару алып соғысқа аттанған батыр  қыздарымыз –Әлия Молдағұлова мен Маншүк Маметованың ерлігіне арнамақпыз.

Олардың есімі-біз үшін өнеге,біз үшін мақтанышпен айталатын, тарихта алтын әріптермен жазылған есімдер.

Әлия:

Біз сендердей жаңа ашылған  гүл едік.

Жерге бақыт, елге бақыт тіледік.

Отан ана отқа күйіп жатқанда

Біздер ме едік үй бағатын тірі өлік.

Маншүк:

Отан ана жылағанда шерленіп,

Тапжылмаған шөгеді екен жерге бұлт.

Қара бұлтты қақ жарайық дедік те,

Қолымызға қару алдық ерленіп.

Екі батыр бірге:

Жетсек деген арманымыз көп еді,

Айтылған жоқ махабаттың өлеңі.

Бізді туған күнімізбен құттықтап,

Ешкім бізге жыр ұсынған жоқ еді.

Бірақ ерте, тым ертерек жандық біз,

Жанарлардан мөлдір жас боп тамдық біз.

Жанымызды құрбан еттік осылай,

Біздей ерте солмау үшін барлық қыз.

1-жүргізуші:

С.Байтерековтың  әніне жазылған «Әлия» әні орындайтын Туралиева Айтолқын.

1-жүргізуші:

Көркем сөз. Куляш Ахметова «Соғыстан кейін тусамда» оқитын 1эко1 тобы студенті Айдынбаева Мақпал 

1-жүргізуші:

Ардагер ағалар еске алар өткендерді,

Өмір үшін өртеніп кеткендерді.

Ал бүгін мақтан етер ұрпақтары

Жеңіс алып еліне жеткендерді-деп кешіміздің  2- бөлімін Қазақстан Қарулы Күштерінің құрылған күні мерекесіне арнаймыз.  «Жарқырап жанған жұлдызын, жалғаймын жолын Ағаның»  дегендей бұл бөлімде Отан алдындағы әскери борышын абыроймен қорғаған, қорғап жүрген ұландарымызды  ұлықтаймыз.

2 жүргізуші:

С первых дней своего существования наша Республика, решая важные проблемы общества и государства на всех уровнях, выступает за укрепление мира и безопасности. Растут и крепнут вооруженные силы и национальная гвардия нашей Республики. Молодежь приняла эстафету от ветеранов.

1-жүргізуші:

Қазір біздің шекарамыз берік қолда. Оны қас қақпай күзетіп тұрған кешегі Жеңіс солдаттарының немерелері, шөберелері.

Олар да аталарындай жігерлі, әкелеріндей өжет. Отанымыздың шырқын бұзғысы келетін қай жауға болса да тойтарыс бере алады. Ендігі кезекті әнге берейік. Қостанаева Мөлдір мен Ерболат Аманжанның  орындауында «Сарбаздар» әні. 

1 жүргізуші:

Жауға  басын имеген,

Жауыздықты сүймеген

Ісіңе ,Аға, еліктеп,

Ерлігіңді үйренем.

Ұландар, тізіл сапқа тұр!

Бастайық енді ойынды.

Болу үшін нақ батыр

Жаттығу аса қажетті.

Осы кезде әскери ойындар көрсетіледі.

1 жүргізуші:

Поздравительное слово предоставляется заместителю директора по учебной работе Амангалиевой Жумаганым Насибулловне.

2 жүргізуші:

Бүгінгі  мерекелік шарамызды Сағын Рахметолланың орындауында «Қазақ жігіттері» әнімен аяқтаймыз. Назар аударып, тыңдағандарыңызға рахмет!

Басқа материалдар

ПІКІР ҚАЛДЫРУ